Жеміс-жидек өсімдіктерінің топырақ үстілік бөлігінің морфологиясы және өсу-даму мен жеміс салу заңдылықтары



Жоспар

I Кіріспе
Топырақ үстілік бөлігінің морфологиясы.
II Негізгі бөлім
а) Гүлдер мен гүл шоғырлары.
б) Тамыр жүйесі ,өсу, даму және жеміс салу
заңдылықтары
III Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жеміс-жидек өсімдіктерінің барлығында негізгі үш өсінді мүше бар: тамыр, сабақ
және жапырақ. Өсімдіктің басқа бөліктері – бүршіктері, гүлдері, жемістері және тағы
басқалары негізгі мүшелердің түр өзгерістері болып саналады. Жеміс және жидек
өсімдіктерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыстары өздерінің атқаратын іс-
әрекеттерімен, соншалық жекелеген тұқымдықтар мен сұрыптардың өсу және жеміс салу
ерекшеліктерімен тығыз байланыста. Жеміс және жидек өсімдіктерінің мүшелерінің
морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін зерделеу, олардың іс-әрекеттерінің
көп жақтарын білуге мүмкіндік береді және отырғыларды күтіп-баптаудың
агротехникалық кешенді шараларын дайындауды ғылыми негіздеуге негіз бола алады.
Топырақ үстілік бөлігі
Жеміс-жидек өсімдіктері топырақ үстілік бөлігінің морфологиялық құрылысы, оның
көлемі, ұзақ өміршеңдігі және т.б. белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді
Топ Тұқымдықтар Өсу ерекшелігі
Ағаштәрізділер Грек жаңғағы, пекан, Өте биік және діңді
талшын, және т.т. жуан ағаш
Бұта тәрізділер Анар, орман Өміршеңдігі ұзақ
жаңғағы т.б. емес
Бұталы өсімдіктер Таңқурай, қарақат, Әдетте тез
қарлыға жемістенгіш
Шырмауықтылар Жүзім, лимондық, Көп жылдық ағаш
актинидия тәрізді өсімдіктер
Көп жылдық Бүлдірген, құлпынай, Өте тез піскіштігімен
шөптесін өсімдіктер мүк жидек және т.б. және қысқа
өміршеңдігімен
ерекше
Ағаштың топырақ
үстілік бөлігі

Дің Бөрікбас
Дің – ағаштың ең дамыған, бірінші реттегі
бұтақтардың тарайтын, негізгі бөлігі. Дің үш
бөліктен: сүңгектен (сидамнан), орталық
жетекшіден (өткізгіштен) және жалғастырғыш
өркендерден тұрады.

Сүңгек – тамыр мойнынан төменгі бірінші қаңқалы
бұтақтануына дейінгі діңнің бөлігі.
Тамыр мойыны – ағаштың топырақ астылық бөлігі
мен топырақ үстілік бөлігінің арасындағы өту аймағы.
Тамыр мойыны сабақ пен тамырлардың түстері, сондай-
ақ жоғарғы бүйірлік тамырлардың таралу орны бойынша
жеңіл ажыратылады. Жалғыз тамыр мойынды өсімдіктер
(алманың, алмұрттың, өріктің және т.т. тұқымдық
телітушіге телінгендері) тереңдетіп отырғызуға
шыдамайды; егер тамыр мойыны топырақ деңгейінен 10-
15 см терең болса, олар нашар өседі немесе опат болады.

Бөрікбас – діңдегі барлық бұтақтардың жиынтығы.
Бұтақтану орталық жетекшіден басталатындықтан, оны
нөлдік реттегі бұтақтануы деп санайды. Орталық
жетекшіден тарайтын бұтақтарды бірінші реттегі
бұтақтар, бірінші реттегі бұтақтардың бүйірлік
тарамдарын – екінші реттің бұтақтары және т.т. деп
атайды. Ересек (жетілген) ағаштарда 7-8, кейде одан да
көп реттегі тармақтанулар (бұтақтанулар) болуы мүмкін.
Өркен деп діңнің (сабақтың) жасы бір өсінді
кезеңінен артық емес бөлігін айтады. Өркен сабақтық
бөліктен, бүршіктерден және жапырақтардан тұрады.
Өркенде буын және буынаралығы болады.
Жапырақтары түскен, яғни өткен жылғы өскен
өркенді, бұтақ дейді.

Буын деп сабақтың бүйірлік жаңа пайда
болатындармен (бүршіктер, жапырақтар және т.б.)
байланысты бөлігін айтса, екі буынның арасындағы
сабақ бөлігін буынаралық дейді. Буынаралықтар ұзын
– бірнеше сантиметрге дейін, қысқа – бірнеше
миллиметрге және өте қысқа - әзер байқалатындар
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Шепетков Жеміс және көкөніс шаруашылығы оқулық .
Алматы ,2014
2. Суреттер google интернет желісінен алынды.
3. Журавлев И.И. Болезни цветочных культур-Ленинград:
изд. Ленинградского университета, 1973.

Ұқсас жұмыстар
Жеміс өсімдіктерінің вегетативтік көбеюі және телітушілер
Қазақстандағы жеміс-жидек өндірісі: өсіру әдістері мен дақылдары
Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық және өндірістік сипаттамалары
Жеміс-жидек мармеладтарының технологиясы, сапа талаптары және сақтау шарттары
Жидек, жеміс ағаштары және жүзім аурулары: патогендер, симптомдар және алдын алу
Қазақстандағы жеміс-жидек дақылдарының зиянкестері мен оларға қарсы күрес шаралары
Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестері мен оларға қарсы күресу шаралары (Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы)
Шарап өндірісіндегі жүзім және жеміс-жидек шикізатын өңдеудің технологиялық негіздері
Көкөністер, жеміс-жидек дақылдары және бөлме өсімдіктерін өсіру мен көбейту: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Жеміс-жидек және өсімдік сығындылары: түрлері, өндіру технологиясы және тағамдық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz