Тыңайтқыштардың химиялық құрамы




Презентация қосу
Органикалық тыңайтқыштар
Жоспар:

•Тыңайтқыштар туралы түсінік
• Тыңайтқыштардың түрлері
• Органикалық тыңайтқыштар
• Тыңайтқыштардың химиялық құрамы
• Қорытынды
Тыңайтқыштар —
құрамында қоректік
элементтер болатын
заттар. Өсімдіктердің
толық өсіп-жетілуіне
қажет элементті
қоректік элемент дейді.
Өсімдіктердің өсіп,
өнім беруі үшін қажет
қоректік элементтердің
маңызы ерекше.
Органикалық
тыңайтқыштар – жануарлар
мен өсімдіктер
қалдықтарының органикалық
қосылыстары түрінде
кездесетін қоректік заттар.
Органикалық тыңайтқыштар
бұдан 3 мың жылдай
бұрын Қытаймен Жапонияда
қолданыла бастаған.
Бұрынғы КСРО
аумағында 14 – 15
ғасырлардан бастап ауыл
шаруашылығы
дақылдарының өнімділігін
арттыратын құрал ретінде
кеңінен таралған
Көң – өте құнарлы
органикалық тыңайтқыш. Ол
мал астына
төселген сабан (не сабансыз)
және
жас қи мен несептің қоспасы.
Көңнің құрамы мен
тыңайтқыштық қасиеті
жануарлардың
түріне, жемнің және мал
астына төселген сабанның не
шөптің сапасына, алу және
сақтау тәсілдеріне
байланысты болады. Орташа
есеппен жануарлар жейтін
жемнің құрамындағы
40% органикалық заттары, 50
– 70% азоты, 80%-ы фосфор,
90% калий көңге айналады.
Шымтезек (нем. Torf) –
батпақ жерлерде толық
ыдырамаған өсімдік
қалдықтарынан түзілетін
жанғыш, пайдалы
қазбалар. Құрамының 50–
60 %-ы көміртек. Меншікті
жану жылуы 24 МДж/кг.
Ш-тің әлемдік қоры
шамамен 500 млрд. т
Гумус, қара шірінді
– топырақ құрамындағы шіріп
ыдыраған қара қоңыр түсті
органикалық заттар;
Табиғат аймақтарында тіршілік
ететін өсімдіктер мен
жануарлар қалдықтарының
хим. құрамы әр түрлі болуына
байланысты топырақтағы
Гумустың құрамы да әр түрлі
келеді. Топырақ түзілуде
Гумустың алатын орны ерекше.
Ол өсімдіктер үшін қоректік
заттар көзі ғана емес, топырақ
құрылымын жақсартып, оның
құнарлылығын арттырады.
Сондықтан егіншілікте
қолданылатын барлық шаралар
топырақтағы Гумус қорының
артуына бағытталған.
Сабан мен пішен

Бұл тыңайтқыштарға қалаған кезде қол жеткізу бақшашылар
үшін соншалық қиын болмаса да, оның құндылықтары
туралы көп жағдайда ұмытып кетеді. Сабан мен пішен
әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие, мысалы олардың бірі ретінде
суды сіңіру мен ұстап тұру қасиетін айтсақ болады. Сабанның
бір бөлігі судың үш бөлігін сіңіре алады. Микроағзалардың
өсімдік қалдықтарын, әсіресе сабанды қайта өңдеуі кезінде
өсімдіктерге ауруларға қарсы төзімділік қасиет беретін ерекше
зат экотол өңделініп шығады. Сабанды топыраққа себуден
бұрын оны дұрыс дайындау қажет.
Түбі жоқ ағаш жәшікке бір қап сабан
салып, оған 8 литр несеп ерітіндісін
құяды. Осылайша үш қапты жинап
салады. Басқа ерітінді үшін шамамен
1 кг. шіріп тұрған көңді немесе
алады да 10 литр сумен араластырып,
дайын болған ерітіндіні сабан
салынған жәшікке толғанша құяды.
Бұл субстратты микроағзалармен
тезірек толтырып, оның қозғалу
механизмін жылдамырақ жүзеге
асыру үшін керек.
Бұл операция әдетте қыркүйек
айында жасалынады да, сабан осы
түрінде қысқа қалады. Бір жылдан
кейін сабан толығымен шіриді.
Алынған субстрат арасында
жартылай шіріген сабан қалдықтары
бар, борпылдақ, қара-қоңыр түсті
болады. Көктемде оны барлық
өсімдіктерді отырғызу кезінде
компост сияқты қолданады.
Ағаш үгінділері.

Көптеген бақшашылар ағаш үгінділеріне айтарлықтай мән бермейді,
немесе оны дұрыс қолданбайды. Көп жағдайда бақшашының өсімдік
түбіне жас ағаш үгіндісін көп мөлшерде сеуіп, одан мол өнім күтетінін
байқауға болады. Нәтижесі – қураған, сарғайған өнім. Ағаш үгінділері
шіру кезінде азотты көп мөлшерде сіңіреді. Негізінен, шіри бастаған ағаш
үгіндісін пайдаланған дұрыс. Олардың әр қапшығын азотты тыңайтқыш
қоспасымен кезек-кезек араластыра отырып, бір үйме қылып жинайды.
Қоспаны құстардың көңімен араластыруға да болады. Ағаш үгінділерін
компостпен араластырудың қажеті жоқ, себебі олар 2-3 жылға дейін
шірімей қоюы мүмкін. Қара шірікке айналған ағаш үгінділерін
таңқурайдың, қарақаттың, қарлығанның түбіне (қалыңдығын5 см етіп)
пайдаланады. Нәтижесінде олардың маңына утаспа мен қияқ сияқты
арамшөптер өспейтін болады.
Жапырақтар.

Көптеген тәжірибелі бақшашылар жеміс ағаштары мен
бұталарынан түскен жапырақтарды жинауға болмайтынын
айтады. Бұл дұрыс. Бірақ қар астында қалған жеміс
ағаштарының жапырақтарында зиянды жәндіктер қыстайды,
сондықтан да жапырақтарды жинап алып, өртемей, керісінше
шірінді түрінде басқа өсімдіктер үшін қолданған дұрыс.
Жиналған жапырақтарды бір төбе қылып үйеді де, оның үстіне
құстардың көңінен дайындалған ерітіндінің (1:15) 30-40 литрін
құяды. Тыңайтқышты күздің жаңбырлары шайып кетеді деп
үрейленуге болмайды, себебі, біріншіден, жапырақтың бір
бөлігі судың бес бөлігін ұстай алады, ал екіншіден оның көлемі
көп болғандықтан су күз соңынан бастап қыстың басына дейін
барлық үйіндіні жерге дейін шайып кетуі мүмкін емес. Ал
көктемгі су тасқыны тек тыңайтқышты жапырақтар үймесіне
теңдей бөледі.
Азот жетіспеген өсімдік
Фосфор жетіспеген өсімдік
Калий жетіспеген өсімдік
Казіргі таңда көптеген бақшашылар минералды
тыңайтқыштардан бас тартып немесе оларды қолдануды
азайтып, органикалық жер игеруге көшуге тырысуда. Мұндағы
басты мақсат – ақшаны үнемдеумен қатар, экологиялық таза
өнім алу.

Ұқсас жұмыстар
Фосфор элементінің реттік номері
Минералды тыңайтқыштар өндірісі
Өсімдіктің химиялық құрамы
КОМПЛЕКСТІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Өсімдіктердің минералды қоректенуі
Тыңайтқыштар - құрамында қоректік элементтер болатын заттар
Азотты тыңайтқыштар
Агрономиялық зерттеуде радиоактивті изотоптарды қолдану
АЗОТТЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ
Органикалық тыңайтқыш
Пәндер