Қауын (Cucumis melo) және Қазақстандағы сорттарының сипаттамасы мен анықтау белгілері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Сөж

ТАҚЫРЫБЫ: Қауын және оның сорттарына сипаттама

Орындаған: САдуакасова а. К

Тексерген: жилкыбаева с. д

Семей 2017

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

*Қауынға қысқаша сипаттама

*Қауынның Қазақстанда таралған сорттары

*Сорттарды анықтау белгілері

Slide 3

Қауын (Cucumіs melo) - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі. Тамыр жүйесі күшті дамыған, жан жағына 2, 5-2 м тарамдалады, топыраққа 40-50 см ал кейбір тамырлары 2, 5-3 м дейін бойлайды. Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі - көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4, 5 - 18% қант, 0, 6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады.

Slide 4

Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Колхозница 749/753, Алена, Комсомолка 142, Сары-каун 31, Ич-кызыл 1895, Іле, Ашық сары, Бұхара-944, Қалайсан.

Slide 5

Колхозница 749/753. Қысқа өркенді өсімдік. Өскін пайда болғаннан гүлденуге дейін 30-35 тәулік, аналық гүлдің гүлденуінен жемістің пісуіне дейін - 50-55 тәулік. Өсінді кезеңі 90-95 тәулік. Алғашқы жатындары екінші реттік бұтақтардың 8-9 жапырақтарының қолтығында пайда болады. Жемістері домалақ, ұсақ, 0, 3-0, 6 кг, сары, ашық-сары. Мәйегі жұқа, ақ, тығыз, қанттылығы жоғары. Қазақстанның солтүстігіндде танапта жемістерінің жартысынан азы пісіп үлгереді.

Slide 6

Алена. Алматы облысының Іле кешенді сұрып телімінде шығарылған. Ерте піседі (70-75 күн) . Орташа қуатты 1, 5-1, 8 м өсімдік. Жемісі домалақ, тегіс немесе сәл шеңберкескінділенген. Тор көзі ұсақ, жеміс сағағына жақынырақ қоюлау. Аясы (фоны) - сарғылт-жасыл, оюлы (суреті) - орташа енді сарғылт-жасыл таспа. Қабығының қалыңдығы орташа, мәйегі ақ, нәзік, тәтті. Жемісінің орташа массасы 1, 5 кг. Дәмдік құндылығы - 4, 5-4, 8 ұпай. Жалпы қанттылығы - 12, 2%. Өнімділігі 150-170 ц/га. Ашық жерде пленкалы жабындарды қолданып және көштпен өсіруге ұсынылады.

Slide 7

Сары-каун. Ерте пісетін бақшалық сұрып. Тұқымдары сопақ, сары түсті. Мәйегі ақ түсті, нәзік, тәтті, алмұрт дәмді. Мекені Тәжік ССР-ы, Түркмен ССР-ы, Қазақ ССР-ның оңтүстігінде.

Slide 8

Комсомолка 142. Орташа мерзімде пісетін бақшалық сұрып. Тұқымдары домалақ келген, шеңберкескінділенген (сегменттелген) . Піскен өнімнің түсі сары, орташа тілімделген жолақтар түрінде болады. Мәйегі ақ түсті, тәтті, нәзік, кішкене жағымды иісі бар

Slide 9

Ич-кызыл 1895. Орташа мерзімде пісетін бақшалық сұрып. Орын ауыстыруға және консервілеуге бейімделген. Тұқымдары үлкен емес, сопақ, сарғылт-жасыл, мәйегі тәтті. Мекені Қазақ ССР-ның Жамбыл облысы және Қырғыз ССР-ы.

Slide 10

Пайдаланылған әдебитеттер:

Н. Г. Щепетков, М. Ә. Ысқақов “Жеміс-көкөніс шаруашылығы’’, ‘’’Районированные сорта”


Ұқсас жұмыстар
Қауын: өсіру технологиясы, морфологиясы және сорттары
Қарбыздың өсіп-дамуы, агротехникасы және сорттарының сипаттамасы
Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina): зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау және күресу шаралары
Қазақстандағы жаздық бидай сорттарының аудандастырылуы мен таралуы: өнімдік және сапалық бағалау
Зертханалық сабақ №5-6: жидек дақылдарының болашағы мол сорттарының сипаттамасы
Кептірілген жемістер мен қауын: өңдеу технологиясы және денсаулыққа әсері
Ашытқыларды бөліп алу және идентификациялау: микробиологиялық әдістер мен анықтау белгілері
Қазақстандағы жемқорлық: анықтамасы, белгілері және халықаралық бағалауы
Қауын өсіру технологиясы: егісті күту, тыңайтқыштарды енгізу және суару режимдері
Тәжірибе 6. Бақша дақылдарының маңызы және қарбыз, қауын, асқабақтың өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz