ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ




Презентация қосу
ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЖОЛДАРЫ

Орындаған: Шахан М.Б.
МАЗМҰНЫ:

Оқыту технологиясы туралы түсінік
Оқыту технологиясының басты ерекшеліктері және оның түрлері
Ақпараттық оқыту технологиясын қарастыру
Дамыта оқыту және деңгейлеп оқыту технологогияларын зерттеу
Проблемалы оқыту технологиясын сараптау
Ойын технологиясы арқылы оқыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын талдау
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезеңде «педагогикалық технология» – оқытушының
практикалық қызметінде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасы.
Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары, жаңа технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерін
қарастыру процесі жүріп жатыр.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,
нәтижелерін беруде. Сондықтан оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын зерттеу әрі қолдану
– қазақ тілін оқыту әдістемесінің де еншісіндегі басты мәселелердің бірі.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі,
күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі,
білім ұсынудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға икемді келуі.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, оқыту
технологиясының жаңа өзіндік нұсқалары жасалған. Осы оқыту технологиясының барлығы білім
беру сапасын арттыруға, оқушы санасына оқыту материалдарын жеткізуге және сіңіруге зор әсер
етеді.
Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің мазмұны, мақсатты өзгеруі,
мемлекеттегі кез келген өзгеріске қарай білім беру сапасы да жетіле түседі. Осының негізінде біз
білім саласында оқытудың бірнеше технологиясын қолдануымызға мүмкіндік бар.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете
білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы
Курстық жұмыстың мақсаты – оқыту технологиясының басты сипаттамасын
қарастыра отырып, қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері мен
оның беліглеріне тоқталу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
оқыту технологиясы туралы түсінік беру;
оқыту технологиясының басты ерекшеліктері және оның түрлеріне тоқталу;
ақпараттық оқыту технологиясын қарастыру;
дамыта оқыту және деңгейлеп оқыту технологогияларын зерттеу;
проблемалы оқыту технологиясын сараптау;
ойын технологиясы арқылы оқытуға тоқталу;
сын тұрғысынан ойлау технологиясын талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, бір бөлімнен,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық әдіс, бақылау әдісі, түсіндіру әдісі,
зерттеу әдісі.
Оқыту технологиясы туралы түсінік
Педагогикалық технология — оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы;
Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру
мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда.
Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану
тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен
шектелуі сипат алуда. Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес,
көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады.
Оқыту технологиясы өзіне өзара байланысты екі процестен – оқушының қызметін
ұйымдастыру мен оқытушының осы қызметті бақылаунан тұратын оқыту процесін баскаруды
көздейді.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу
технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске
асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден
мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Оқыту технологиясының түрлері және оның
басты ерекшеліктері
Ақпараттық
оқыту
технологиясы
Сын
тұрғысынан Дамыта оқыту
ойлау технологиясы
технологиясы

Педагогикалық
технологиялар

Проблемалы Деңгейлеп
оқыту оқыту
технологиясы технологиясы

Ойын
технологиясы
Ақпараттық оқыту технологиясы
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық
ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа
қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға
мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа
әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де
арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті
мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал
энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді
танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің
қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Дамыта оқыту технологиясы
• Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивті жолмен
емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты «теориялық» іс-
әрекеті арқылы берілетін болды.
• «Жақын даму аймағы» көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту
мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында
жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
• Өзекті даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал
ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы.
• Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға
ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен
табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын даму аймағы» бар,
онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды (Л.В.Занков жүйесі).
• Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім
баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы
«тәртіп» ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-
бірімен әзілдеседі.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық,
психологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В.
Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К. Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б.
ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.
Ж.А.Қараевтың «деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының» негізгі
идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны
өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім
қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып
табылады.

Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай
алатындығында.
Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін
өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге
және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық-іздену түрдегі заңдылықтар шығару
қорытынды жұмыстары.
Проблемалы оқыту технологиясы

Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің
жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып,
оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады,
осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби
білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау
қабілеттерін дамытады.
Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным
обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін
айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды.
Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру
кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім
проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды
бағыттайды. Соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
Ойын технологиясы арқылы оқыту
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын –
айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,
ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік,
танымдық мақсаты зор.
Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың
ортасында – көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа
ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту,
сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп
өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге
қызығушылығын арттыруға болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз
ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап,
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп,
дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушының еркін сөйлеуіне,
пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу
жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған
технология.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты – барлық жастағы
оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым,
екі пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың
танымдық белсенділігін арттырады, өз бетінше білім aлады,
шығармашылығын қалыптастырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Еңбегіңнің нәтижесін көргің келсе, шығармашылығың мен талабыңды өсір» деп
Ж.Баласағұн айтқандай, қазақ тілі сабақтары да жаңа технологияны, көптеген
ізденістерді керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытудағы ең басты мәселелердің бірі – сабақта
әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Жетістіктерге
жету үшін, ең алдымен, оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой, еңбек
дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет.
Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің мазмұны, мақсатты
өзгеруі, мемлекеттегі кез келген өзгеріске қарай білім беру сапасы да жетіле түседі.
Осының негізінде біз білім саласында оқытудың бірнеше технологиясын қолдануымызға
мүмкіндік бар.
«Айтсаң – ұмытамын, көрсетсең – есте сақтаймын, қызықтырсаң – есте сақтаймын»
деген қағидаға сүйене отырып, білім беру жолында жоғарыда аталған педагогикалық
технологиялардың барлығы да тиімді дер едім.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
Сай болуға Педагогикалық этика
Ақпараттық комуникациялық технология
Инновациялық технологиялар түрлері
Ақпараттық технологиялардың пайдасы
Ақпараттандыру бағдарламасы
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ ИНСТИТУТЫ
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - ЗАМАНАУИ ҚАЖЕТТІЛІК
Заманауи оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Пәндер