КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР


Slide 1

Әдебиет сабақтарында қолданылатын заманауи көрнекіліктер мен техникалық құралдар

Орындаған: Шахан М. Б.

Slide 2

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

Көрнекіліктер мен техникалық құралдар туралы жалпы түсінік

Көрнекіліктер мен техникалық құралдарды сабақта қолдану жолдары

Көрнекіліктер мен техникалық құралдардың тиімділігін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе.

Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі - сабақтың формалары мен құрылымын дамыту, оқытуддың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын-ала жоспарлап алу қажет. Сондықтан әдебиет сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Курстық жұмыстың мақсаты - Әдебиет сабақтарында қолданылатын заманауи көрнекіліктер мен техникалық құралдарды қарастыра отырып, олардың тиімділіктерін талдау.

Slide 4

Курстық жұмыстың міндеті:

- көрнекіліктер мен техникалық құралдар туралы жалпы түсінік беру;

- көрнекіліктер мен техникалық құралдарды сабақта қолдану жолдарын ұйымдастыру;

- көрнекіліктер мен техникалық құралдардың тиімділігін талдау.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, бір бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Slide 5

Көрнекіліктер мен техникалық құралдар туралы жалпы түсінік

Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты рөль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат - оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ.

Оқу процесін жетілдіру қоғам талабынан келіп туындайтын ғылымның даму дәрежесіне содан келіп шығатын оқу материялының мазмұнына оның көлеміне оны оқытудың уақыт мөлшеріне прогрaммалық материялдарды тез де жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін көмекші құралдардың сапасына осы пәнді оқытатын мамандардың даярлық дәрежесіне тікелей байланысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының оқу процесін жетілдіруде өзіндік орны бар. олардың бәрін жоғары бәрән төмен қойып қараудан болмайды сондай-ақ бірімен бірін ауыстыруғада болмайды. Олардың ішінде қазіргі кезеңде оқу процесін жетілдіруде техникалық құралдарды тиымды пайдаланудың орны ерекше екенін естен шығармауымыз керек.

Slide 6

Әдебиет сабағындағы көрнекіліктердің түрлері және маңызы

Slide 7

Макет - кітапта берілетін көркем шығармалардың, мәтіннің немесе суреттердің орналасуын көрсететін үлгі-жоба. Макет арқылы белгілі бір кезеңдегі оқиғаны немесе көркем шығармадан үзінділерді бейнелеп көрсетуге болады.

Аудиомәтін - белгілі бір көркем шығарманы өткенде сөйлеу әрекетінің негізінде тыңдалатын мәтін. Аудиомәтінді тыңдау арқылы шығарма бойынша тапсырмалар орындай алады.

Көркем туындылар жазылған компакт дисктер - сабаққа қосымша көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады. Өткелі жатқан көркем шығармаға қатысты аудиолар немесе әндер мен күйлер жазып алынып, оқушыларға тыңдатылады.

Кинофильм - өткелі отырған көркем шығармаға қатысты көрсетіледі. Фильмдер барлық өтілетін тақырыптарда бола бермейді. Фильмді көсету арқылы оқушарға кітапта жазылған шығармамен салыстыруға мүмкіндік беруге болады. Мысалы, «Менің атым Қожа», «Аманай мен Заманай», «Құлагер» фильмдері.

Кеспе, үлестірмелі қағаздар - жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.

Slide 8

Әдебиет пәнін оқытуда техникалық құралдарды пайдаланудың жолдары

Slide 9

Интерактивті тақта

Қазіргі кезде білім саласында қолданатын жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі компоненттерінің - интерактивті тақталар. Интерактивті тақталарды білім саласыында қолдану оқыту үрдісіне жаңа сапа енгізеді, өйткені тек қана сабақты дайындауды және өткізуді жеңілдетіп қоймай, интерактивті тақталарға дейін болмаған мүмкіндіктерге жол ашады.

Интерактивті тақтамен жұмысты оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру, жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Аудио мен бейнеақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50%-ға дейін арттырады.

Интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.

Slide 10

Электронды оқулық

Дәстүрлі сабақта ең қажеттісі оқулық пен оқу құралдары болса, жаңа технологиялы сабақтардың барлығында дерлік электронды оқу құралы пайдаланылады.

Электронды оқу құралдары - жаңа сабақты түсіндіру, тірек-сызбалары, тақырыптық тапсырмалар, тақырыптық тест жұмыстары, логикалық тапсырмалар, жаттығу тапсырмалары сияқты бірнеше сабақ элементтерін қамтитын кешенді электронды жинақ.

Оқушылар әдебиет сабақтарында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электронды оқулықтарды пайдалану арқылы кез келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, табиғат құбылыстарының дыбысы мен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті.

Slide 11

Дыбыстық техникалық құралдар

Радио берілісі - бұл сөз арқылы жан-жақты талданып берілетін оқу материалдарын түсіндіруде тиімді болмақ. Осы арқылы сабақты жандандыруға, оның барысына жаңалықтар ендіруге, мазмұндау дәрежесінің эмоциональдық дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді. Әдебиет пәнінде радио берілісінің жазбасын кіріспе, қорытынды сабақтарда, жазушының өмір жолын әңгімелегенде не шолу лекцияларының алдында, кей көркем шығармалар мазмұнын талдауға кірісер кезінде пайдалануға болады. Ал мәтін талдауда аз қолданылады.

Slide 12

Көрнекіліктер мен техникалық құралдарды сабақта қолдану жолдары

1. Кейіпкерлерді сипаттау. Детальды айту.

Оқушыларға интерактивті тақта арқылы шығарма кейіпкерлерінің сипаттамасы беріледі. Оқушылар сол сипаттамалар арқылы кейіпкерлерді табады.

Қолы тоңған адамша дірілдей қалшылдаған, көзі қып-қызыл болған, Аян мен ауыл балалары үлгі тұтатын тұлға - Иманжанов.

Өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер - Тұржан.

Сидаң бойлы, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді - Есікбай.

Ақкөңіл, мейірімді, Аянның жақын досы - Сайын Мұратбеков.

Slide 13

2. Интерактивті тақта арқылы повесть бойынша ұсынылған суреттерден оқушылар оқиға орнын, қай үзіндіден алынғанын анықтайды.

1-сурет: Аянның алғаш рет ауылға келіп, балалармен танысуы.

2-сурет: Аянның ауыл балаларына ертегі айтып беруі.


Ұқсас жұмыстар
Экрандық техникалық құралдар
Көрнекілік құралдардың қолданылуы
Алыстан көру
Слайдты безендіруде түстерді таңдау
Үйде оқытуға жауапты мамандарда және пән мұғалімдерінде болу тиіс құжаттар
Оқыту әдістері мен құралжабдықтары
Көрнекілік принципін жүзеге асырудың теориялық негіздері
Бала тәрбиесінің педагогикалық алғышарттарын анықтау
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті саласы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz