Көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру


Slide 1

Көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Slide 2

Жоспар:

Функционалдық сауаттылық туралы түсінік

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда роман жанрын оқыту

Роман жанрын талдау арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары

Қорытынды

Slide 3

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны - «ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал - білім.

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің өзіндік маңызы бар. Соның ішінде, қазақ әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық, т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты қарудың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді.

Slide 4

Курстық жұмыстың міндеті:

функционалдық сауаттылық туралы түсінік беру;

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда роман жанрын оқытуды зерттеу;

роман жанрын талдау арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарын ұйымдастыру.

Курстық жұмыстың мақсаты: көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды ұйымдастыру.

Slide 5

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - заман талабы

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің көп жоспарлы азамат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспардың қабылдануы - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.

Slide 6

Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:

білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары) ;

оқыту нысандары мен әдістері;

білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі) ;

барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Slide 7

Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікпен, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» делінген. Осы айтылған маңызды құжаттардағы мақсаттарды орындауда білім беру жүйесіндегі оқытылатын пәндер қатарынан әдебиеттің ерекше рөлі бар екені баршаға аян. Себебі, Елбасы жолдауындағы, «Білім туралы» заңдағы айтылған азаматтық пен елжандылықты қалыптастыруда әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Аталған мәселе туралы педагогика ғылымдарының докторы, әдіскер-ғалым Б. Ө. Сманов: «Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда орта мектепте өтілетін пәндер қатарында қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі», - дейді.

Slide 8

Қазіргі қазақ романдарын оқытуда ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектерге сүйене отырып жұмыс жүргізген тиімді болмақ. Мысалы, әдебиеттегі дәстүр мен сабақтастық мәселесіне қатысты талдаулар жүргізгенде, қазақ романының туу, қалыптасу, өркендеп қанат жаюын зерделеген іргелі еңбектерді басшылыққа алу тиімді болмақ. Осылардың бәрін қазіргі қазақ романдарының даму тенденцияларын оқуытуда ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағдар ретінде негізге алып, оқушылардың ғылыми ізденушілік, шығармашылық бағыттағы жұмыстарға үнемі бағдарлап отыру болашақ кәсіби саналы ұрпақтың әдеби білім қорының толығуына септітігін тигізері анық.

Әдебиеттің эстетикалық, танымдық, тәрбиелік маңызы бір-бірімен тығыз үндестік байланыста болады.

Адамның қоғамдық өмірінде таным, сенім, тәлім-тәрбие, талғам деген шарттас ұғымдар арқылы қоғамдық білім құралы қалыптастырады. Осылардың ең алғы шарты - таным, адам бір нарсені танымай тұрып, таным пайда болмайды, ал танылған нәрсе туралы ғана сенім пайда болады. Тәлім арқылы адамға тәрбие кемелдегенде адамның жақсы-жаман дейтін талғамы қалыптасады. Міне осыдан кейін ғана адамның қоғамдық білімі қалыптасады. Осылардың бәрінде сөз өнері өмір оқулығы рөлін ойнайды, адамның рухани азығы болады. Айталық ақын-жазушылар белгілі бір өмір шындығын таңдап алып өз айтайын деген ойына сай қоғамдық өмірге бір немесе бірнеше кейіпкер жаратып, оларды суреттеу арқылы сол қоғамдық адамдар таным-нанымын, сенімін, алған тәлім-тәрбиесін, өмірге деген талғам арқылы білім қабілетін суреттейді. Ал осы шығарманы оқыған адам өз заманының ерекшелігін таниды. Қоғамдық борышын сезініп, қандай адам болу керектігінен тәлім алады. Таным дамиды, өзгереді. Танымның уақыттық, замандық, қоғамдық, ұлттық сипаты болады.

Slide 9

Адам тәрбие арқылы білім алады. Тәрбие белгілі бір мақсат, міндет, талап бойынша жүргізіледі. Ал сөз өнері тәрбиесі - көркем шығармаларды оқу арқылы адамдар өзінінің кім екенін, жақсы мен жаманды парықтауға ие болады. Сөз өнерінің тәрбиелік рөлі кеше де болды, бүгін де, ертең де бола бермек. Мысалы, тақырыбымызға сәйкес қазіргі қазақ романдарының танымдық, тәрбиелік жағын сөз ететін болсақ, оған мысал боларлық романдар жетерлік. Бір ғана Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романының тарихи деректілігімен қоса, ұлтымыздың көшпенді тұрмысын, салт-дәстүрін бейнелейтін этнографиялық, фольклорлық сарын молынан кезігеді.

Жазушының тарихи тақырыпты қозғай отырып, сол кезеңдегі қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, танымынан хабар беретін деректердің молдығы жастарға ұлттық құндылықтар туралы тәлім-тәрбие беруде таптырмас құрал деуге болады. Энтографиялық, фольклорлық мәліметтерден киіз үйдің жасалу технологиясы, қол өнерінің түрлері, бәдік айтыс, бата беру дәстүрі, қара өлең айту, бақсы сарыны, құда түсу, қалың мал төлеу, шешендік сөздер, т. б. ұлттық құндылықтарымыздың тізбектеліп, көркем шығармашылықтың композициялық құрылымына сәйкес қиюластыра отырып пайдаланады.

Slide 10

Қазіргі қазақ романдарын оқытуда әдебиеттану ғылымының теориялық мәселелерімен қоса, оқыту мәселесіне тікелей қатысты педагогика ғылымының жетістіктеріне сүйеніп, жалпы дидактикалық ұстанымдар: ғылымилық, білімнің беріктігі, жүйелілік, бірізділік, қолжетімділік, яғни түсініктілік, шынайы өмірмен байланыс, тағылымдық, тәрбиелік, теорияның тәжірибемен байланысы сынды қағидаттарды ұстануымыз аса маңызды. Тұтастай алғанда, қазіргі қазақ әдебиеті арқылы еліміздің елдігін, ұлттық идеяны насихаттаудың, жас ұрпақты рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің рухани құндылық мұраттарын, поэтикалық қуатын жас мамандарға меңгерту маңызды болып саналады.

Slide 11

Мектепте әдебиеттен көркем шығарманы талдау - аса маңызды үдеріс болып саналады. Көркем шығарманың көркем әлемін тану оны оқудан басталады. Көркем дүниенің бейнесін көзбен көріп, ой түйсігінен өткізу, адам миының терең «айнасында» оның көрінісін жасау маңызды үдеріс екендігіне дау жоқ.

Әдіскер-ғалым Қанипа Бітібаева көркем шығарманы талдаудың 3 түрін ұсынады:

1. Жан-жақты талдау.

2. Шолу бағытындағы талдау;

3. Сұрыптап талдау.

Роман жанрын талдау оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ерекше әсер етеді. Мысалға, 9-сыныпта Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романы берілген. Оны жан-жақты талдап көрейік.

1. Социологиялық талдау - әдебиетті қоғамдық өмірдің көрінісі деп әлеуметтік тұрғыда көрсету.

Социологиялық талдау - «Ұлпан» романы XIХ ғасырдың 2-жартысындағы қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделіп, қазақ халқының тарихындағы әлеуметтік жағдайлары іріктеліп алынып жазылған роман.

Социологиялық талдау арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі артады. Сол кездегі әлеуметтік жағдайларды, тарихты, халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін одан әрі зерттеуге деген қызығушылығы артады.

Slide 12

2. Құрылымдық талдау - шығарманың жанрлық, композициялық құрылымын талдау жүйесі.

Құрылымдық талдау - «Ұлпан романы»

1. Оқиғаның басталуы: Есенейдің Артықбайдың жеріне қоныс тігуі;

Есенейдің айыбы.

2. Байланысуы: Есенейдің Артықбайдың үйіне келуі;

Ұлпанды құтқаруы.

3. Дамуы: Ұлпанды айттыруы;

Той қамы, Ұлпанның еншісі.

4. Шиеленісуі: Ел қарызын өтеуі;

Орыс үйіне келуі.

5. Шарықтау шегі: Есенейдің дерті;

Ұлпанның ана атануы.

6. Шешімі: Қорлыққа шыдай алмаған - Ұлпан;

Ұлпан өлімі.

Оқушы көркем мәтінді құрылымдық талдай отырып нақты, дәлелді эпизодтарды әңгімелеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Әр эпизодтың негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөздерді қолдана алады.

3. Лингвистикалық талдау.

Ұшықтау - ерте кездері ауруды аластау үшін жасалған ем-дом түрі

Қарғыс - теріс бата түрі

Жұт - ауа райының аса қолайсыз құбылыстары

Бура - түйенің еркегі.

Лингвистикалық талдау арқылы оқушылар романдағы түсініксіз сөздердің мағынасын түсінеді, сөздік қоры арта түседі. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

Slide 13

Сонымен қоса, интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары бар.

Мысалы, М. Әуезовтің «Абай жолы» романын оқытқанда, мына әдістерді қолдануға болады.

«Джигсо». Бұл әдісті жаңа тақырыпты меңгертуде қолданған тиімді. «Джигсо» әдісінде нөмірлерді (№1, №2, №3, №4, №5) иеленеді. Әр топтағы бірдей түсті немесе бірдей нөмірлі оқушылар тағы да жаңа топ құрап, мәтін бөліктерін өз топтарында түсініп оқып, талдайды. Содан соң қайтадан әр оқушы бастапқы құрылған өз топтарына келіп, өзі оқып, талдаған мәтін бөлігін топ мүшелеріне түсіндіреді, сөйтіп топтың барлық мүшелері жаңа шығармамен толық танысып шығады. Бұл әдіс арқылы сыныптағы барлық оқушыны жұмыстандыруға, сөйлетуге, өз ойын толық, көркем жеткізе алуға дағдыландыруға болады.

«Ақылдың алты қалпағы». Бұл стратегияны белгілі тақырыппен танысқаннан соң талдау-жинақтау сабағында қолдануға болады. Сынып оқушылары алты түсті қалпақты таңдау арқылы 6 топқа бөлініп, өздеріне тиесілі тапсырма алады. Бұл әдісте қалпақтың түсі тұрақты әрі маңызды. Ақ қалпақты оқушылар тобы шығарма мазмұнын әңгімелейді. Сары қалпақты оқушылар тобы шығарманың жағымды жақтарын айтып шығады. Қара қалпақ таңдаған оқушылар шығарма мазмұнындағы жағымсыз тұстарын теріске шығаруға тырысады. Жасыл қалпақ киген топ шығарма мазмұнына қатысты жаңа мағлұмат іздейді. Қызыл қалпақ киген оқушылар шығармадан алған әсерлерімен бөліседі. Ал көк қалпақты топ оқушылары басқа топ оқушыларының жұмысын бағалайды.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды бағалаудың әдістемесін құрастыру
Мәтіннен тірек сөздерді анықтау
Математикалық сауаттылық - өмір сүрудің негізгі компоненттері
Функционалдық сауаттылық
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС
Оқушының ойлау
Физика пәнінің мұғалімі
Көркем әдебиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz