ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ




Презентация қосу
Иоганн Генрих
Песталоцци
ӨМІРБАЯНЫ
Генрих Песталоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы
дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын
берілген қызметші әйел тәрбиеледі.
Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды. Балалық шағынан бастап,
швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап, Песталоцци дворяндар –
памещиктер және мануфактура иелері оларды қалай қатты қанағанын көріп
өсті.
Песталоцци алғашында білімді неміс бастауыш мектебінде, одан кейін латын
орта мектебінде алды. Бұл мектептің оқу бағдарламасының нашарлығы және
дайындығы жеткіліксіз оқытушылары жас Песталоццидің есінде берік қалды.
Песталоцци жоғарғы оқу орнына түсіп, онда коллегиум, филология және
философия бөлімдерінде оқыды. Песталоцци оқытқан жоғары мектептің кейбір
профессорлары жастарды жан-жақты әртүрлі философиялық және саяси
әдебиетпен таныстырды.
17 жастың өзінде Песталоцци Жан-Жак Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие
туралы” еңбегін оқып шықты. Руссоның “Қоғамдық шарт” еңбегінің жарық
көруі Песталоцциге үлкен әсер етті.
ОҚУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Песталоцци балаларды оқуға, жазуға және
санауға үйретті, олардың тәрбиесімен
айналысты.
Песталоцци өз мекемесінде оқытуды өнімді
еңбекпен ұштастыру мәселесін іске асыруға
жұмыстанды. Қаражаттың болмауына
байланысты 1780 жылы бұл сәтсіздік халқына
көмектесу мақсатында қалаған жолынан
таймай, әрі қарай жалғастырды.
Швейцарияда буржуазиялық революция болған кезде (1798),
Песталоцци жас өкіметтің келісімен Станцаға барып, панасыз балалар
үшін мекеме ашты, оған 80 тарта 5-10 жас аралығындағы балаларды
қабылдады. Балалардың жағдайы дене және моральдық жағынан нашар
болды. Песталоцци панасыз балалар үйін жанұя түрінде құруды,
балаларды қайта тәрбиелеу, онда өндірістік еңбекпен ұштасқан
оқытуды енгізуді жоспарлады. Бірақ Песталоццидің Станцадағы
қызметі сегіз айға ғана жалғасты. Әскери әрекеттерге байланысты
балалар мекемесі жабылып қалды. Бұл Песталоцциге қатты соққы
болды.
Көп кешікпей Песталоцци Бургдорфте мұғалім қызметіне орналасады,
ал кейіннен өзінің қызметкерлерімен Бургдорфте өз институтын ашады.
Онда ол Станцада басталған тәжірибені одан әрі жалғастырады.
ХІХ ғ.басында Песталоццидің бірнеше еңбектері жарық көрді. “Қалай
Гертруда өз балаларын үйретеді”, “Аналар үшін кітап”, “Бақылау
әліппесі”, “Сан туралы көрнекі ілім”. Бургдорфта орта мектеп
интернатымен және жаңаша мұғалім даярлайтын бөлім ашылды.
Институттың бастығы болып Песталоцци тағайындалды.
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ
Тәрбиенің негізгі мақсаты, Песталоццидің айтуынша,
адамның табиғи қабілеттіктерін дамыту, әруақытта да оны
жетілдіріп отыру. Песталоцци “адамның күштері мен
қабілеттіктерін үйлесімді дамыту” туралы насихаттады;
адамның жақсы нышандарын дамытып отыру қажет.
Тәрбиешінің балаға әсері оның табиғатымен сәйкестікте болуы
керек. Педагог жас ұрпақтың табиғи дамуын басып отырмау
қажет. Негізгі тәрбие қағидасы, Песталоццидің түсіндіруінше,
бұл табиғатпен сәйкестік. Барлық тәрбиенің орталығы адамды
оның адамгершілік бейнесін қалыптастыру болып табылады.
“Адамдарға жүрек жылуы” – бұл адамдарды адамгершілік
қатынаста алға жетелейтін болуы қажет. Песталоцци ресми
дінге және оның қызметшілеріне жағымсыз көзқараста болды.
Бірақ осындай еңбек тәрбиесі механикалық түрде берілді,
оқытудың өнімді еңбекпен органикалық байланысы
болмады, дей тұрғанмен, оның құндылығы Песталоцци
балалардың еңбегіне жан-жақты тәрбиелік мән берді.
Песталоцци тәрбиенің негізгі міндеті – адамды жан-жақты
және үйлесімді дамыту.
Адамгершілік тәрбиенің қарапайым элементі,
Песталоццидің пікірінше, баланың анасына махабаты, ол
бала ақзасының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету
негізінде пайда болады. Жанұяда баланың адамгершілік
мінез-құлқының негіздері қаланады.
Одан әрі балалардың адамгершілік күш-жігері мектепте іске
асуға тиіс, онда мұғалімнің балаларға қатынасы оның әкелік
махаббатының негізінде құрылады. Песталоцци балалардың
адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру моральдық
өсиеттерді айтумен шектелмей, оларда моральдық
сезімдерді дамыту, адамгершілік бейімділіктерді
қалыптастырудың қажеттігіне тоқталды.
Кез-келген білімнің негізіне, Песталоццидің
пікірінше, оның элементтері жатады. Әрбір адам,
оның түсінуінше, белгілі бір түсініксізді анықтап алу
үшін, әруақытта да алдына үш мәселе қояды:

Олар
қандай
түрге ие?

Олар қалай
деп аталады?
ДИДАКТИКА НЕГІЗДЕРІ ЭЛЕМЕНТАРЛЫҚ
БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ
“Сан, түр және сөз: Песталоццидің айтуынша, кез-келген оқытудың
элементарлық тәсілдері”. Бастапқы оқытуда түрге сәйкес келетін
өлшеу, санға-есептеу, ал сөзге - тіл. Сонымен, элементарлық оқыту
өлшеу, санау және тілді меңгеру ептілігіне сүйенеді.
Песталоцци ойлауды дамыту мен білімді жинақтаудың арасын
ажыратады. Песталоцци мектептің негізгі міндеті рухани күштер мен
қабілеттіктердің оянуы, ойлау қабілеттілігін дамыту, демек,
формалардың білім беру деп түсінді. Бірақ Песталоццидің
элементарлық білім беру теориясы бір ғана дидактикалық
проблемамен шектеліп ғана қоймайды.
Песталоццидің түсінуінше, элементарлық білім беру теориясы
баланың ақыл-ой, адамгершілік және дене күштерінің табиғатқа
сәйкес дамуы деп қарастыруға болады. Песталоцци сол мектепте
үстемдік еткендогматизм, механикалық еске сақтау балалардың
дамуын тежеп ғана қойған жоқ, оның ақыл-ой қабілеттілігіне нұсқан
келтірді.
Песталоцци оқытудың мақсаты баланы белгілі білім негіздерін
меңгеруі ғана емес, сонымен қатар олардың ақыл-ой қабілетіктерін
дамыту. Баланың сыртқа дүниені сезім органдары арқылы
қабылдауы танымның алғашқы кезеңі болып табылады, оның
айтуынша, оқыту нақтылы өмірлік бақылауларға негізделуге тиіс
және көрнекілікті оқытудың негізгі қағидасы деп қарастырды.
Песталоцци оқыту үрдісін жеңілдетуге ұмтыла отырып, ол кез-
келген білімнің қарапайым элементтері болатындығын, оны
меңгере отырып, адам дүниені танып білетіндігін дәлелдеді.
Осы дидактикалық қағидаларының негізінде Песталоцци
балаларға бастауыш білім беру әдістемесін талдады.
Элементарлық білім беру әдістемесін ол соншама жеңілдетуге
жұмыстанды, яғни, өз баласымен айналысатын кез-келген шаруа-
ана онымен ойдағыдай пайдаланатындай болуы үшін мүмкіншілік
жасады. Осы мақсатпен балалардың тілін дамыту, оларды санау
және өлшеу ептілігін қалыптастыру үшін жаттығулардың бірізді
қатарын жасады. Песталоцци баланы ана тіліне үйретуде ең
алдымен оларда ауызша сөйлеуді дамыту қажет деп есептеді, ал
одан кейін оқуға көшу.
Балалардың тілін дамыту, Песталоццидің айтуынша, есту
жаттығуларынан, дыбыстардан басталады: балалар анасының
сөйлеуіне еліктеп, алғашында дауысты дыбыстарды айтып
үйренеді, ал одан кейін әртүрлі буындарды дауыссыз
дыбыстарды үйренеді.
Одан кейін әріптерді оқып үйренеді, әрі қарай буындарды
және сөздерді меңгереді.
Песталоцци ана тілін оқытудың негізіне балалардың тілін
дамыту қағидасын ұсынды.
Песталоцци сауаттылыққа оқытудың негізіне дыбыстық
әдісті жатқызуды жақтады.Сонымен, Песталоцци бастауыш
білім берудің жан-жақты бағдарламасын белгіледі және іске
асырудың нақтылы әдістемелік ұсыныстарын берді.
Оқытудың басты негізі, Песталоццише, көрнекілік болып
табылады. Көрнекілікті пайдаланусыз, сөздің кең
мағынасында, қоршаған орта туралы дұрыс түсініктерді
қалыптастыруға, ойлау мен сөйлеуді дамытуға жетуге
болмайды.
Песталоцци Коменскийдің кейбір оқу кітаптарымен ғана таныс
болды, бірақ оның педагогикалық жүйесімен толық таныс
болмады. Песталоцци Коменскийге қарағанда, көрнекілікке
терең психологиялық негіздеме бере білді.
Песталоцци мұғалімнің роліне ерекше мән берді. Мұғалім тек
ғана өзінің білімін балаларға беруге дайын білімді адам ғана
емес, сонымен қатар оның қызметі өте күрделі және жауапты
болып табылды, ол ең алдымен баланы сүйе білуі тиіс, өзін
балалардың әкесі сияқты сезіне білу қажет, оларды тәрбиелеу
және дамыту үшін барлық қажеттісі оның міндеттеріне кіреді.
Бала табиғатынан ерекше күш-жігермен қаруанған, сондықтан да
мұғалімнің міндеті, оның пікірінше, бұл күш-жігерді жаттықтыру
үшін қажетті материалды оқушыларға беру. Бұл сол уақытта
мүмкін болады, егер мұғалім барлық тәрбие жұмысын
шәкірттердің дене және психологиялық ерекшеліктерін білу
негізіне құрылған жағдайда.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие әлеуметтік құбылыс
Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы
Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы
Тәрбиенің парадигмасы
Сенсорлық тәрбие
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Экономикалық білім және тәрбие берудің негіздері
Тұлғаның рухани және дене қалыптастыру
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы
УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА
Пәндер