БІРІНШІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП


Slide 1

Бірінші аналитикалық топ катиондарының жалпы сипаттамасы.

Slide 2

Катиондардың аналитикалық классификациясы

Бейорганикалық заттардың сапалық анализі катиондар және аниондар анализі болып бөлінеді. Катиондар 5 аналитикалық топқа бөлінеді де, бірінші топ катиондарынан басқа әр топтың өзіндік топтық реагенті болады.

Slide 3

Катиондардың аналитикалық классификациясы

Slide 4 Slide 5

Аналитикалық катиондар жіктелуіне теориялық жағынан ең терең тексерілгені - сульфидтік классификация. Бұл катиондардың жіктелуі системалы анализ кезінде катиондардың сульфид, полисульфид аммоний және күкіртті сутек қышқылымен реакцияларына негізделген.

Slide 6

Бул жіктелуі бойынша катиондар бес аналитикалық топтарға бөлінеді:

Slide 7 Slide 8

Аналитикалық топтың иондарды жүйелі анализ жолымен бөлгенде төменнен жоғары қарай бөледі. Біріншіден бесінші және алтыншы топтың, соңынан бірінші топтың катиондарын бөледі.

Сульфидтік катиондар классификациясының басты реактиві сульфид-ионы, оның улы келетіні белгілі. Оны себепті аналитикалық лабораторияларда өте жақсы істейтін мықты вентилятор мен шкафтар және басқа көптеген құралдармен жабдықтау қажет. Сонымен бірге кейбір иондар сульфид-ионымен әрекеттескенде толық тұнбаға түспеуі және бөлінбеуі, кейбір жағдайларда коллоид ерітінділерін түзетіндігі бұл классификацияның пайдалануын шектейді. Осы себептерді ескере отырып, көп жерде сульфидті классификация орнынакатиондардың қышқылды - негізді класификациясы пайдаланады.

Slide 9

Бірінші топ катиондарының реактивтері

Натрийдің кобальтинитриті - натрий (III) [Co(NO2) 6] . Бұл комплексті тұз, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:

Na3[Co(NO2) 6] ↔ 3Na+ + [Co(NO2) 6] 3 -.

Бұл комплексті тұз суда жақсы ериді, бірақ келесі тұздары ерімейді: K2Na[Co(NO2) 6], K2Ag[Co(NO2) 6], K3[Co(NO2) 6], (NH4) 3[Co(NO2) 6], (NH4) 2Ag[Co(NO2) 6], (NH4) 2Na[Co(NO2) 6]

Натрийдің кобальтинитриті аммоний иондары жок ерітіндіде калий иондарын анықтау үшін қолданады.

Натрийдің гидротартраты NaHC4H4O6. Бұл вин қышқылының H2C4H4O6 тұзы, келесі теңдеу арқылы диссоциацияға ұшырайды:

NaHC4H4O6 ↔ Na+ + HC4H4O6-,

HC4H4O6- ↔ H+ + C4H4O62-.

Slide 10

Магний және натрий гидротартраты суда ериді, ал калий және аммоний гидротартраты ерімейді. Сондықтан да натрий гидротартраты әлсіз сірке немесе бейтарап ортада аммоний катионы жоқ ерітіндіден калий иондарын анықтауға қолданылады.

Магний - уранил - ацетат Mg[(UO2) 3(CH3COO) 8] және цинк - уранил - ацетатZn[(UO2) 3(CH3COO) 8] . Осы реактивтер арқылы натрий ионын анықтауға болады.

Уранил деп екі валентті катионды айтады UO22+. Бұл натрий ионын анықтауға қолданылатын реактивтердің бірі.

Slide 11

Катиондардың қышқылды-сілтілік жіктелуі (классификация)

Қышқылды-негізді жіктелуі бойынша барлық катиондар алты аналитикалық топқа бөлінеді. Әрбір топ кезегімен хлорлы сутек, күкірт қышқылдарымен, сілті ерітіндісімен тұнбаға түсіру арқылы бөлінеді.

Алтыншы топ иондары сілті ерітіндісімен, бесінші топ иондарымен тұнбаға бірге түсіріледі де, одан аммиактың судағы ерітіндісі арқылы аммиак комплексі түрінде ерітіндіге өткізу арқылы бөліп алады.

Бұл классификация көптеген реактивті қажет етпейді және аз уақыт алады. Қышқылдық- негіздік классификацияға элементтердің негізгі қасиеттерін, оның ішінде элементтердің қышқылдармен, сілтілермен әрекеттеуі, гидрототықтардың амфотерлік және комплексті қосылыстар түзу қасиеттері кеңінен пайдаланылған.


Ұқсас жұмыстар
Катиондардың аналитикалық жіктелуі
АНАЛИТИКАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
КАТИОНДАРДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Сапалық талдау әдістері
АНИОНДАРДЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің периодтық жүйесі
Есептеу техникасының даму тарихы туралы
Арифметиклық прогрессия
Орман,жер және су ресурстары факультеті
Қай жерде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz