Зертханалық жұмыс: ерітінділердің массалық және мольдік концентрациялары, стехиометриялық есептер және ерігіштік талдауы


Slide 1

Зертханалық жұмыс

Slide 2 Slide 3

Есептер шығару

1. 20% 250г ерітінді дайындау үшін қанша тұз

және су қажет?

2. Алманы қысқа сақтау үшін, алдымен оны СаСІ2 кальций хлориді ерітіндісіне батырады.

Ерітінді дайындау үшін 800г суға 1, 5г кальций хлоридін ерітеді, ерітіндідегі тұздың массалық

үлесін табыңдар.

3. Суық тиіп ауырғанда тамаққа ингаляция жасау үшін 0, 9% 20г нарий хлориді ерітіндісін пайдаланады. Өте қатты ауыр болса, үй жағдайында 1г ас тұзын қосуға болады, алынған ерітіндінің массалық үлесі қандай?

4. 5% 250г ерітінді мен 10% 150г ерітіндіні араластырғанда түзілген ерітіндінің массалық үлесін табыңдар.

5. 20 г калий гидроксидін 500мл суда еріткенде түзілген ерітіндінің мольдік үлесін табыңдар.

Slide 4

ЖЕКЕ ЖҰМЫС

Slide 5

1 мысал. Массасы 235г. суда 15г. натрий хлориді ерітілді. Алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесін есептеңіз. (6%)

2 мысал. Калий нитратының массалық үлесі 5п. болатын 150г. ерітіндісін дайындау үшін қанша масса тұз және су қажет болады? (142, 5г. су, 7, 5г. нитрат)

3 мысал. Массасы 80г. 15п. ерітіндіге 160г. су қосылды. Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыз. (5%)

4 мысал. Ас тұзының 200г. 20п. және 50г. 32п. ерітінділерін араластырғанда түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыз. (22, 4%)

5 мысал. Зат мөлшері 10 моль болатын суда 1 моль хлорсутек еріген болса, ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін табыңыз. (16, 86%)

6 мысал. Массасы 272г. суда 44, 8л. (қ. ж. ) күкіртсутек газы ерітілген. Ерітіндідегі күкіртсутектің массалық үлесін табыңыз. (20%)

Slide 6

Топтық жұмыс

Slide 7

1-топ) 1-1. Массасы 2, 4 г магний артық мөлшердегі күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттескенде қалыпты жағдайда қанша литр сутек бөлініп шығады?

1-2. Зат мөлшері 1 моль алюминий 109, 5 г тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм тұз түзіледі?

1-3. Көлемі 22, 4 л сутегі газы көлемі 4, 48 л көмірқышқыл (ІІ) газы әрекеттескенде түзілген газдардың көлемдері қандай? Қандай газ қанша мөлшерде артық қалады? Реакцияны электронды баланс әдісімен теңестір.

2-топ) 2-1. Егер реакция нәтижесінде 6, 72 л сутегі газы бөлініп шығатыны белгілі болса, тұз қышқылымен қанша грамм мырыш реакцияға түседі?

2-2. Зат мөлшері 2 моль мыс сульфаты мен 1 моль темір әрекеттескенде түзілетін тұздың массасы қанша?

2-3. Зат мөлшері 2 моль сутегі газы мен көлемі 44, 8 л азот әрекеттескенде түзілген заттың массасы қандай? Реакцияны электронды баланс әдісімен теңестір.

3-топ) 3-1. Натрий массасы 6, 3 г азот қышқылымен әрекеттескенде реакция нәтижесінде неше моль тұз түзіледі?

3-2. Массасы 3, 9 г калий мен көлемі 67, 3 л хлор әрекеттескенде түзілген тұздың массасы қанша?

3-3. Зат мөлшері 2 моль темір 18 г су буымен әрекеттескенде бөлінетін сутегі газының қалыпты жағдайда көлемі қанша? Қай зат қанша мөлшерде артық қалады? Реакцияны электронды баланс әдісімен теңестір.

Slide 8

Мыс сульфатының 100 г судағы әр түрлі температурадағы ерігіштік кестесі берілген.

Температура 0С

20

40

60

80

100

Грамм тұз (г)

20

30

40

58

65

(а) Кестедегі мәндерді қолдана отырып, ерігіштіктің температураға тәуелділік графигін құрыңыз. (Y осіне ерігіштікті, X осіне температураны белгілеңіз)

Жеке жұмыс

Slide 9

(b) Қатты заттардың ерігіштігі температура артқан сайын қалай өзгереді?

(c) 100 г суда 50 г мыс сульфатын ерітуге

45 0С температура жеткілікті ме? График бойынша анықтаңыз. Жауабыңызды есептеп, дәлелдеңіз.

Т А П С Ы Р М А


Ұқсас жұмыстар
Ерітінділердің теориясы: түзілуі, жылу эффектілері, коллигативті заңдар және концентрация бірліктері мен есептер
Ерітінділер: теориясы, концентрацияны анықтау әдістері және есептер
Ерітінділердің түрлері, қасиеттері және пайыздық концентрацияны есептеу
Идеалды және реалды ерітінділер: Рауль заңы, ерігіштік және қайнау мен қату температуралары
Негізгі стехиометриялық заңдар мен газ заңдарының негіздері
Элементтердің массалық үлестері бойынша эмпирикалық және молекулалық формулаларды құрастыру және ерітінділер концентрациясын есептеу
Координаталық жазықтық және сызықтық тәуелділіктер: жылдамдық, баға және көлем-массалық есептер
Массалық шығын: анықтамасы және есептеу формулалары
Жұмыртқаның сапасын ветеринариялық-санитариялық сараптау: зертханалық жұмыс
Ерігіштік көбейтіндісі (Ks): анықтамасы, есептеуі және ерігіштікке әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz