Парсы кенесі


Slide 1

ҚР Ауыл Шаруашылық Министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Ветеринариялық-санитариялық паразитология пәні

Қабылдаған: Ахметова Г.

Орындаған: Жугинисов Н.

ТОП: ВС-514

Slide 2

Аргазида және гамазоид кенелері және оларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар

Slide 3

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1. Аргазида кенелері, оларға қарсы ветеринариялық санитариялық шаралар

2. 2. Гамазоид кенелері, оларға қарсы ветеринариялық санитариялық шаралар

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 4

І Кіріспе

Паразитиформды кенелер Parasіtіformеs тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Бұл кенелер жануарлар (кейде құстар) денесінде (эктопаразиттер) паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай-ақ, олар түрлі аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл текке жататын кенелердің ветеринариялық маңызы бар тұқымдастықтары:

Іxodіdae - жайылым кенелері

Argasіdae - аргазид кенелері

Gamasoіdae-гамазоид кенелері

Slide 5

1. Аргазида кенелері

Аргазида кенелері Parasitiformes тегіне жататын ірі кенелер. Оның ішінде Argas және Alveonasus туыстарының ветеринариялық маңызы бар. Аргазида кенелері еліміздің Оңтүмтігінде тараған, олар мал мен құс денесінде кездеседі. Әсіресе Argas persicus немесе парсы кенесі, Alveonasus lahorensis л қашар кенесі мал, құс қораларында жиі кездеседі.

Бұл кенелердің барлық сатылары құс баррелиозы, құс туберкулезы, құс сүзегі және үйрек қылауы қоздырғыштарын тасымалдайды. Кенелер құс эктопаразиті ретінде, құс шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Олар көптеп жабылып, құс балапандарын өлімге ұшыратуы мүмкін. Парсы кенелерінің дене тұрқы 4, 5-9мм, ал ені 3-6мм. Пішіні жұмыртқа тәрізді, денесі жалпақ, аш кененің түсі сұр. Қанға тойған кенелер түйебұршақ тәрізденеді. Бұл кенелердің көздері жоқ, тұмсығы денесінің астынғы жағында, перитремалары орақ тәрізді.

Slide 6

Кенелер Қазақстанның Оңтүстік облыстарында және Орта Азия республикаларында тараған.

1-сурет. Парсы кенесі.

Slide 7

Alveonasus lahorensis - қора кенелері. Қой денесіне бұл кене көптеп жабысып, мал басын жаппай арықтатады, кейін салдандырады. Тәжірибе жүзінде қой кенелері Anaplasma ovis және Theleria ovis қарапайымдыларын тасымалдайтыны анықталды.

Alveonasus lahorensis кенелері Кавказда, Қазақсатанның Оңтүстігінде және Орта Азия республикаларында мекендейді.

Slide 8

Өсіп-өнуі және көбеюі.

Парсы кенелері тауық ұяларын, оның қонақтайтын тұғырын, тақтай және бөрене жарықтарын және құс қоралары маңындағы жабайы құстардың ұяларын мекендейді. Бұл кенелер тек құстарға ғана жабысады. Сүтқоректілер денесінде болмайды.

Парсы кенелері жылы уақытта ғана өсіп өнеді. Ол үшін ең кемі дегенде 20С жылылық қажет. Парсы кенелері балаң сатысынан басқалары жарық сәуледен қашады, сондықтан олар қараңғыда ғана құстарға жабылады. Ал, ұядағы парсы кенелері құсты күндіз де шағады. Кенелер көбі рет қан сорады.

Slide 9

2-сурет. Даму айналымы.

Slide 10

Әр қан сорған сайын ұрғашы кенелер 130 шақты жұмыртқа салады. Жұмыртқа ішінде 2 аптадан соң балаңкене дамиды. Олар құстың мойынына, қанат астына, клоака маңына жабысып, құстың қанын сорады. 3-10 күннен кейін олар түсіп қалып, бірінші нимфа сатысына айналады. Соңғы нимфа сатысынан имаго немесе ересек кене пайда болады. Кенелердің толық өсіп өнуі 1-2 жылда аяқталады. Парсы кенесі 2-3 жылдық аштыққа шыдайды.

“Жұмыртқа-балаңкене-бірінші нимфа-имаго-ересек кене” даму айналымы.

Slide 11

Парсы кенелеріне қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар.

Парсы кенелеріне қарсы кешенді шараларды жүргізу-оларды толық жоюға мүмкінідік береді. Ол үшін құсты уақытша лагерлерге көшіріп, құс қорасын және оның маңындағы ағаштарды, қуыстарды мұқият зерттеу қажет. Құс қорасындағы аралық қабырғаларды және т. б. Тесіктерді сыртқа шығарып ыстық сумен жуып кептіру керек. Қабырғадағы саңылаулардың сылағын түсіріп, жарыққа ыстық соляр майын немесе бояу жағады.

Slide 12

3-сурет. Кенелерге қарсы акарацидттік препараттарды бүрку

Slide 13

Қора ішін дәрілеу үшін 1, 5% хлорофос, 1% неоцидол, дикрезил немесе карбафос, 1%циодрин, 4-5натрий фенолят эмульсиясы әр 1метр квад. Көлемге 100-200мл мөлшерде шашады. Бұл дәрілерді бүрку үшін ДУК, ВДМ, ЛСД қондырғылары және гидропульттер қолданылады. Құс қорларын 3-5 күннен кейін қайта екінші рет және керек жағдайда үшінші рет дәрілейді. ТАН аэрозоль қондырғысы көмегімен бағытталған аэрозоль тұманын жасау үшін 3пайыздық карбофос ерітіндісі және 0, 5 пайыздық ДДВФ қолданылады.

Құсқа жабысқан балаң кенелерді жою үшін оларға акарацидтерді сыртта шашады. Негізінен құстарды 11-12 күн қорадан тыс жерде ұстау балаң кенелерден құтылудың едің тиімді әдісі. Құсты бұл қораларға күрделі жөндеуден өткізіп, дәрілеуден кейін 5-10 күннен соң орналастыруға болады.

Slide 14

Қора кенелерін қарсы қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар.

Қора кенелерін жою үшін 1 % дилор суспензиясы, анаметрин Н дәрісінің 0, 25 % эмульсиясы, неоцидолдың (диазинонның) 0, 05 % эмульсиясы қолданылады. Бұл дәрілерді 200-400 мл м2 мөлшерде қораға шашады.

Күзде қойды қораға қамарда оларды қайталап дәрілеу шарт. Малға жабысқан кенелерді жою үшін әсері ұзартылған фосфорорганикалық дәрілер қолданылады. Ол үшін 0, 025 г/кг мөлшерде қолданылған сульфидофос-20 және 0, 040 г/кг мөлшердегі диоксофос жақсы нәтиже береді. Салмағы 40 кг қойға омыртқа жотасы тұсынан өлшегіш аспаппен 5 мл. сульфидофос немесе 10 мл диоксофос тамызады. Бұлардан басқа ивомек, бутокс, протеид, неоцидол, байтикол және т. б. дәрілерді де қолдануға болады.

Сульфидофос-20-мен дәріленген малды 40 күннен, ал диоксофостан кейін 2 аптадан соң ғана союға болады. Қой қора кенелерімен түбегейлі күрес жүргізу үшін ескі қоралардан арылып, жаңа стандартты қой қораларын салу шарт. Кенесі бар қорадан кенелер басқа қораларға таралып кетпес үшін, ондағы жануарларды акарицидтермен дәрілегеннен кейін ғана көшіруге болады.

Slide 15

4-сурет. Қора кенелеріне қарсы препараттар

Slide 16

2. Гамазоид кенелері

Гамазоид кенелері де паразитиформ тегіне жататын буынаяқтылар. Бұл кенелер тобы ішінде Dеrmаnуssus gаllіпае тауық кенесінің практикалық маңызы зор. Бұл кене боррелиоз, орнитоз, тырысқақ және оба ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Соны- мен қатар бұл кенелер құс денесіне жаппай жабылғанда олар азады, жұмыртқалау қабілетгілігі төмендейді, тірілей салмағы кеміп, балапандар өлім-жітімге үшырайды. Тауық кенелері D. gаllіпае ұсақ, тұрқы 0, 75 мм-дей (аш кезінде) қозғалымпаз буынаяқтылар.

Аш кенелер ашық сары түсті, қан сорған соң олар қызарады, содан соң қоңырқай тартады. Пішіні сопақ, үстінде көптеген қылдары бар. Дене сырты көптеген қалқаншалардан (склериттерден) құралған, ал олардың арасында созылымпаз жарғақ бар, ол кененің қан сорғанда 2 есе үлкеюіне мүмкіндік береді. Аяқтары ұзын, оның ең бірінші буыны - коксалары қозғалымпаз, ал ең соңғы буын табанында жұп тырнақшалары және мөлдір жабысқағы бар. Бірінші жұп аяқтары сезім қызметін атқарады, кене қозғалғанда алдыңғы аяқтары жылдам көтеріліп және жылдам төмен түсіп, кене өз жолын сипап көргендей болады, себебі тауық кенесінің көзі жоқ. Ауыз мүшелері тесіп-соруға бейім: жоғарғы жақтары (хелицерлері) ұзын және үшкір. Тыныс тесіктері (стигмалары) 3-ші және 4-ші коксалар тұсында ашылады. Кененің еркегі ұрғашыларынан кішірек, хелицерлері қысқарақ, бірақ қомақты. Балаң кенелері қан сормайды, сыртқы қабыршағы мөлдір, шыны түсті.

Slide 17

5-сурет. Тауықтарда кездесетін гамазоид кенесі.

Slide 18

Дамуы және көбеюі.


Ұқсас жұмыстар
Денесінде кенесі бар ауру малдар
Иранның ядро бағдарламасы келісімінен шығуы
Ғаламдық проблемалардың типтері
Пәкістанның табиғаты
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ежелгі парсы патшалығы
Әмір Темір, оның мемлекеті және жаулап алушылық жорықтары
Ақтөбе облысы.Мәдени мұрасы,қайта қалпына келтірілген ескерткіштері
Парсы патшасы
Сақтар туралы деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz