Суармалы егіншілік жағдайында зиянкестерге қарсы күрес жағдайлары


Slide 1

Суармалы егіншілік жағдайында зиянкестерге қарсы күрес жағдайлары.

Шымкент 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Жоспар:

Slide 3

Суармалы егіншілік - ылғалы аз, құрғақ, шөлейт және шөлді аймақтарда жоғары өнім алуға бағытталған егіншілік түрі.

Суармалы егіншілік жағдайында егістіктердің ылғал режимімен қатар қоректік режимі, яғни топыраққа тыңайтқыштар енгізу қолдан реттеледі. Сондықтан суармалы егіншілік тұрақты, сапалы әрі мол ( гектарынан 65 - 70 ц, күріштен 80 - 100 ц, мақтадан 40 - 50 ц, т. б. ) өнім алуды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар сол маусымда суармалы егіншілік танаптарына аңыздық дақылдарды қайталап себу арқылы мал азығы қорын арттыруға болады. Суармалы егіншілік күріш, мақта, қант қызылшасы, бидай, жүгері, жоңышқа өсіруде кең қолданылады. Ыстық аймақтарда Суармалы егіншілік халық шаруашылығына көп пайда әкеледі. Суармалы егіншілікте суару (ылғалдандыру үшін, тұқым себу алдында, вегетация кезеңінде, жаңарту үшін, т. б. ) әр түрлі тәсілдермен орындалады: атыздар арасымен (қызылша, жүгері, мақта, т. б. ), жаңбырлата (жүгері, бұршақ, т. б. ), көлдете (күріш, т. б. ) суару, т. б.

Slide 4

Жоңышқа (лат. Medicago) - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т. б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 - 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры - көп гүлді шашақ. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл.

Slide 5

Жоңышқа суармалы егіншілік танабындағы зиянкестер және күресу шаралары.

Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус - phytonomus uariabilis Hbst. (Curculionidae - бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды) .

Дене тұрқы - 4, 5-5, 5 мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңып болып келген. Қоңыздардың алдынғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдердің денесінің ұзындығы - 10 мм шамасындай, денесінің түсі жасыл, басы қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында және топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады.

Slide 6

Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскелері кем дегенде 500 м алыс болуы қажет. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде - 3-8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде - 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді.

Slide 7

Жоңышқа жуанаяқтысы- Bruchophagus roddi- жарғақ қанаттылар отряды, Eurotomidae - жуан аяқтылар тұқымдасы) .

Кішкене мөлшерлі жәндіктер, ересек жәндіктің дене ұзындығы - 2, 1 мм, дернәсілдерінікі - 1, 5-2 мм. Үлкен дараларына қара түс сипатталған, кеуденің үстінгі бөлігі дөнестеу, құрсағы сабақ тәрізді, мұртшалары мен аяқтары сары қоңыр болып келген. Дернісілі ақ, иілген. Дернәсілдері қоймадағы немесе егін жинау кезінде шашылған тұқымдардың ішінде қыстайды. Қуыршақтану осы жерде өтеді. Имаго тұқым қабағының саңылауы арқылы ұшады. Потенциалды көпциклді түр.

Күресу шаралары. зиянкестің санын азайту үшін егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Тұқым қалдықтарын астық тазалау машиналарына кейін міндетті түрде жойып жіберу қажет. Жоңышқа егістігіне көктемде және күзде тырмалау жұмыстарын жүргізіп отыыру қажет. Егер шанақтану кезеңінзе аулағашпен 10 сермеу жасағанда, ересек жәндіктердің саны 10-20 дара болса, онда егістікті инсектицидпен өңдейді.

Slide 8

Қызылшаның зиянды жәндіктері және күресу шаралары

Қант қызылшасындакөптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус аруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады.

Slide 9

Қызылша сауытты қоңызы - Cassida nebulosa L. (Curculionidae -тұқымдасы, Coleoptera - отряды) . Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы - 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген.

Күресу шаралары. Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістікпен алып тастау керек . сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізіиі бойынша пайдаланған жөн.

Slide 10

Қызылша қандаласы - poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemiptera отряды, Miridae - тұқымдасы. ) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т. б. өсімдіктерді зақымдайды.

Бунақденелілердің дене тұрқы - 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан .

Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің( көкпек, қызыл-құйрық, жусан, т. б. ) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында - мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уақытта 5 жас өтеді де, ересек жәндікке айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байланысты зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды. Қандала өсімдіктің шырының сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады.


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАСТАННЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІГІ
Көшпелі қауым - малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы
Ауыл шаруашылық дақылдарға климаттың әсері
XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті
Азия - қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
АРЫШ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ЖЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
МЕЛИОРАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ПӘНІ
Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz