Жаңа экономикалық саясат


Slide 1

Жаңа экономикалық саясат

1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.

Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді.

Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.

Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 - 1924) жүргізілді.

И. В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.

Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:

1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.

2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.

3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.

4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.

5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.

6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды.

Slide 2

Жаңа экономикалық саясаттың әлеуметтік оң жақтары

20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет.

Жеке саудаға рұқсат берілді.

жерді жалға беру мен жалға алуға рұқсат етілді

Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.

салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді

Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.

Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.

1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.

егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді.

Жәрмеңкелер ашыла бастады.

АП-16-2К

Бимұрза Жания

Slide 3

ЖЭС-тің әлеуметтік жағдайы

1921 жылы наурыз айында жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. (Партияның X съезі)

ЖЭС-тің белгілері:

Азық-түлік салығы;

Сауда еркіндігі(жеке саудаға рұқсат берді) ;

Ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу;

Ауылшаруашылық несиесі;

Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбек қолдану:

Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несие қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға а/ш машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. Несие коорпарациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да реттеу құралдарын беруі өндірілген күштерді қалпына келтіруге көмектесті.

ЖЭС-тің мәні - салғырттан салыққа ауысу болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2, 5 есе аз болды. Шаруалардан алынатын а/ш өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауылдың қаламен байланысын нығайтуға жол ашты.

Slide 4

Жаңа экономикалық саясат әкелген өзгерістер

Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.

Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.

Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.

1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.

Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.

Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.

Несие берілетін болды.

«Қосшы Одағы» құрылды.

Slide 5

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:

Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.

Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

Әкімшілік - күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады.

Slide 6

Индустрияландырудың қателіктері:

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады.

Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.

Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығыныңақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді

Халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған.

Геологиялық тұрғыдан жеріміз аз зерттелді.

Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.


Ұқсас жұмыстар
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер
Салықтық саясаттың міндеттері
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Астана қаласы, 11 қараша 2014 жыл
Әскери Коммунизим саясаты
Қазақстан Қазан төнкерсі мен Кеңес мемлектінің орнауы
Валюталық саясат
ҚР-ғы экономикалық өсу, себептері, факторлары
Халықаралық қатынастар
Жеке меншік капиталы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz