1917 жылғы тамыз - қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ “АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ”ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ “ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ”КАФЕДРАСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы:Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдарында

Орындаған:Шәдібек Ж.

Тобы:АП-16-5К

Қабылдаған:Айкозов С. И.

Slide 2

1917-1920 жылдар аралығында болған

саяси-әлеуметтік оқиғалар. :

.

:

1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы) . Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т. б. ) . Ә. Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті. . Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталығындағы аудандарында қос өкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір қазақ әскерлерінң билеуші органдары, т. б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкітеттің жергілікті к-ттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғмдық-саяси ұйымдары құылып, саяси мәселелерге араласа бастады.

Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т. б. құрылды. 1917 жылдың 4-5 шілдеде Петропавлда Уақытша үкімет большивиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В. И. Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді. 1917 жылдың 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайлары күрт өзгеруіне байланысты 21-26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К. Тоғысов, белсенділері Ш. Әлжанов, Ә. Досов, М. Әйпенов, т. б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты. 1917 жылдың 24-25 қазанда (6-7 қараша) Петроградта большевиктер төңкеріс жасап, Уақытша үкіметті құлатты (қ. Қазан төңкерісі) . Ілешала Ресейдің орталық облыстарында да Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанда бұл процесс 4 айға (1917 жылдың аяғы - 1918 жылы наурыз) созылды. Жаңа өкімет қалаларда, темір жол бекеттерінде және ірі-ірі елді мекендерде ғана жеңіске жетті. Ал қазақ ауылдарында кеңестер билігі тек 20-шы жылдардың бас кезінде ғана орнады (қ. Қазақ ауылын кеңестендіру) . Осы кезде 1917 жылдың 5-13 желтоқсанда Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде Ресей федерациясы құрамына кіретін Алаш автономиясы (қазақ мемлекеттігі) жарияланып, басқарушы ұлт кеңесі - Алаш Орда сайланды, халықтық милиция жасақтау қажеттігі айтылды. Алаш Орданың төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Саяси биліктен айырылғаннан кейін революцияға қарсы топтар қарулы қарсылық көрсете бастады. Кеңес өкіметін құлату үшін 1918 жылы жазда ақ гвардияшылар шет елдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, т. б. ) көмегімен кең көлемде азамат соғысын бастады. Олар Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей, т. б. қалаларды басып алып, кеңес өкіметін құлатты. Көп ұзамай Жетісу және Сырдария облыстарының көпшілік бөлігі, және Торғай облыстарының кейбір аудандарынан басқа жерлердің бәрінде Кеңес өкіметі құлады. Алаш Орда үкіметі 1918 жылдың жазынан бастап Кеңес өкіметіне ашық қарсы шығып, Орынбордағы атаман Дутовпен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен одақтасты. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР - нің
Алашорда үкіметінің құрылуы
Алаш қозғалысы, ұлт зиялылары
Қазақстан мен Орталық Азияда Кеңес үкіметін орнату
Қарасора арамшөбі
1917 жылға дейін көтеріліс болған өңір
Алаш партиясын құрылуы
1916 жылғы көтеріліс бүкіл
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы- өлке тарихының құрамдас бөлігі
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz