Интуицияны дамытудың жолдары


Slide 1

Интуицияны дамытудың жолдары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Амалбекова Айдана

Тобы: АП-16-2к

Қабылдаған:Қалходжаева А. М.

Шымкент 2017

Slide 2

Кез келген адам интуициясын немесе ішкі дауысын дамыту керек екенін біледі. Ол бізді қиын шақта дұрыс жолға салып, шешім қабылдауға көмектеседі. Оны дамытудың жолдары бар ма?

Slide 3 Slide 4

Қиялдаудан қорықпаңыз

Фантазия әрбір адам баласына тән қасиет. Бала кезіңізде сіз еркін қиялдай алатын болсаңыз, есейе келе оны қажет емес не пайдасыз деп бағалап, фантазияны сананың ең алыс бөлігіне итеріп тастайсыз. Оны қайтадан бері алып шығу үшін күнде таңертең блокнотқа ойыңызға келген сөздер, сөйлемдер, дәйексөздерді жазып отырыңыз. Әр жазған сөзіңізді елестетіп, оқиға құрыңыз. Уақыт өте келе сіздің не жақындарыңыздың өмірінде блокнотта жазылған оқиғалар бола бастағанын байқайсыз. Жаңа нәрселерді танудан қорықпаңыз.

Slide 5

Интуиция

логикалық негізділіктің жеткіліксіз кезінде қандай да бір мәселені шешуге көмекке келетін ішкі дауыс.

қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, ұғыну.

Ақиқатты дәлелсіз тура нақты қабылдау қабілеті.

Slide 6

Фильм түсіріңіз

Ойыңызбен өзіңіздің өміріңіз жайлы фильм түсіріп көріңіз. Біреумен кездесудің алдында сол сәтті елестетіңіз. Кездесу болатын жер, киіміңіз, сәлемдесу, әңгіме барысы, қоршаған орта, жан-жағыңыздағы адамдар, мәзір, сол адаммен кездесуден кейінгі көңіл-күйіңізді, бәрін елестетіп көріңіз. Бұл тек кездесуге ғана емес, демалыс, саяхат секілді басқа жағдайға да қатысты.

Slide 7

Жағдайды шешу амалын іздеңіз

Кез келген адамның өмірінде «шешімі жоқ» жағдайлар болып тұруы мүмкін. Мұндай кезде сасқалақтамай, сабаға түсу керек. Мәселенің шешімі үнемі сіздің жадыңызға тұрады. Ішкі дауысыңызды тыңдап, оған сенуді үйреніңіз. Жұмыстан шығып кетсеңіз, неге олай болғанын өзіңізден сұраңыз. Ішкі дауысыңыз жауапты нақ біледі. Бар болғаны оны ести білу керек. Келесі қадам: жаңа жұмысқа тұруға тырысу. Интуиция сіз сұрақ қойған кезде жұмыс істей бастайды. Нақтырақ айтқанда, ол «мәселе - себебін анықтау - шешімдерді табу - ең ұтымды шешімді анықтау - нәтиже» деген схема бойынша жұмыс істейді. Логика мен интуиция бір-біріне паралель жатқанмен өмірде тоғысатын жерлері болады. Мұны да ұмытпағайсыз.

Slide 8

Ең бастысы, тілек пен интуицияны ажырата білу.

Slide 9

Ішкі жан дүниені тану

Күніне ең болмағанда жарты сағатты өзіңізге арнаңыз. Бұл не үшін керек? Өзіңізді тану барысында сіз өз сезіміңіз бен ойларыңызды түсіне бастайсыз. Жалғыздықтан қорықпаңыз. Себебі, нағыз бақыт біреудің қолында емес, өз ішімізде, санамызда. Сіз оны тауып алуыңыз керек. Интуицияға әр адам әртүрлі анықтама береді. Бірі оны іштен шығатын дауыс десе, бірі дұрыс емес шешім қабылдау кезіндегі қорқыныш ретінде таниды. Ішкі дауысыңызды тыңдай біліңіз. Ол әр адамға тән, табиғаттан дарыған мүмкіндік. Және ол сіздің өміріңізді танымастай қылып өзгертуге қауқарлы.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
ТАНЫМНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Ғылыми қамтымды экономиканың алғашқы қадамдары
Метатехникалық сабақтың міндеттері
Диалогтік оқыту жолдары
Кәсіпорынның құрылымы және оны жетілдіру жолдары
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
Арттерапияның түзету принциптері
Гуманистік арттерапия
Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz