Оқушыларды ақпараттандыру
Презентация қосу
Қалыптастырушы бағалау
Орындаған:Бимұрза А.
Қабылдаған:Ибрагимов Р.
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) – сабақ
беру және оқытудың бөлігі болып
табылатын, оқушының жетістік
критерийлеріне қаншалықты жеткендігін
анықтайтын, мұғалімдердің оқу мақсатына
сәйкес өткізетін ағымдағы бағалауы.
Қалыптастырушы бағалаудағы шешім
жетістік критерийі негізінде қабылданады.
ҚБ бойынша балл көсеткіштері
тоқсандық, жылдық және қорытынды
бағалауда баға қоюда ескеріледі.
Сондықтан барлық сыныптар пен
мектептерде оқушыларды бағалауда
бірыңғай стандарттардың қолданылуы
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ)
Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында
оқушылар түсінігінің ағымдық деңгейі мен
ілгерілеуін анықтау үшін оларды белгілі бір
уақыт бойы бақылау қажет.
Қалыптастырушы бағалау оқушының
тоқсандағы немесе оқу жылындағы
жетістіктері туралы шешім қабылдауға
мүмкіндік береді. Қалыптастырушы
бағалау сабақ берудің және оқытудың
бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Мақсаттары мен принциптері
Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу
бағдарламасындағы барлық оқыту мақсаттарын қамтуы
керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу
мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген. Оқу
әрекетінде көрсетілгендей, білім мен дағды біркелкі және
бір уақытта дамып отырады. Оқушы белгілі сыныпқа
берілген барлық оқу мақсаттарына жетуі қажет.
Қалыптастырушы бағалау үдерісін ұйымдастыру және
өткізу үшін әр тоқсанда оқу мақсаттарынан бірнешеуі
іріктеліп алынған. Осы оқу мақсаттары мұғалім мен
оқушыға дағдының және түсініктің ілгерілеуін пәндер
бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Барлық немесе кез-
келген оқу мақсаттары ІЖБ мен СЖБ кезінде бағаланады.
Мақсаттары мен принциптері
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнен оқушының оқу
мақсатына қаншалықты жеткенін көрсете отырып, оның білімі
мен түсінуін және іріктелген оқу мақсаттарында көрсетілген
дағдылары туралы кәсіби пікір қалыптастыруын талап етеді.
Оқушының сабақ барысында орындаған тапсырмалары ҚБ-да
дәлелдеме негізі болып табылады. Бағалау бойынша
ұсыныстар әр оқу мақсаты бойынша дәлелдемелелерді
жинақтау жолдарын көрсетеді. Кейбір тапсырмаларды бірнеше
оқу мақсаттары бойынша жинақталған дәлелдемелер ретінде
қатар қолдануға болады (мысалы, эссе, баяндамалар, жоба
жұмысы, әңгімелер, презентациялар, постерлер, Бейнелеу
өнері бойынша жұмыстар, жасалған бұйымдар мен
қойылымдар). Бұл тапсырмаларды орындау үшін кейде бір
сабақ жеткілікті, кейде бірнеше сабақ қажет. Қалыптастырушы
бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің құрамдас бөлігі,
сондықтан мұғалім жеке қалыптастырушы бағалауға арнап,
тапсырма құрастырмауы керек (мысалы, тестіні). Мұғалім
Мақсаттары мен принциптері
Мұғалім қажетінше дәлелелдемелерді анықтаған
соң, оқушының нәтижеге, яғни оқу мақсатына
«жетті» ме, әлде «талпынады» ма екенін анықтайды.
Мұғалім оқушының оқу мақсатына «жеткендігі
туралы» барлық мектептерде бірыңғай
қолданылатын, бағалау бойынша стандарттарға
сүйене қабылдайды.
Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім
оқушының оқу мақсатына қашан жеткенін көрсете
отырып, оның ілгерілеуін белгілейді. Келешекте ол
сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге
көмекші бола алады. Оқушылармен бірге іріктелген
оқу мақсатына «жетті» және «талпынады» деген
шешім бойынша рефлексия жүргізуіне болады
Мақсаттары мен принциптері
. Сабақ беру үдерісінде әлі де талпынатын
оқушылардың оқу мақсатына жету
мүмкіндігін қарастырып, бейімдеу қажет.
Рефлексиядан кейін оқушыларға кері
байланысты беру аса маңызды. Оқу
мақсатына сүйеніп, оқушылар қай жерде
жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу
керектігін анықтауға болады. Мұғалім
негізгі кезеңдерде бағалаудағы «жетті»,
«талпынады» шешімдерінің барлық
мұғалімдермен біркелкі қабылданғанын
тексеру үшін бағалау нәтижелерін
әріптестерімен талқылап отырады.
ҚБ іс жүзінде қолданылуы
Мұғалім оқу жылының басында
қалыптастырушы бағалауға іріктеліп
алынған оқу мақсаттарының оқу
жоспарында бар екендігін анықтайды. Бұл
мұғалімнің ҚБ бойынша тапсырмаларды
алдын-ала жоспарлауына көмек береді.
Оқу жоспарындағы ұсынылған оқу әрекеті
оқытуды тиімді өткізуге мүмкіндік
туғызады. Сонымен қатар, мұғалім өз
оқушыларының қажеттілігіне және оқыту
мазмұнына сай өз тапсырма жұмыстарын
бере алады.
ҚБ іс жүзінде қолданылуы
Оқу мақсаттары, тапсырмалар және
жетістік критерийлері өзара тығыз
байланыста болады. Жоспарлау оқу
мақсаттарын анықтаудан басталады.
Мұғалім оқушының игеретін білімі туралы
шешім қабылдаған соң, оған сай
тапсырманы оқу жоспарын қолдана
отырып жоспарлайды. Тапсырма оқушының
бір немесе бірнеше оқу мақсаттарына
табысты түрде жетуіне ықпал етеді.
ҚБ іс жүзінде қолданылуы
Оқушы тапсырманы орындап жатқан
кезінде мұғалім оның оқу үрдісінің қай
сатысында екенін анықтауға тырысады. Ол
ағымдағы нәтиже деңгейін осы деңгейге
сәйкес жетістік критерийлеріне жүгіне
отырып салыстырады. Оқушы оқу
мақсатына «жеткен» жағдайда, мұғалім
оқушы білімін әрі жетілдіруді ұсынады,
қиынырақ деңгейдегі тапсырмалар береді.
Оқу мақсатына «талпынған» оқушыға
мұғалім қолдау мен кеңес береді, әрі қарай
оқу мақсатына жетудің жолдарын
көрсетеді.
ҚБ іс жүзінде қолданылуы
ыр
тап с
ма
жетісті
к
критер
ийі
оқу мақсаты
Оқушыларды ақпараттандыру
Мұғалім мен оқушы қалыптастырушы бағалауға
байланысты оқу мақсаттары мен жетістік критерийлері
туралы ақпараттар арқылы үнемі пікір алмасып отыруы
керек. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы үшін
жетістік критерийлерін түсінікті тілде басқаша өзгертіп
жазуға болады. Оқушы өзінен талап етілетін дағдыларды
дұрыс түсінгенде және оқу мақсатына жету үшін нақты
ақпаратты білгенде ғана, өзіне өзі жетістік критерийлеріне
қаншалықты жеткендігі туралы баға бере алады.
Кейбір тапсырмалар бір емес, бірнеше оқу мақсаттарын
қамтиды. Мұндай жағдайда мұғалім алдын-ала оқушыларға
қысқаша нұсқаулар беріп, оларға бірнеше оқу мақсаттары
мен оларға сай жетістік критерийлері туралы түсініктер
береді.
Мысалы, оқушыға математикадан белгілі
бір есептерді шешуге тапсырма берілді.
Бұл тапсырма төменде берілген үш оқу
мақсаттарын қамтиды және сол
мақсаттарға жетуде дәлеледеме ретінде
қолданылады:
1. Жалпы өткен тақырыптарға сай
формулалар,ережелер, амалдар қорын қолдану;
2 Есепті өткен тақырыбын жаңа тақырыппен
байланыстыстыра отырып есептің түріне қарай
дұрыс қолдана отырып шығару.
3 Шығарған жолдарын нақты тастап кетпей жазу .
Оқушыларды ақпараттандыру
Бұл жағдайда оқушыларға олардың
өтілген тақырыптар қорын қолдана білуі
керектігі туралы ескертіліп,
ереже,формулаларды қолдана отыра,
олардың өзара байланыстыруы туралы
және дұрыс қолдануы туралы алдын-ала
айтып өту маңызды. Сонымен қатар,
оқушылардың тапсырмасындағы дұрыс
шығарылуы мен нақты шешу жолдары
бағаланатыны туралы айтып өту тиімді.
Бұл оқушылардың оқу мақсаттарына жету
үшін неге назар аудару керектігіне
ықпалын тигізеді.
Нәтижелерді тіркеу
ҚБ нәтижелерін оқушы нәтижелерін тіркейтін АБЖ (ақпараттық
білім жүйесі – электрондық журнал) электрондық журналына
түсіріп отыру қажет.
Мұғалім оқушының оқу мақсатына жеткеніне, барлық жетістік
критерийлерін орындағанына сенімді болғанда ғана электрондық
журналға белгілейді.
Бұл оқушының тапсырманы орындап жатқандағы дағдыларын
бақылау кезінде немесе үй тапсырмасы мен сыныптағы
тапсырманы орындаған кездерінде өткізіледі.
Шешім қабылдау үшін мұғалімде жеткілікті дәлелдемелер болуы
қажет (мысалы, мұғалімнің жазуы, үйде немесе сыныпта
орындалған тапсырма). Мұғалім қажетінше оқушылардың аты-жөні
жазылған дәптер жүргізіп, оған әрбір іс-әрекет түріне сәйкес
бағалау нәтижелерін тіркеп отыруы ықтимал. Бұл мұғалім үшін әр
оқушының нәтижесін оның тапсырманы орындау барысында
бақылап, жазып отыруына мүмкіндік береді. Дәптердегі ақпарат
бағалаудан кейін электрондық журналға көшірілуі тиіс.
Нәтижелерді тіркеу.
Мұғалім электрондық журналды жүйелі түрде толтырып отырады.
1. ҚБ арналған оқу мақсаттары алдын-ала
электрондық журналдың ҚБ бөліміндегі жоғарғы
бағанасында көрсетілген.
2. Оқудың құрамдас бөлігі ретінде
қалыптастырушы бағалауды өкізгенде, мұғалім
электрондық журналдағы «ӘБ» (әлі бағаланбаған)
деген жазудың орнына оқу мақсатына жеткен
жағдайда – «Ж» әрпін, оқу мақсатына талпынған
жағдайда - «Т» әрпін белгілейді. Оқу мақсатына
«талпынған» оқушыларға мұғалім осы тоқсан
ішінде мақсаттарға жету үшін басқа мүмкіндіктер
береді. Нәтижелерді көрсету үшін электрондық
журналды жаңартып отыру қажет.
Нәтижелерді тіркеу
ҚБ бойынша орындалған тапсырмалардың
дәлелдемелерімен қатар оқушы
портфолиосында оның күнделікті іс
жүзінде орындайтын жұмыс құжаттары
болуы да мүмкін. Дегенмен, портфолио
мұғалім үшін қосымша әкімшілік міндет
жүктейтіндей қолайсыз немесе өте үлкен
көлемді болуы мідетті емес. Оқушының оқу
мақсаттарын орындауда ілгерілеуін
көрсететін дәлелдемелер бір папкада
сақталып, оқушының оқу жоспарында
берілген оқу мақсаттарына жеткендігін
анықтайды.
Топтық жұмыстағы ҚБ
Мұғалім қалыптастырушы бағалауда нақты
дағдыларды бағалаудың тиімді тәсілі
ретінде топтық жұмысты жиі қолдана
алады. Мұғалім топтық жұмысты
бағалауда әрбір оқушының оқу мақсатына
«жеткендігі» туралы жеке шешім
қабылдайды. Мұғалім бүкіл топтағы
оқушыларға бір шешім шығара алмайды,
ол әрбір оқушының жеке нәтижесін
дәлелге алып, шешім қабылдауы керек.
Топтық жұмыстағы ҚБ
Мұғалім топтық жұмыста әр топтың
оқушыларын тыңдайды және бақылайды:
оқушылардың басымы жетістік
критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына
жете алса, мұғалім мұндай оқушыларды
жазып алуы керек. Одан кейін мұғалім әлі
де оқу мақсатына талпынатын
оқушыларды бақылап және қосымша
сұрақтар қоюы қажет: - Сіздер бұл туралы
не ойлайсыздар? - Сіз маған өз тобыңызда
нені талқылағандарыңызды түсіндіре
аласыз ба?
Топтық жұмыстағы ҚБ
Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім
барлық топтардың жұмысын бақылауы
тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және
тапсырма орындауға қатысуды қатар
атқаруға болады. Жауаптарды
бағалағаннан кейін мұғалім әлі де оқу
жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар
топқа қайта келіп, оларға оқу мақсатына
жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі
керек.
Жоғарыда аталғандардың бәрі белгілі оқу
мақсаттарына жетудің дәлелі бола алады.
Қалыптастырушы бағалауды оқытуды
жетілдіру үшін қолдану
Қалыптастырушы бағалаудағы іріктелген оқу
мақсаттары бойынша шешім қабылдағаннан
кейін, мұғалім өз оқушыларының нәтижелерін
сараптауы маңызды.
Оқушылардың бастапқы білімдері негізінде
күтілетін нәтижелердің қандай болатыны
туралы ойлану қажет.
Күтілетін нәтиже мен мұғалімнің шешімі
сәйкес келуін ескеру керек.
Қалыптастырушы бағалауды оқытуды
жетілдіру үшін қолдану
Мұғалім келешектегі жұмысын жоспарлау үшін
рефлексияны қолдануы тиіс.
Мысалы, оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына жетеді
деп күтілген жағдайда, кейбір оқушылар оқу
мақсаттарына жетпесе, ондай оқушыларға көмектесу үшін
келесі сабақтардың мазмұнын қалай өзгерту керектігі
туралы ойлану қажет.
Егер сыныптың жартысы оқу мақсатына «жетті», ал
жартысы «талпынады» деген шешімге ие болса, оқушы
ілгерілеуінің әр деңгейін қолдау үшін сараланған
тапсырмаларды беру туралы ойланған дұрыс. Саралау әр
топ үшін әр түрлі тапсырмалар пайдалану керектігін, әр
түрлі ресурстар немесе оқу мақсатына «жеткен»
оқушылар үшін қосымша тапсырмалар дайындауды
ескереді. Әр оқушының өз жұмысы бойынша келесі
қадамын және мақсатын білуі маңызды.
Оқу мақсатына жетуге «талпынатын»
оқушыларға қолдау көрсету
Мұғалім оқу мақсатына «талпынатын» оқушыларға кері
байланыс пен қосымша көмек көрсетуге міндетті.
Ол оқушының қабілетсіздігін білдірмейді, оқушыға оқу
мақсатына жетуі үшін қосымша ұсыныстар беру арқылы
қолдау көрсету қажет.
Оның мақсатқа жетудегі келесі қадамдарын
анықтамас бұрын, оны ынталандыру үшін нені жақсы
көрсете алатынын анықтап алу қажет (кемшшіліктерді
талқылау оқушыны ынталандырмайды).
Сабақ барысында немесе келесі сабақтарда
оқушының оқу мақсатына жету үшін мүмкіндіктердің
берілгеніне мұғалімнің көзі жету керек.
Ол үшін оқу жоспарын қарастырып, ондағы осы
оқушыларды бағалауға келетін ұқсас тапсырмаларды
қолдануға болады (мысалы, ғылыми эксперимент).
Егер ұқсас тапсырмалар болмаса, мұғалім қайта
бағалауды қай уақытта өткізетіні туралы шешім
қабылдайды.
Тоқсан аяғында өткізілген талқылауда мұғалім
қосымша срақтар қою арқылы оқушылардың тоқсан
соңындағы оқу мақсаттарына қаншалықты
«жеткендігін» анықтайды.
Мұғалім мен әріптестерінің дәлелдемелердің
қаншалықты жеткілікті екенін шешу үшін, мұғалім бұл
сұрақтар мен жауаптарды жазып отыру қажет.
Оқушылардың жетістіктерге әр түрлі
жылдамдықпен жететіні мен олардың мықты және
әлсіз жақтарының болатынын да есте сақтау керек.
Кейбір оқу мақсатына «талпынған» оқушыларға қолдау
көрсету қажет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz