Бағыттамалы бұрмалар мен тұйық қиылыстарды салуға қойылатын талаптар


Slide 1

Габарит

Габарит - заттардың, құрылғылар мен қондырғылардың шектік сыртқы сүлбелері (сызықтар) .

Пойыздар жүйесінің қауіпсіздігін сақтау үшін, локомотивтің, вагонның, ашық құрамдағы жүктің жүріс кезінде қандай да бір ғимараттарға соқтықпауы қажет. Стансада адамдарға қызмет көрсететін көлікке, жылжымалы құрамға өту үшін жолдардың арасындағы қауіпсіздікті сақтау қажет. Осындай мақсатта жылжымалы құрам белгілі бір қатал тәртіпте құрастырылады, оны жылжымалы құрамның габариті деп атайды. Барлық құрылғылар мен ғимараттар жолдан белгіленген бір қашықтықта тұруы қажет, оны құрылыстың жақындық габариті деп атайды.

Темір жолды қайтадан өңдеп, жаңа жоспар жасағанда және жеке ғимараттарды салғанда стандарт талабына сай «құрылыстың жақындық габариті мен темір жолдағы жылжымалы құрамның дөңгелек арасы 1520 мм» болуы шарт:

- жолдар үшін, темір жол желісіндегі ғимараттар менқұрылғылар және өнеркәсіп орындарымен стансаны жалғастыратын кірме жолдар -құрылыстың жақындық габариті С

- жолдар үшін, аумақтағы ғимараттар мен құрылғылар және зауыт, фабрика, шеберхана, теңіз бен өзен порттары, қойма мен басқа да өнеркәсіп аумақтарында, соның ішінде темір жол желісінің кәсіпорындарында - құрылыстың жақындық габариті Сп-

Slide 2

Габариттер түрлері

1. Құрылыстардың жолға жақындау габариті деп- ішкі аумағына жылжымалы құрамнан басқа жол бойындағы құрылыстар мен құрылғылардың ешбір бөлігі енбейтін көлденең шектік өлшемін айтады. ―о―о― электрификациясы бар жолдардың өзінде электификациясы болмайтын жолдардан басқа жолдарда жаңадан салынып жатқан құрылыстар мен құрылымдар; І-ІІ-ІІІ жылжымалы құрамның тоқтауы қарастырылмайтын айрықтар мен станция жолдарында; Іа-ІІа-ІІІа-Іva -қалған жолдар үшін; алымы- контактты ілмекті арқаны бар, бөлімі-контактты арқаны жоқ; ―х―х― электификациясы бар жолдардың өзінде электроф-ы болмайтын жолдардан басқа жолдардағы құрылыстар мен құрылымдар; ―. ― - айрықтар мен станцияның шеткі жолдарының сыртқы жағында орналасқан құрылыстар мен құрылымдар; ―. . ― - айрықтар мен станцияларда бір де бір құрылым көтеріп тұруға болмайтынын көрсететін сызық; а- жоғарғы бөлігі; тек қана сигналдық құрылғылар үшін. - арба рамаларында тіркелген бөліктер үшін; х -рессорланбаған бөліктер үшін.

Slide 3

2. Жылжымалы құрам габариті -жүк тиелгенде немесе бос жылжымалы құрам түзу жолда тұрғанда ішкі аумағынан шықпайтын көлденең шектік өлшемін айтады.

3. Жүктеу габариті -жолдың шеткі көлденең перпендикуляр өстерінің кескінін атайды, оғантиелген жылжымалы құрам шықпай кіруі тиіс, жылжымалы құрам тік горизонтальді жолда және ұзына бойына орналасқанда, олардың өстері жылжытылады.

Slide 4

Бағыттамалы бұрмалар мен тұйық қиылыстарды салуға қойылатын талаптар

Бағыттамал бұрмалар мен тұйық қиылыстар бекітілген сызбаларға жолға төселген рельс үлгілеріне сәйкес болуы тиіс. Бағыттамалы бұрмалардың төмендегі маркалы айқастырмалары болуы тиіс: -парктік және өзгелерінен басқа, барлық жолдарда құламасы -1/9; -парктік және өзгелерінен құламасы -1/5; -айқаспалы құламалардың тұйық қиылыстарында 2/9 тік емес маркалы айқастырылмалы болуы тиіс.

Төменде келтірілген ақаулықтардың ең болмағанда біреуі бар бағыттамалы бұрмаларды және тұйық қиылыстарды пайдалануға тыйым салынады, олар: 1) бағыттамалы үшкірлердің ажырауы; 2) бірінші жалғастырушы тартымның қарсы тұсында өлшенетін үшкірдің рамалық рельстен 4мм ге және көп кейін қалуы; 3) тереңдігі 3мм ден көп емес бірінші байланыстырушы тартымға дейін үшкірдің ұшынан үгітілуі кезінде жалынның шығып кету қаупі туындайды; 4) басты және бекеттік жолдарда-200мм және одан астам; 5) парктік және басқа бекеттік жолдарда - 400мм және одан астам;

Slide 5

6) үшкірдің ең үстіңгі бетінде 50мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенетін үшкірдің рамалық рельстің қарсысында 2мм ге және одан астамға төмендеуі; 7) айқастырма өзекшесінің жұмыстық қыры мен жанама рельстің қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм ден кем;

8) Жанама рельс пен жақтаудың қалпақшаларының жұмыстық қырларының арасындағы қашықтық 1435 мм ден астам; 9) үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы; 10) айқастырманың омырылуы; 11) бір бұрандамалы ішпекте бір немесе екі бұрандамалық ішпекте екі жанама рельстік бұрандаманың ажырауы

Slide 6

Бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды жөндеуді және ағымдағы ұстауды бағыттамалық нұсқағыштарды, лақтырғыш табандықтарды, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды, вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды, бұрылмалы білеулерді, топсалық - иінді тұйықтағыштарды орнатуды, жөндеуді және күтіп ұстауды жол шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді. Бұл құрылғыларды қолданылатын автоматика және телемеханика құралдарын жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді сигнализация және байланыс шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді

Slide 7

Жол шаруашылығының құрылымдары мен құрылыстары


Ұқсас жұмыстар
Жүк стансаларының арналуы
Желілік құрылыстарды трассалау туралы түсінік
Стоматологиялық кабинеттің ұйымдастыру ерекшеліктері
Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ
Paint графикалық редакторы
Борттық тамақтануға қойылатын гигиеналық талаптар
Қисық сызық салу әрекетінің дұрыс реті
Қарапайым графикалық редакторы
Қазақстандағы ветеринария мәселелерін заң жүзінде реттеудің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz