Темперамент мінез және қабілет
Презентация қосу
Қазақ спорт және туризм академиясы
Темперамент мінез және қабілет
Орындаған: А.Б
Жоспар:
1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім
2.1. Темперамент түсінігі
2.2. Темперамент типтері
2.3. Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде
2.4. Мінез – құлық формалары мен функциялары
2.5. Қабілет туралы түсінік
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы
және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет–
қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің
көп түрлі типологиясы қалыптасты. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа
адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін
бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл»
деп сипаттайды. Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік
меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын,
жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара
- психологиялық ерекшелігі
Негізгі бөлім:
Темперамент түсінігі
Темперамент (латын тілінен аударғанда – сәйкестік)- әр
адамның психологиялық
қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын),
немесе мінез-құлқын сипаттайтын ерекшелік. Темперамент –
организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе
жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас
психикалық құбылыс.
Сангвиникалық Холерикалық
Темперамент типтері
Меланхоликалық
Флегматикалық
Сангвиникалық темперамент өкілдері қозғалғыш,сергек
қызыққыш келеді. Эмоциялық көңіл күйі тұрақсыз,өзгеріп
отырады,сезімге тез беріледі.Олардың сезімдері күшті,терең
емес.Шапшаң ашуланады,бірақ тез басылады,кек сақтамайды,
тез ұмытып кетеді,сәтсіздіктерді тез жеңе біледі,ұжымда
беделді.Адамдармен тез арада тіл табыса біледі. Сангвиникалық
типтегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз
эиоциялық қозуымен ерекшеленеді.Олар әртүрлі іске тез кіріседі,
бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғынам
дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір
бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс әрекетке бейім
емес. Олардың ренжуі де, жылау да тез,күлуі оңай. Сезімі тез
өзгеріп отырады.
Холерик темперамент өкілдері тез пайда болатын күшті және тұрақты
эмоциялық қозуымен ерекшеленеді.Холериктердің сезімі бет пішінінен, дене
қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. Холериктер күйіп пісу, тез
қозғалғыштық, әруақытта да іс әрекетке бейім келеді.Оларда психикалық
үрдістер тез, жылдам жүріп жатады. Холериктер іс әрекетке
жылдам,қызыға,құлшына кіріседі.
Бұл типтегі адамдар өте белсенді.Олар жігерлі, қызу қанды, кейде артық
кетіп қалады,кейде ашуға, сезімге тез беріледі.Ұжымда эмоциялық
ұстамсыздық танытады және осының негізінде кейде жайсыз ахуал
қалыптасады.
Холериктердің жағымды жақтары белсенділігі, іскелігі, іс әрекетке тез
енетіндігі. Жағымсыз тұстары ұстамсыздығы,дөрекілігі, ұшқалақтығы,ашуға
тез берілгіштігі.
Флегматикалық темперамент жай пайда болатын, әлсіз және қысқа
мерзімді эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі
сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы
да қиын. Флегматикалық типтегі балалар сабырлы,салмақты, мінез құлқы
әр уақытта да бір күйде тұрады. Флегматиктердің психикалық үрдістері
жай,бірсарынды жүреді.Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетте
баяу.Істеген ісін сапалы,тындырымды орындайды. Адамдармен қарым
қатынаста флегматик әр уақытта да орнықты,салмақты, ретімен
адамдармен араласады,көңіл күйі тұрақты. Олар әр кез жанжалдан басын
ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерге тән
сылбырлық, енжарлық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттер
қалыптасуы мүмкін.
Меланхолик темперамент.Меланхоликтер тұрақты, ұзақ
көңіл күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз
аңғарылады.Меланхолик типтегі адамдар қозғалыста іс әрекетте
баяу. Меланхолик іс әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып
жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін
жеткізеді.Бұл типтегі балалар тез шаршайды, эмоциялық көңіл
күйі жай пайда болады, бірақ тереңдігімен,ерекше күшімен және
ұзақтығымен ерекшеленеді. Меланхоликтердің жаны тез
жараланғыш,көңіліне ауыр алғандарын ешуақытта ұмытпайды,
кекті ұзақ сақтайды.Бұл типтегі адамдар көбіне тұйық келеді,
ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес,жаңа адамдармен
қарым қатынас жасауы қиын. Олар қоғамдық жұмысқа
қатыспайды, ондай балалар өзімен өзі болғанды жақсы көреді
Сондықтан да дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбие жұмысында
меланхоликтерге ерекше назар аударған жөн. Темпераменттің
ерекше қарапайым,табиғи көрінуін біз балалық шақта
байқаймыз.Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым
қатынасы күрделене түседі, демек,бұл дүниенің әсерін соғұрлым
ол сезіне түседі.
Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде
Адамның сыртқы ортамен
байланысуы үшін жасайтын
сыртқы дүниенің сансыз
тітіркендіргіштеріне өз әлінше
түрліше жауап қайтарып
отыратын қатынастарының
жиынтығы оның мінезін
құрайды.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға
жинақтауға болады:
1)Адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді:
коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйлесімділік, адалдық және т.б.
2)Оларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т.б.
3)Адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері: еңбек
сүйгіштік, құнттылық, инициативалық, - салақтық, тиянақсыздық,
кертартпалық, т.б. бітістер кіреді.
4)Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың
негізгісі, оларға: кішіпейілдік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя
білушілік, - өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық, т.бт жатады.
5)Адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктерін
құрайтын мінез бітімдері: бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе
мінездің жотасы деп атайды.
Қабілет
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға
мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік
пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені
адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне
орай қалыптасады.
Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен
айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе
жаткан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар
бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет,музыка т.б.)
әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын
хабарлайтын белгі деуге де
болады.
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің
ғылымға қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы
кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің
оның есейген шағында көрінуі ғажап емес. Жас
шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын,
жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді
сақтай алмайтын адамдардың кейіннен суретші
болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның
аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен бала
кезінде тұттықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше
жаттықтырудың арқасында Қабілетінің кемістігін
жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған
Қорытынды:
Нақтылап айтқанда, темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен,
әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады,
тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші
мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше,
сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты,
тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу
күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Бала мінезін тәрбиелеу мұғалімнің жаңашылдығы мен шығармашылығын үнемі
қажет ететін, бұл жолда ылғи да жалықпай, қажымай әрекет етпейінше, тиісті нәтиже
шығармайтын өте жауапты жұмыс болып табылады.
Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі
мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл
өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім
өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Құбығұл «психология негіздері»
Алматы 2005. 343-370б.
2. Т,Тәжібаев «Жалпы психилогия» Алматы1993.
223-232б
3.http://kk.wikipedia.org/
4.http://bigox.kz/kabilet/
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz