Микроорганизмдер алуантүрлілігі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ
Тақырыбы: Микроорганизмдердің алуантүрлілігі және олардың биотехнологиядағы маңыздылығы.
Алматы 2019ж.
Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім. Микроорганизмдер алуантүрлілігі
Бактериялар
Актиномицеттер
Саңырауқұлақтар
Микробалдырлар
Вирустар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Микроорганизмдер
Микроорганизмдер-жиынтық ұғым. Олардың қатарына жай көзге көрінбейтін, яғни мөлшері 0, 07-0, 08 мм-ден (70-80 мкм-ден) аспайтын тіршілік иелері, атап айтсақ, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, микоплазмалар, риккетсиялар, вирустар және басқа да организмдер жатады. Міне сондықтан да оларды тек арнайы үлкейткіш құралдардың көмегімен ғана көруге болады.


Бактериялар
Бактериялар - прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі - 2-6 мкм. Белгілі бір түрге қатысты микроағзаларға тән болатын бактериялар жасушаларының көлемі мен пішіні түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін (бактериялдық дақылдың жасына, тіршілік ортасына және сол сияқтыларға байланысты) . Бұл құбылысты полиморфизм деп атайды. Пішіні жағынан бактериялардың жасушалары үш топқа бөлінеді: шар тәрізді, таяқша тәрізді және иілген.

Бактериялар маңызы
Адам барған сайын бактерияларды кеңiнен қолдануда. Бұл қазiргi өндiрiстiң қайта қурылуы және биотехнологияның пайда болуының алғы шарттары. Осыған қарамастан, бiз күнделiктi қолданыс заттарының, соның iшiнде қоректi заттар мен энергия көзiнiң алыну әдiсiнiң түбiрiмен өзгертетiнiне сенiмдiмiз. Биотехнологияның өркендеуi көп жағынан генетикамен байланысты. Генетикалық бiлiмнiң жиналуынан, кез-келген организм генiмен, соның нәтижесiнде, айналымға қатысуға еркiн мүмкiндiк алдық. Осылай гендiк инженерия пайда болды.
Биогеохимиялық циклдар (биогендi элементтер айналымы) . Азот айналымына келесi бактериялар қатысады:
азоттүзушi бактериялар, еркiн тiршiлiк ететiн сапрофиттер, мысалы Azotobacter, немесе симбионттар, мысалы Rhizobium;
нитраттаушы бактериялар, органикалық қосылыстарда байланысқан азотты (мысалы, ақуызда) нитратқа, мысалы Mitmsomonos Nitobactor: айналдырады;
нитраттайтын бактериялар, мысалы Thiobacillus, яғни нитратты бос азотқа айналдырады.

Актиномицеттер
Актиномицеттер (Actinomycetales, грекше aktis-сәуле, mykes-саңырауқұлақ) - актинобактериялар (Actinobacteria) типіне жататын тармақталған бактериялар. Олар зең саңырауқұлақтары мен бактериялардың қасиеттері үйлескен, аралық орынға ие микроорганизмдер. Мицелийлерінің болуына қарай және тұқым жемісті органдарының құрылымына қарай саңырауқұлақтарға ұқсатады.

Актиномицеттердің маңызы
Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін қабілеттілігіне байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің көптеген түрлері антибиотиктер, дәрумендер, ауксиндер және т. б. биологиялық белсенді заттар түзуге қабілетті. Бөлініп алынған жүздеген антибиотиктер ішінде ең маңыздылары стрептомициттермен өндірілген препараттар, оларға стрептомицин(S. griseus), хлоромицетин(S. Venezuelae), ауреомицин және тетрациклин(S. qureofaciens) жатады.

Cаңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар (Fungi) -табиғатта кең тараған хлорофилсіз, төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына жататын, эукариотты, хемоорганотрофты организмдер.
Саңырауқұлақтардың ішіндегі негізгі микробиологиялық объект- ашытқылар (Saccharomyces) . Ашытқылар-бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен он еседей ірі микроорганизмдер.

Саңырауқұлақтардың маңызы
Микроорганизмдердің 100 000-нан астам белгілі түрлерінің ішінен өндірісте тек бірнеше мың штамм түрлеріне бөлінген 100-ге жуық түрі ғана қолданылады. Саңырауқұлақтар көптеген ферменттер түзуге бай. Сондықтан олар өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдыратып шірітеді. Сондай-ақ саңырауқұлақтар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Биотехнологияның гендік инженерия саласында тәжірибелік жұмыстарға наубайханалық ашытқыларын көп қолданады-Saccharomyces cerevisiae. Сandida utilis, C. arborea- биотехнологияда ақуызды масса алуға қолданады;
Torula spp. - сүт қышқылын ашытуда; Rhodotorula-тағам өнімдерін бұзады;
Thichoderma cutaneus-
ағынды суларды тазартуға қолданады.

Микробалдырлар
Табиғатта фототрофты микроорганизмдерге қарағанда микробалдырлар кең тараған, олар суда, ылғалды топырақта топырақ түзуші процестерге белсене қатыса отырып тіршілік етеді. Соның ішінде микробалдырлар су жануарларының біріншілікті қорегі, олар түрлі су қоймаларының өнімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Микробалдырлардың микроскопиялық мөлшердегі бір н\е бірнеше кдеткалардан тұратын көк-жасыл, жасыл және диатомды өкілдері микробиологиялық объектілер болып табылады.
Микробалдырлардың (хлорелла және сценедесмус) биомассасының біраз мөлшері балықтардың өсуіне қажетті биологиялық стимулятор екендігі тәжірибелік зерттеулермен дәлелденген.

Микробалдырлардың маңызы
Көк-жасыл балдырлар өте өзгергіш және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақтың бетінде, топырақта, жалаңаш жартастардың бетінде, қардың астында және ыстық қайнар бұлақтарда да өмір сүреді. Кейбір планктонды түрлері ластанған сулардың көкшіл түске боялуына («цветение») әкеліп соқтырады(анабена туысы-Anabena), ал екінші біреулері, шіру процесінің өнімдерін минеризациялап, суды тазартады. Көк-жасыл балдырлардың топырақта кездесетін түрлері-Формидиум және плектонема ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті келеді. Ностоктың колониясын қоршап тұратын шырышты заттарға, ауадағы азотты бойына сіңіретін бактериялар қоныстанады.

Вирустар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz