Бірінші жұлдыздардың пайда болуы


Slide 1

Орындаған:

Факультет: Биология және биотехнология

Кафедра: Биотехнология

Тексерген:

СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Мазмұны

Галактикалар

Бірінші жұлдыздардың пайда болуы

Жердің ішкі құрылысы

Жер бетінің пайда болуының негізгі сатылары

Күн жүйесі: Күн жүйесінің пайда болу болжамы

Slide 3

Галактика - құрамына Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе. Галактика түрлері - өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған.

Slide 4

Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты галактика құс жолы жүйесі деп те аталады. Құс жолы - кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғырыҚұс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 ж. Галилео Галилей байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде зерттеуді 18 ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты.

Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы. Василий Струве 1859 ж. бүкіл Галактика жүйесінің осьтен айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде 20 ғасырдың 1-ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты.

Slide 5

Бірінші жұлдыздардың пайда болуы

Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі: ) - салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратын, плазмалық газ және плазма күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді.

Жұлдыздар жұлдызаралық материя кеңеюінің тығыздығы жоғары өңірлерінде пайда болған. Бірақ сондай өңірлердің тығыздығы жер бетіндегі адам жасаған вакуумдардың тығыздығынан төмен болады. Сондай тығыздығы жоғары өңір Молекулярлық бұлт деп аталып, ондағы негізгі элемент сутегі болса, гелий шамамен 23-28% болып келеді.

Slide 6

Мұнда жұлдыздардың, сондай-ақ жұлдыздық жүйенің пайда болуы әрі эволюциясы зерттеледі. Эволюция барысында жұлдыздар өздерінің қойнаундағы механикалық және жылулық тепе-теңдіктің өзгеру жағдайымен анықталатын сатыдан өтеді. Сутекті гелийге айналдыратын ядролық реакцияның нәтижесінде жұлдыз ядросының химиялық құрамы өзгереді; газдың орташа молекулалық салмағы артып, ядро нығыздалып, қызады. Зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, бұл жағдай жұлдыздардың жарқырауы мен радиусын арттырады. Жұлдыз эволюциясының уақыты оның массасына едәуір дәрежеде тәуелді. Күн эволюциясының уақыты 1010 жылға тең. Кәрі жұлдыздардағы (эволюциясының уақыты бірнеше млн. жылға тең) сутек қоры тез таусылады. Олардың температурасы едәуір төмен болып келеді

Протожұлдыз - жұлдызара материялар (ISM) ішіндегі молекулярлық алып тұмандықтың топтасуынан қалыптасқан аспан денесі болып, ол әдетте жұлдыз пайда болуының алғашқы сатысы есептеледі. Күн массасындай тұрақты жұлдыз үшін аталған алғашқы саты шамамен 100 000 жылдарға созылады. Ол молекулярлық тұмандық өзегінің тығыздығы үздіксіз артуынан басталып, Торпақ Т жұлдызы секілді жұлдыздың қалыптасуына дейін созылады да, біртіндеп негізгі тізбек жұлдызы түріне қосылады.

Slide 7

Жердің ішкі құрылысы

Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер - жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты

Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:

Жер қыртысы

Мантия

Ядро.

Slide 8

Жер қыртысы

Жер қыртысы деп- литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз.

Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы - жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 - 10 км, материктерде 35 - 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.

Slide 9

Жердің ядросы

Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады. Күшті жер сілкінулер нәтижесінде Жердің ішкі өзегі арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың таралу сипатын зерттеген америкалық геофизиктер Р. Кохе мен Л. Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам жасады. Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір, температураның күрт айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады. Бұл магниттік өріс Жер шары шеңберінен шығып, ғарыш кеңістігіне де таралады, тіпті Күннен келетін зарядталған бөлшектерді кері тебеді.

Slide 10

Жердің мантиясы

Жердің келесі қабаты - мантия (гр. mantion-жамылғы) . Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы югославиялық сейсмолог А. Мохоровичич анықтаған. Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900-2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.

Slide 11

Жер бетінің пайда болу сатылары

Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4, 5-5 млр жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына - ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген.

Slide 12

Аристотель Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б. з. д. IV ғ. ) бит - еттен, қандала - жануар шырынынан, шұбалшаң - балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.

Фалес Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т. б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады

Slide 13

Күн жүйесі


Ұқсас жұмыстар
ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ТІРШІЛІГІ ЖӘНЕ СӨНУІ
Жұлдызды жұлдыз бұлт
ӘЛЕМ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1-модуль. Галактика модельдерін түзу. Галактиканың спиралдық құрылымы
Астрофизикалық объектілерді спектрлік және бейсызық талдау әдісімен классификациялау
Жұлдыздыдан орташа уақытқа және артқа өту
Күннің қозғалысы менайналуы мен айналуы
Мұқағали Мақатаев туралы лебіздер
Астрономия пәні. Аспан координаталар жүйесі
АЙНЫМАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАР ҮШІН ИНФОРМАЦИЯ МЕН ЭНТРОПИЯ ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz