Жасанды ұрықтандырудың дамуы


Slide 1

Тақырыбы: Адамды жасанды ұрықтандырудың заманауи әдістері

(Экстракорпоральды ұрықтандыру)

СӨЖ

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жасанды ұрықтандырудың дамуы

Экстракорпоральды ұрықтандыру

Экстракорпоральды ұрықтандыру жасалу себептері

Экстракорпоральды ұрықтандырудың кезеңдері

Эмбриондарды өсіру бойынша қосымша іс-шаралар

Экстракорпоралды ұрықтандыру - медицинаның үлкен жетістігі

Қорытынды

Slide 3

Ұрықтану

Ұрықтану - аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты көбею және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады.

Slide 4

Жасанды ұрықтандырудың дамуы

Табиғи жолмен бала көтеруге қауқарсыз жандарға көмектесу үшін ғалымдар өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап жатырдан тыс ұрықтандыру әдісін сынап көре бастады. Алғашқы сынақтар әуелі кеміргіштерге жүргізілді. Ғалымдар аналық жасушаның ұрықтану уақытын, оның жатырға дейінгі өмір сүру ұзақтығын, сақталу әдісін ұзақ зерттеді. Одан кейін Кембридж университетінің зерттеушісі, белгілі дәрігер-гинеколог Роберт Эдвардс адам ұрығын зертханалық жағдайда өсіру мәселесін зерттеуді қолға алды. Аналық және аталық жасушаны жатырдан тыс ұрықтандырып, пайда болған эмбрионды жатырға әкеліп салу әдістерін игеру үшін ғалымдарға 10 жылдай еңбектенуге тура келген. Әрине, басында қоғам бұл әдісті онша қабылдай қойған жоқ. Діни көзқарас тұрғысынан да талай сынға іліккеніне қарамастан зерттеушілер 1975 жылы денеден тыс ұрықтандыру әдісін адамға қолданып көрді. Алайда алғашқы талпыныс сәтсіз аяқталды: ұрық жатыр түтікшесінде біткендіктен оны алып тастауға тура келді.

Slide 5

Араға екі жыл салып, Роберт Эдвардс пен эм­брио­лог Патрик Стептоу жатырдан тыс ұрықтан­ды­ру әдісіне тағы бір қадам жасап көрді. Осылайша, 1978 жылдың жазында әлемдегі ең алғашқы «құ­ты­дағы сәби» Луиза Браун дүниеге келіп, оған дейін тоғыз жыл бойы бала сүйе алмаған британдық Джон мен Лесли Браундардың отбасына үлкен қуа­ныш сыйлады. Браундар бір баламен шектелген жоқ. Төрт жылдан кейін тағы да ЭКҰ әдісіне жүгі­ніп, екінші сәбиі - Наталиді өмірге әкеледі. Про­­фес­­сор Р. Эдвардс болса, адамзатқа пайдалы істің негізін қа­лағаны үшін Нобель сыйлығымен мара­патталды.

Slide 6

Экстракорпоральды ұрықтандыру

Бұл әдістің мәні ананың ағзасынан тыс аналық клетканы ұрықтандыру және өсіп жетілген ұрықты (эмбрион) жатырға енгізу болып табылады. Әдетте жатыр түтігінде өсетін ұрық пен аналық клетканың даму кезеңдері экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) кезінде осылайша жасанды түрде жүргізіледі.

Slide 7

Экстракорпоральды ұрықтандыру жасалу себептері

Жатыр түтігінің өткізу қабілетінің жоқтығы немесе жатыр түтігінің мүлдем болмауы (оның ішінде жатырдан тыс жүктілік немесе зарарсыздандыру себебінен операциялық әрекет жасалған болса) ;

эндокринді ауытқушылықтың салдарынан болған бедеулік;

аналық жыныс безінің әлсіздігі;

жыныс мүшелерінің дамуындағы туа біткен ауытқушылықтар;

Цервикальды шырыштың болмауынан жатырға аталық ұрықтың түспеуі;

Әйел ағзасының аталық ұрықты жойып тастайтын антиденелерді бөліп шығаруы;

Несеп-жыныстық жолдардың созылмалы қабынулары

Жыныстық қатынасқа түсетін жұптың біреуінің бедеулігі

Slide 8

Экстракорпоральды ұрықтандырудың кезеңдері

ЭКҰ шараларын жүргізер алдында әйел және оның жолдасы (немесе донор) міндетті түрде толық дәрігер тексерілуінен өтуі қажет.

ЭКҰ әдісі өте күрделі, ол 5 кезең бойынша жүргізіледі.

Бірінші кезең-аналық жыныс безін ынталандыру және фолликулдардың (аналық өсіп жетілетін «көпіршіктер») өсуін бақылау (УДТ арқылы) . Ұрықтануға дайын бірнеше аналық клеткалардың болуы клеткалардың болуы ұрықтану мүмкіндігінің бар екендігін білдіреді.

Екінші кезең-ана ағзасынан аналық клеткаларды «шығару». Фолликулдар қынап арқылы өткізіледі(анестезия көмегімен және УДТ бақылауы арқылы) .

Үшінші кезең-алынған аналық клеткаларды алдын ала қозғалғыштығын арттыру үшін арнайы өңдеуден өткен аталық ұрықпен ұрықтандыру.

Төртінші кезең-алынған эмбриондарды ерекше құнарлы ортада өсіру.

Slide 9

Бесінші кезең- эмбриондарды жатыр қуысына ауыстыру. Арнайы катетрдің (дененің қуыстарына енгізілетін арнайы түтік) көмегі арқылы ұрықтанғаннан кейін 2-5-ші күндері жасалады. Емделу шараларының тиімділігін арттыру үшін әйел ағзасына бір уақытта 2-3 эмбрион енгізіледі.

Пайдаланбаған артық эмбриондарды мұздатып қатырады. Емделу шарасы сәтсіз болған жағдайда оларды қайта экстракорпоральды ұрықтандыру үшін екінші рет қолдануға болады.

Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің нәтижелілігі 25-40%-ды құрайды.

Slide 10

Эмбриондарды өсіру бойынша қосымша іс-шаралар

Эмбриондарды өсіру кезінде қосымша зертханалық жұмыстар жүргізуге болады. Эмбрион криоконсервациясы - өмір сүретін эмбриондар мұздатып, сұйық азот температурасында сақталады. Болашақта жүктілікке жету үшін эмбриондарды жібітіп, жатырдың ішіне ауыстыруға болады. Осылай қатыру арқылы ұзақ уақыт өткен соң да ұрық генетикалық қасиеттерін сақтап, қолданысқа жарамды болады.


Ұқсас жұмыстар
Аталық қошқардың шәуетін саулықтарды экстракорпаралды ұрықтандыруға дайындау технологиясын жетілдіру
Малды ұрықтандыру
Қойлар гигиенасы
Қой малын ұстаудағы орындарға қойылатын санитарлық - гигиеналық нормалар
Қолдан ұрықтандыру
Донор мен реципиентті анықтау және оны дайындау
Жасанды интеллект менің көмекшім
Биологиялық бағалау
Жасанды тыныс алдыру
Ғылыми - техникалық прогресс және оның табиғатқа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz