Эндоплазмалық тор


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Клетка органеллаларының құрылымды-функционалды мінездемесі

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім. Органеллалар

Эндоплазмалық тор

Гольджи комплексі

Лизосомалар

Митохондриялар

Мембранасыз органеллалар

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жасуша-тіршіліктің ең ұсақ және маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады, себебі кез-келген ағзалар денесі жасушалардан құрылған, тіршіліктің негізгі қасиеттері мен қызметтері жасушаларда жүзеге асады.

Жасушаны 1665 жылы Голландия оқымыстысы Р. Гук ашқан, ал жасуша теориясын 1938-1939 жж. Неміс ғалымдары Т. Шванн және М. Шлейден қалыптастырды.

Жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:

Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Жасуша тіршіліктің ең ұсақ құрылымдық-қызметтік бірлігі;

Барлық жасушалардың құрылысы, жалпы алғанда ұқсас жоба бойынша құрылған;

Жасуша тек жасушалардан, олардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады (Р. Вирхов, 1858) “Omni cellula a cellula”.

Қазіргі кезде жасушалардың 2 үлкен тобы белгілі: прокариоттық және эукариоттық жасушалар.

Slide 4

Органеллалар

Органеллалар-жасуша тіршілігінде маңызды қызмет атқаратын, барлық жасушаларға тән тұрақты құрылымдар. Бұлар құрылыс ерекшелігіне және атқаратын қызметіне байланысты мембраналы, мембранасыз және арнайы органеллалар болып жіктеледі.

Мембраналы органеллаларға жататындар: митохондриялар, эндоплазмалық торлар, Гольджи комплексі, лизосомалар. Бұл органеллалардың сырты мембранамен қоршалады.

Мембранасыз органеллаларға жататындар: рибосомалар, микротүтікшелер, жасуша орталығы. Арнайы қызмет атқаратын органеллаларға жататындар: кірпікшелер, жіпшелер, эпителий тініндегі тиофибриллалар, ет тіндеріндегі миофибриллалар және нерв тініндегі нейрофибриллалар.

Slide 5

Эндоплазмалық тор

Эндоплазмалық тор-өте ұсақ, қос қабат мембранамен шектелген және гиалоплазманы өне бойына тарамданып тесіп өтіп, торланып орналасқан, цитоплазманың үлкен көлемін алып жатқан микроарнашықтар мен микроқуыстар жүйесі болып табылады. ЭПТ арнашықтары мен қуыстарынан «тасымалдаушы көпіршіктер»-везикулалар үзіліп шығып, жаңадан синтезделінген ақуыздардың әрі-қарай іріктелу және модификациялану үшін Гольджи кешеніне бағытталады.

Жасуша құрамынан тордың түйіршікті және түйіршіксіз түрлерін ажыратады (гранулалы, агранулалы)

Түйіршікті эндоплазмалы тор тұйық мембранамен қоршалған қапшықтар мен түтікшелер түрінде көрінеді. Бұлш қапшықтар мен түтікшелердің қуысы жасушалардың атқаратын қызметіне байланысты өзгеріп те отырады. Ең жіңішке бқлігінің диаметрі шамамен 20 нм-ден бірнеше микрометр болып келеді.

Түйіршіксіз эндоплазмалық тордың ішіне кальций иондары жиналып көлденең-жолақ ет тінінің жұмысын реттеп, жұмыс белсенділігін арттырады. Түйіршіксіз эндоплазмалық тордың қуысында көптеген зиянды заттардың залалсыздануы өтеді (дезактивизациясы), бұған өзіндік үлес қосатын арнайы қызмет атқаратын тор қуысындағы ферменттер.

Slide 6

Ерекшелігі-эндоплазмалық тордың цитоплазмаға қараған мембрана беткейіне көптеген рибосомалар бекінген. Аз маманданған жасушалардың құрамында бұлардың саны аз болса, ал белок синтезі жоғары, әрі активті метаболизм процесі жүретін жасушаларда тордың саны әлде қайда көп, әрі өте тығыз орналасады. Бауыр жасушалары мен нейрондарда түйіршікті эндоплазмалық тор элементтері топтасып жатады. Құрамындағы рибосомалары белоктың синтезіне қатыса отырып, синтезделген белоктарды жасушалардан шығаруға да қатысады. Жасушаның ішкі ас қорыту процесіне метаболизміне қажетті белок синтезімен қоса, синтезделген заттарды тасымалдау қызметіне де белсенді түрде қатсыады.

Түйіршіксіз эндоплазмалық тордың түйіршікті тордан ерекшелігі сыртқы мембранасына рибосомалар бекінбейді.

Slide 7

Гольджи комплексі

Гольджи комплексі ең алғаш түр түрінде нейрондардың құрамында болатыны анықталды. Сондықтан бұл комплексті жасуша ішіндегі «ішкі тор тәрізді аппарат» - деп те атайды. Ерекше бояулармен кесінділерді өңдегенде (осмий, күміс тұзымен) Гольджи комплексі тор түрінде кездесіп, қуыстары бір-бірімен тығыз байланысып жатады, ал кейде комплекстің құрамындағы құрылымдары жекеленіп орналасады. Мұндай түрін диктиосомалар дейді. Бұл ерекшеліктері жасушаның атқаратын қызметіне байланысты. Гольджи аппараты өте жақсы дамиды, құрамында көптеген жалпақ цистерналары бар, аралық бөліктері гиалоплазмаға толы.

Гольджи комплексінен лизосомалар паайда болып, жасуша цитоплазмасына бөлінеді.

Slide 8

Лизосомалар

Лизосомалар жасушаішілік аскорыту (заттарды ыдырату) кызметін атқаратын органеллалар. Лизосомалар рецептор-лиганд кешендерін ыдыратады, (ЛНП) арналған рецепторлар көмегімен Холестерол метоболизмінде, органеллалар айналымында т. б. белсеңді рөл аткарады. Лизосомалар сырты бір қабатты мембранамен қапталған диаметрі 0, 2-0, 4 мкм, вакуолилер, лизосомалардың құрамындa гидролитикалық ферменттер-гидролаза, протеиназа, фосфатаза, липаза т. б. болады. Лизосомалар біріншілік, екіншілік (фаголизосомалар мен аутофагосомалар) және қалдық денешіктер түрінде кездеседі. Бұлардың жіктелуі жасуша ішіндегі заттардың қортылумен оны сіңіру процесіне байланысты экзо вакуолилерге жіктеледі.

Slide 9

Біріншілік лизосомалар сырты мембранамен шектелген, мөлшері 0, 2-0, 5 нм-дей, құрамында гидралаза ферменті бар құрылымсыз затқа толы көпіршіктер көбінесе Гольджи аппаратының шетінде орналасқан, эндоплазмалық торда синтезделініп келген майда вакуолилер. Біріншілік лизосомалардың түзілуі ұйқы безіндегі зимогенді көпіршіктердің пайда болу жолына өте ұқсас.

Екіншілік лизосомалар біріншілік лизосомалардың жасушаға сырттан келген түйіршіктермен(фагоцитоз) немесе сұйық заттармен(пиноцитоз) қосылуынан түзіледі. Бұларды фаголизосомалар немесе гетерофагосомалар деп атайды. Олардың ерекшелігі сырттан келген заттарды қоршап алып өзінің құрамындағы фермент гидролазаның көмегімен ыдыратады.

Slide 10

Митохондрия

Митохондриялар АТФ-ті синтездеуші органелла. Негізгі функциясы органикалық қосылыстарды тотықтырып, олардың ыдырауының нәтижесінде бөлінген энергияны пайдалануға байланысты. Осы қызметін еске алып Клод митохондрияларды клетканың «қуат станциясы» деп атаған. Клеткалық тыныстың органелласы деп те атауға болады.


Ұқсас жұмыстар
Голджи кешені
Эндоплазмалық тор Метехондриялар Жасуша орталығы
Клетка және органоидтардың құрылысы
Жасуша мембранасы
Жасуша, органоидтар құрылысы және қызметтері
Ядро мембранасы тор
Клетканың формасы жә не кө лемі
ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ ЖАНУАР ЖАСУШАСЫ
Торша цитоплазмасының патологиясы
Жасуша қызметі мен құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz