Жаратылыстану - математикалық бағыттағы



Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Сыныптардағы әдістемелік мазмұндық ерекшеліктер
Орындаған:Акботаева Ләззат

Жоспар 1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер. 2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің білім мазмұнына қойылатын талаптар. 3. Жаратылыстану - математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. 4. Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім беруді дамытудың тұжырымдамалық негіздері. 5. Биология пәнінің әдістемелік маңыздылығы мен ерекшелігі.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша бейіндік-бағдарлы оқытудың негізгі тұжырымдамалық ережелері анықталып және жаратылыстану математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің білім мазмұнына қойылатын талаптар мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда бейіндік пәндерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері нақтылануы қажет.
1 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер

Жалпы орта білім мазмұнын негіздеуге бағытталған Л. Я. Зорина, В. В. Краевский, В. СЛеднев, И. Я. Лернер, И. И. Логвинов және т. б. зерттеулерінде білім мазмұнын әрі қарай жетілдіру мен дамытудың қажеттігі Ю. К. Бабанский, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, НА. Менчинская және т. б. еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын жүзеге асыру және оқушының өзбетінше ойлау қабілетін дамыту В. СЛеднев, Л. Я. Зорина, И. К. Журавлев және т. б. еңбектерінде үздіксіз білім мазмұнының теориясын жасау, мазмұнды негіздеу; М. Н. Скаткин, В. В. Краевский және т. б.

Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім беруді оқытудың басты мақсаты 12 жылдық мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және іс жүзінде кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету саналады.

2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің білім мазмұнына қойылатын талаптар
12 жылдық мектепте бейіндік-бағдарлы білім берудегі бейіндік пәндер
және олардың мазмұны әр бағытта (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) әртүрлі болады, яғни бейіндік пәндер жоғары сыныптағыларды оқыту бағыты мен мамандандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер инварианттық компоненттегі математика және информатика, жаратылыстану білім салалары және вариативтік компоненттегі қолданбалы курстар бойынша пәндердің мазмұнымен жүзеге асырылады. Математика және информатика білім саласындағы бейіндік пәндердің мазмұны:
- мектептік білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, математика мен
информатиканы оқытуда пәнаралық және пәнішілік байланыстарды;
- қазіргі қоғамда адамның күнделікті өміріне және еңбек қызметіне
қажетті, сабақтас пәндерді оқуға, үздіксіз білім беру жүйесінде
оқуын жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктер
жүйесін оқушылардың берік және саналы меңгеруін;
- математиканың даму тарихымен және математикалық идеялардың дамуымен таныстыру, ғылыми-техникалық прогресстегі математиканың маңыздылығын түсіну арқылы математика құралдарымен тұлғаның мәдениетін тәрбиелеуді

Жаратылыстану - математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім беру жүйесін зерттеу барысында соңғы он жылдың ішінде жалпы орта білім беру жүйесінің құрылымында және оқыту мазмұнында: білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы.

Бірінші жол бөлімдермен, секциямен көрсетілген (Франция, Италия,
Испания, Дания, Нидерланд) . Сабақтар оқытудың нақты бейіні үшін жасалған жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі.
Екінші жол оқушылардың өздігінен таңдаған элективті курстары арқылы жүзеге асырылады және олар кейбір міндетті пәндерге қосымша болып саналады (АҚШ) . Бірақ негізгі технологиялық форма ретінде сабақ өз орнында қалады. 12 жылдық беру жүйесі бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу және талдау барысында мынадай бағыттар айқындалды:
- білім мазмұны оқушылардың қазіргі заманғы білім алу қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға бағытталған

- білім берудің стандарттары мен оқу бағдарламалары өмірлік маңызды
дағдыларды дамытуға, оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әрбір оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған;
- оқушының қабілетін отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан барынша дамыту көзделген;
- жастардың күнделікті қоғамдық өмірдегі болып отыратын
өзгерістерге тез бейімделуіне жағдай жасалған.

Қазақстандағы бейіндік оқыту 11-жылдық білімнің МЖМБС сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Оның негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында (1996), жалпы орта білім мазмұнының тұжырымдамасында (1996) көрсетілген. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басымды бағыттарының бірі ретінде көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі қазақстандық білімнің
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі міндеттерін орындауы тиіс

Мектептің негізгі орта білім деңгейін аяқтаған оқушылар таңдау бағытына қарай жалпы орта білім беру деңгейінде оқуларын жалғастырады.
Жалпы орта білім беру оқушының табиғат, қоғам және адам туралы
біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім беруді дамытудың тұжырымдамалық негіздері

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі жоғары сыныптарға арналған типтік оқу жоспарын шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады:
1) жалпы білім беретін базалық пәндер. Бұл сыныптағы барлық оқушылар үшін міндетті болып саналады;
2) белгілі бір бағыттағы таңдаған оқушылар үшін міндетті және сол
бағытты толық анықтайтын тереңдетілген бейіндік пәндер;
3) оқушылардың өз таңдауы бойынша енгізілетін таңдау (қолданбалы)
курстары.

Типтік оқу жоспарының алғашқы екі бөлігі (базалық және бейіндік пәндер) инварианттық компоненттің, ал соңғы бөлігі (қолданбалы курстар) вариативтік компоненттің құрамына енеді. Бейіндік оқытудың базалық пәндері және олардың мазмұны жаратылыстану - математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда біркелкі болады.

Жаратылыстану-математикалық білім жалпы білімнің құрамдас бөлігі
болғандықтан, оны іріктеудің негізгі ұстанымдарына:
- Білім мазмұнының қоғам сұраныстары мен талаптарына сәйкестігін;
- Ғылымилығы мен жүйелілігін;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz