Көрнекі құрал - таным құралы
Презентация қосу
Әр түрлі көнекіліктерге
қойылатын талаптар
ОРЫНДАҒАН: БОЛЕКБАЕВА НУРЖАНАТ
Жоспар
1.Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл.
2. Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы
жүзеге асыру.
3. Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану
жолдары.
4.6 сынып биология сабағында көрнекілікке қойылатын
талаптар.
5.Биология оқу сабағында көрнекілік арқылы қызықтыру жолдары.
6.ҚОРЫТЫНДЫ
Көрнекілік – ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың,
жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы,
оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән
жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері
арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны,
дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді.
Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі –
көру түйсігі.
Көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде?
Білім мазмұнын байыта түседі.
Есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте
түседі.
Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын
арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем
тілін дамытады.
Эмоциясына әсер етеді.
Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға
жетелейді.
Көрнекілік – оқу материалын
оқушы көңіліне оңай да,
әсерлі жолмен жеткізуші
көмекші құрал.
Көрнекілікпен оқытудағы басты
мақсат – оқушыны
байқағыштыққа, оймен
топшылауға жаттықтыру. Өзінің
байқағандарын сөзбен айтып бере
білуге, одан логикалық
қорытынды шығаруға үйрету. (К.
Д. Ушинский)
Көрнекіліктерді қолдан жасау – аса күрделі дүние.
Оған қойылатын басты талаптар мыналар:
Жазуын соңғы партада отыратын бала да оқи алатындай болу
керек.
Көркемдеуі, безендіруі, бояулары әлем-жәлем емес, қарапайым,
оқушы жан жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей,
мектеп гигиенасына сай жасалуы керек.
Қолдануға оңай әрі мазмұнды болуы керек.
Тұжырымдылық, нақтылық, ғылыми жағынан тереңдік те басты
шарт.
Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың
түрлері
Көрнекілік принципті оқытудың
техникалық құралдары арқылы жүзеге
асыру
Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың -ын көру арқылы
қабылдайды, елесту арқылы 9% , сипап сезу арқылы- 1% . Көптеген
оқушылардың есте сақтау қабілетінің ішіндегі көру қабілетінің рөлі
ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15% есте сақтайды,
көрген ақпараттың 25% , ал есте және көру арқылы 65% ақпаратты есте
сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім
мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары
болып есте және көру мүшелері болып табылады.
Қазіргі дидактикалық көрнекілік принципі нақты пәндерге және
оны бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға
байланысты болмақ. Оқытудың техникалық құралдарының ең
маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары
дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өзкезегінде оқу
үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға
септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты
қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет.
Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар
мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні
сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.Осыған
байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай
нәтиже береді.
Биология сабақтарында қосымша ақпарат
көздерін пайдалану жолдары
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті
білім беру мен оқытып – тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі
болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы
іс – әрекеттеріне байланысты.
Биология пәндерін оқыту барысындағы
мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың
бойына жүйелі түрде, бірізділік пен
биологиялық түсініктерді, ғылыми көз
қарасты, өздігінен ойлау процесі мен
практикалық жұмыстарды орындау икем
дағдыларының біртұтастығын үздіксіз
дамыту болып табылады.
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі
әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және
олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты
төмендегідей топтастыруға болады:
1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-
әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
6 сынып биология сабағында көрнекілікке
қойылатын талаптар
Бастауыш мектепте оқу-әдістемелік кешенінің бір бөлігі ретінде
көрнекілік құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының,
оқу әдістемесі мен оқу-тәрбие жүйесінің біртұтастылығын талап
етеді. Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан
түрлі әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні мәлім.
Сондай әдістердің ең ұтымдыларының бірі – оқушылардың
байқау, көру, қабілетін дамыту үшін сабақта қолданылатын
көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл негізінен
мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыра
білуіне байланысты болып келеді.
Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:
1. Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып
оқушыларына толық
көрінетін болуы керек.
2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған,
соның мазмұнын ашатын болуы тиіс.
3. Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары
айқын болғаны жөн.
4. Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға
арналған мәтін, сурет ерекше бояумен берілуі керек.
5. Бір сабақта бір, не екі ғана көрнекі құрал қолдануы
тиіс.
Биология оқу сабағында көрнекілік арқылы қызықтыру
жолдары
Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың,
дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру
жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс
бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды.
Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді.
Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру түйсігі. Адам
жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар.
Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын
бейнелей алмайды.
Ол оқу әдістері мен тәсілдерін былай тұжырымдайды:
а) оқыту әдістері – балалардың жүре келе мектепке, сабаққа,
кейіннен
ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол;
ә) сабақта баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар
қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту әдістері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы
сипаты мен анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар:
1. Көрнекі құрал – нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың
түрлендірілген формасы, моделі.
2. Көрнекі құрал – таным құралы. Таным процессінде нақты
заттарды,
құбылыстарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру
жағдайын
елестетуге мүмкіндік жасайды.
3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылған кез-
келген
заттық немесе идеалдық модель көрнекі құрал бола алады.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz