Алматы қаласының экологиялық жағдайына ҚОӘБ




Презентация қосу
Алматы қаласының экологиялық
жағдайына ҚОӘБ

Орындаған: Ғуламғазиев
Ж.А.
Атмосфераның ластануы
Бүгінгі күні қолданыстағы электр
станцияларының барлық түрлерінің ішінде
органикалық отындағы жылу
станцияларының қоршаған ортаға едәуір
әсері бар.

Негізгі фактордың бірі — адам
денсаулығына зиянды әртүрлі ластаушы
заттардың атмосфераға шығарындылары.
Негізгі ластаушы заттар — күйе, күкірт
диоксиді, азот, көміртегі оксиді, әсіресе, улы
газ (CO), ауыр металдардың қосындылары,
канцерогенді бензапирен (С20Н12).
Шығарындылардың нақты құрамы
қолданылатын қазандардың типтеріне және
жағылатын отынның түріне байланысты
ерекшеленеді. Сонымен қатар, жұмыс істеп
тұрған ЖЭС маңында ауадағы оттегінің
пайыздық арақатынасы азаяды. ЖЭС барлық күкіртті ангидридтің 46%-ын және
өндірістік кәсіпорындар атмосфераға шығаратын көмір
тозаңының 25%-ын бөледі.
Алматы қаласының ауа бассейннінің ластану деңгейі
Жылу электр станциясы (ЖЭС)
дегеніміз не?
Жылу электр станциясы (ЖЭС) —
жылумен жабдықтаудың
орталықтандырылған жүйелері үшін
электр энергиясын ғана емес,
сонымен қатар жылу энергиясын да
өндіретін жылу электр станциясының
түрі.
Қазіргі заманғы ЖЭС — бұл
құрылыстар мен агрегаттардың
күрделі кешені.
Мысал ретінде көмір электр
станциясының жұмыс принципі мен
құрылғыларын қарастырайық.
Қазіргі заманғы қуатты ЖЭС-тер тәулігіне 20 000 тоннаға дейін көмірді жұмсай алады және
тәулік сайын атмосфераға:
— 200 тонна азот оксидін,
— 680 тонна күкірт диоксиді және күкіртті ангидритті,
— 120-240 тонна қатты шаң бөлшектері мен күлді және күйе тастайды.

ЖЭС қалаларда пайда болатын тұмшаның (смог) негізгі себебі болып табылады.
Атмосфераның ластығы бұлтты күндердің артуына себеп болады. Мысалы, Парижде соңғы
отыз жылда тұман және бұлтты күндер 5 есе артқан.
Денсаулыққа әсері
ЖЭС шығарындыларының құрамында
күйе, күкірт диоксиді, азот оксиді, көміртегі, ауыр
металдардыңқосылыстары, бензапирен және т. б. болады.
Көміртек оксиді өндірісте де, үй жағдайында да
уланудың ең көп тараған себебі болып табылады.
Мыңдаған адам жыл сайын көміртегі оксидімен улану-
дың салдарынан қайтыс болады.
Көміртегі оксиді миокард инфарктісінің себебі
болуы және өкпенің ісінуін тудыруы мүмкін, ол
плацента арқылы оңай өтеді және оттегінің кез
келген жетіспеушілігіне сезімтал ұрыққа әсер етеді,
бұл әсер ұрықтың қалыпты дамуына үлкен қауіп
төндіруі әбден мүмкін.
NOx тобының барлық тотықтарының арасында қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін ең қауіптісі — азот
диоксиді. Қауіптілік сыныбы-екінші. Уыттылығы жоғары зат. Ауадағы азоттың диоксиді, тіпті аздаған
концентрацияларда да адам ағзасында елеулі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Бұл өткір тітіркендіргіш. Иммунитетті
төмендетеді. Бензапиреннен басқа, онкологияның даму қаупін ЖЭС шығарындыларындағы ұсақ дисперсті
Адам денсаулығына басқа да әсері:
— Тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және орталық жүйке жүйесі мүшелерінің
ауру ықтималдығын арттырады;
— Иммунитетті төмендетеді;
— Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын нашарлатады, өнімділікті
төмендетеді;
— Климатқа теріс әсер етеді;
"Бұл қала - арман қала, жап-
жасыл орман қала" - деп әнге
қосқан, апортымен әлемге
әйгілі оңтүстік астанамыз бұл
күндері лас ауасыменде
танымал бола бастағандай.
Тіптен осы лас ауа
қаламыздың брендіне
айналды десек артық
айтқандық емес.
Халықаралық Mercer Human Recource Conculting рейтингті бағалау компаниясы күні
кеше ауаның ластануы, қоқыс қалдықтарының көптігі, ауыз судың тапшылығы туралы
мәліметтерді есепке ала отырып, әлем бойынша ең лас қалалардың тізімін жасады.
Аталған тізімде Әзербайжанның Баку қаласы бірінші орында, Қазақстанның Алматы
қаласы тоғызыншы орында тұр. Сарапшылар алдағы бес жылда ғылыми-
инновациялық тұрғыда Алматының ауасын тазарту жайы қолға алынбаса, қала
халқының денсаулығы төмендеп кететінін алға тартады. Қазір Алматыда жалпы
ластану индексі 38,3%-ға жеткен. Сөзіміз дәлелді болу үшін біз халықаралық компания
ұсынған мәліметтерді арнайы сызбамен көрсеттік.

Ұқсас жұмыстар
САРАПТАМА КОМИССИЯСЫН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ
МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
Ауыл шыруашылығы
Жел эрозиясы
Жезқазған қаласының қазіргі экологиялық жағдайын талдау
Аралдың экологиялық проблемасы
Алматы облысының экологиялық жағдайы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІ, ТАБИҒАТ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
Алматы қаласы
Пәндер