Гистология туралы




Презентация қосу
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
Молекулалық биология, гистология, цитология және генетика кафедрасы

СӨЖ
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы. Гистологияның ҚР дамуы.

Орындаған: Естаеава А.А.
Тобы : 134 ЖМ
Тексерген: Дауылбаев Н.Қ.

Нұр-сұлтан қ. 2020
Жоспар:
I. Кіріспе
Гистология туралы
II.Негізгі бөлім
а. Гистолгия даму тарихы
ә. Цитология даму тарихы
б. Эмбриология даму тарихы
в. ҚР дамуы
III. Қорытынды
I. Кіріспе
Гистология туралы

Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын
зерттейтіи ілім. Грекше kytos — клетка, logos— ілім деген мағынаны
білдіреді. Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне
небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен
дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге
айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканың құрылысын ғана
емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін
ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр. Морфология ілімінен
өрбіген цитология анатомия, гистология, физиология, эмбриология,
генетика, биохимия т. б. ілімдерімен тығыз байланыса келіп, клетка
физиологиясы, цитохимия, цитогенетика, цитоэкология, салыстырмалы
цитология сияқты өзінің төл тармақтарын туындатты. Цитология да
биохимия, биофизика, генетика және молекулалық биология
салаларындай ғылыми әдістемелік тәсілдерге жүгінеді. Осы тәсілдер
арқылы ол соңғы жылдары клетканы жан-жақты зерттеуде нәтижелі
жетістіктерге жетті. [1]
II. Негізгі бөлім
а. Гистология даму тарихы
Гистология – адам және көп жасушалы жануарлар органдарының микроскопиялық
құрылымын зерттейді. Кейде бұны «микроскопиялық анатомия» деп те атайды.
«Гистология» терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.).
Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-
малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті)
мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед.
университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталды. 1930–1960
ж. омыртқалы жануарлардың ұлпалары, олардың құрылымындағы ерекшеліктер
ұлпа филогенезі мен ұлпа айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970
жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың жүйке жүйесі, ас
қорыту органдары, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары,
терісі гистология тұрғыдан айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының
адам мен жануарлар ұлпасына тигізетін әсері анықталды. Жүйке талшықтарының
адам органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен жануар ұлпаларына
ауырған кезде болатын гистол. өзгерістер сипатталды. Қазақстанда Гистология
саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина,
Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин, т.б. Қазіргі кезде Г-лық зерттеулермен
Қазақстан Білім және ғыл. министрлігінің Зоология институты, «Биоген» жабық
акцион. қоғамы, Қазақ ұлттық мед. ун-ті, т.б. жоғары оқу орындарының арнайы
кафедралары шұғылданады. [2]
ә. Цитолгия даму
тарихы
Цитология да биохимия, биофизика, генетика және молекулалық
биология салаларындай ғылыми әдістемелік тәсілдерге жүгінеді. Осы тәсілдер
арқылы ол соңғы жылдары жасушаны жан-жақты зерттеуде нәтижелі жетістіктерге
жетті.
XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық зерттеулер жануарлар мен
өсімдіктер организмдерінің жасушадан құрылатынын дәлелдеп қана қоймады,
органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашып берді. Я. Э. Пуркиня және И. П.
Мюллер ұйымдастырған ғылыми мектептер өмірге жасуша теориясы жөнінде көп
жаңалықтарды әкелді. Жалаң физиологиямен және фармакологиямен айналысқан
Пуркинье енді өзінің ғылыми бағыт-бағдарын өсімдіктер мен жануарлар
жасушаларын зерттеуге қарай бұрды.
Клетка теориясы ашылғанға дейін биология саласында оптикалық құралдармен
жабдықтау, оньт жетілдіру сияқты күрделі жұмыстар жүргізілді. Сөйтіп, өсімдіктер
мен жануарларды зерттеуде алғашқы мағлұматтар алына бастады. 1665
жылы Роберт Гук тұңғыш рет үлкейтіп көрсететін шынының көмегімен
тозағашының құрылысын зерттеп, оның «клеткадан» тұратынын анықтады. Кейін
өсімдіктердің өсіп дамуын бақылай келе М. Мальпиги (1671), II. Грю (1671) бұл
жаңалықтарды толық. дәлелдеді. [1]
А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында эритроциттердің
барын анықтаса, Фантана (1781) жануарлар жасушаларындағы
небір құпияларды ашты. Осыдан кейін өсімдіктер мен
жануарлардың жасушаларының құрылыстары белгілі бола
бастады. Клетканың құрамындағы негізгі элемент — протоплазма
(Пуркиня 1830) мен ядро (Браун 1833) табылды. Осы
мағлұматтарды негізге алып әрі әр түрлі ұлпалардың құрылысын,
дамуын жанжақты зерттеп, соңынан нәтижелі қорытындыларын
саралай отырып, 1838—1839 жылдары Т. Шванн өзінің атақты
жасуша теориясын жазды. Бұл жаңалық табиғаттану
ғылымдарында бұрын-соңды болмаған ұлы жетістіктердің бірі
еді. Т. Шванның тұжырымы бойынша жасушаның пайда болуы
өсімдіктерге де жануарларға да қатысы бірдей заңдылыққа
бағынады. Ғалымның ой елегінен өткізілген осы қағида
органикалық дүниенің даму заңдылығын тағы да бір қырынан
көрсетті. [1]
Б. Эмбриология даму
тарихы
Ескі Үнділер (біздің дәуірге дейін бірнеше ғасыр) ұғымна сәйкес ұрықтың дамуы
дененің барлық мүшелерінен алынатын аталық өндіру заты мен (ұрық деген
мағылұматқа сай) аналық өндіру заты (бұл менструальды қанымен теңестірілсе
керек) қосылуынан басталады. Тұқымның жыныс ұрықтануы кезеңіндегі “қан” мен
“ұрықтың” салыстырмалы мөлшеріне байланысты деп саналған. Жалпы айтқанда,
осы ұғымдар өте материалистік болған. Біздің дәуірге дейінгі 6-1 г.г. Үнді
медициналық шығармаларында жанды заттарының өзгермейтін тұқым қолаушы
қасиеті бар, сондықтан бала ата-анасымен ұқсас деген пікір айтылады. Көне
Грецияда жануарлардың эмбриондық дамуы туралы теориялық- философиялық
көзқарастармен практикалық деректері ерекше назар аудартады. Мысалы,
фиолософ-натуралист. Эмпедокл (б.д. дейін 490-430 жж. шамасы) ұрық еркекпен
ұрғашы ұрықтардың араласу нәтижесінде пайда болады, ал ұрықтың жынысы даму
кезеңіндегі температураға байланысты деп санаған. Демокрит (б.д. деиін 460-370
жж.) ұрық, сол кезде саналғандай, мидан емес, барлық денеден шығады деген
теорияны ұсынған, демек ол ұрық құрамында дененің барлық бөлімдерімен
мүшелерінен шықан бөлшектер барын болжаған. Көне дәуірдің аса көрнекті емшісі
Гиппократ (б.д. деиін 460-377жж шамасы) ұрық дененің барлық мүшелерінен
шығады деген идеяны қолодаған және қандай да болса зақым алған ата-анадан дені
сау балармен қатар, ата-ананың дертін мұраланған балалар тууы мүмкін деп
санаған. [3]
Биология ғылымның жедел дамуына біріншіден, жаңа
техникалық аспаптарды (микроскоп, термометр, барометр т.с)
пайдалану, екіншіден, ғылымдардың көптеген саяхаттарға
шығуы себеп болды. 16-18 ғғ. жануарлар эмбриологиясы
саласында да едәуір табысқа қол жетті. 16ғ. Леонардо да
Винчи ұрықтардың өте қызықты суреттерін жасады. Италия
ғалымы У. Альдрованди (1522-1605жж) Аристотельден кеиін
бірінші рет тауық жұмыртқасының даму сатыларын жүйелі
бақылап шығуға тырысты.Ол мекиен астына жиырма шақты
жұмыртқа салып, сосын оларды санаулы уақыт өткен сайын
біреулеп алып, жұмыртқадағы балапанның қалыптасуын
тәртіппен суреттеген.
У. Альдровандидің шәкірті В. Койтер (1534-1576) балапан
эмбриогенезін үлкен ұқыптылықпен зерттеген.[3]
В. ҚР-да дамуы
Қазақстанда гистологияның дамуы 1932 жылы Қазақ Мемлекеттік
Медицина Институтында гистология,цитология және эмбриология
кафедрасының ашылуымен байланысты. 1934 жылы кафедра
меңгерушісі болып З.Ф.Гусева тағайындалған. 1937 жылдан бастап
кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. 1959-1971
жылдар аралығында кафедраны А.В.Кирилличева басқарды.Ол
кездегі негізгі ғылыми зерттеу жұмыстар гистогенез, тканьдердің
реактивтілігі, регенерация, эволюциялық динамика тақырыптарына
арналды.
1980-1990 жылдары профессор А.Т.Толыбековтың басшылығымен
сыртқы орта факторларының адам ағзасына әсері деген тақырыбын
зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1980-1990 жылдары профессор
А.Т.Толыбековтың басшылығымен сыртқы орта факторларының
адам ағзасына әсері деген тақырыбын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
[4]
IV. Қорытынды
Гистолгия, цитология және эмбриологияның дамуы,
шығу тарихы биология ғылымдары мен медицинаға
көптеген жаңалықтардың ашылуына ықпал еткен.
Сол себепті қолымызда бұндай құнды ақпараттардың
болуы биз үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі,
білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз дегендей,
алда ашылуы керек жаңа деректер сөзсіз бар. Бұқара
халықтың бір ауруға шалдығуы да ең әуелі жасуша
мен тіндерге келіп тірелері мәлім. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін түйер болсам, бұл фундаментальді
пәндерді жетік меңгеріп, бар ынтамаен ұғынуымыз
шарт деген қорытындыға келдім.
Қолданылған әдебиеттер
1.Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ
университеті, 2009. - 128 бет.

2, Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ
СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын
басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

3. https://baribar.kz/student/9565/embriologiya-tarikhy/

4. Эмбриология негіздері Т.Ж. Умбетов, Т.Ж Бірімов, Ақтобе,1996 ж

Ұқсас жұмыстар
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы
Қазақстанда гистология ғылымының дамуы
Гистология жайлы түсінік
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Гистологияның дамуы
Гистология даму тарихы
Микроэкология негіздері
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Бірінші микроскопиялық кезең
Жасушаға әсер етуші факторлар
Пәндер