Дамуының қауіпті кезеңдері


Slide 1

СӨЖ Адам эмбриологиясы. Дамуының қауіпті кезеңдері.

Орындаған: Естаеава А. А.

Тобы : 134 ЖМ

Тексерген: Дауылбаев Н. Қ.

Нұр-сұлтан қ. 2020

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ Молекулалық биология, гистология, цитология және генетика кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

Эмбриология туралы

II. Негізгі бөлім

а. Эмбриология ғылымының даму тарихы

б. Адам эмбриологиясы

в. Дамуының қауіпті кезеңдері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

I. Кіріспе Эмбриология туралы

Эмбриология

-embryologia, грек, embryon - ұрық, logos - ілім

-ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім

- медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерлік, педиатрия, гинекология) іргетасын қалайды

- биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы

-жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы [1]

Slide 4

II. Негізгі бөлім

Ковалевский мен Мечников

еңбектері

К. Бэр еңбектері

Мюллер мен Геккель еңбектері

а. Эмбриология ғылымының даму тарихы

Slide 5

К. Бэр еңбектері

«Ұрықтың ұқсастығы» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұқыртық дамуының бастапқы кезеңі өт е ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтың ұқсастығы заңын» ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен, типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында, организмнің өз белгілері пайда болады.

Ковалевский мен Мечников

еңбектері

А. О. Ковалевский ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді

Мюллер мен Геккель еңбектері

Ч. Дарвиннің пікірлері, К. Бэр, А. О. Ковалевский мен И. И. Мечниковтің және т. б. эмбриологтардың еңбектері неміс ғалымдары Ф. Мюллер мен Э. Геккельдің биогенетикалық заңының негізінің қалануына әсерін тигізді. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез дегеніміз - филогенездің (тарихи даму) қысқаша қайталануы болып табылады. [2]

Slide 6

б. Адам эмбриологиясы

Даму кезеңдері

Slide 7

(histogenesis, грек, histos - үлпа, genesis - даму, түзілу)

(гр. organon - орган, мүше және . . . генез)

ұрықтың эмбриондық даму кезеңіндегі адамның іштегі нәресте, жануарлар іштөлі мен ұрығы жұмыртқада дамитын жануарлар ішбалапаны организмдерінде құрылысы күрделі, бір-бірімен үйлесімді қызмет атқаратын мүшелер жүйелері (сүйектер, бұлшық еттер, тері жабыны, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею, жүрек-тамырлар, эндокринді бездер, жүйке, сезім мүшелер жүйелері) қалыптасып, сыртқы пішіні мен ішкі дене құрылысы ересек дарақтарға ұқсас үрық дамып жетілетін эмбриогенездің соңғы сатысы

[3]

Бір жасушалы ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды.

Slide 8

в. Дамуының қауіпті кезеңдері

Онтогенез (жеке даму) - бұл даму ұрық болып түзілуден организмнің қартайып өлуіне дейінгі өзгерістердің жиынтығы. Осы организмнің жеке дамуы барысында көптеген қатерлі кезеңдерді кездестіреді. Әсіресе қатерлі кезең эмбриогенез барысында, яғни ұрықтың сезімталдығы жоғары кезеңдерде байқалады. Ресей эмбриологі дамудың қатерлі кезеңдері жайлы теория қалыптастырды. Бұл теория бойынша, ұрықтың және оның мүшелерінің дамуының әрбір сатысы жасушаның дифференциялануымен, пролиферациясымен, детерминациясымен қатар жүреді. Бұл уақытта эмбрион әртүрлі зақымдаушы әсерлерге (рентген, химиялық заттар т. б) сезімтал болып келеді.

Slide 9

Ана құрсағында нәресте пайда болысымен екеуінің арасында байланыс, яғни ана-нәресте жүйесі пайда болады. Олар бір-бірімен плацента кіндік қан тамырлары арқылы байланысады. Анамен нәрестенің әрекеттесуі нейрогумаральдық реттеліс арқылы болады. Сол себепті құрсақтағы бала жағдайы бірінші анаға сезіледі. Бұл жатырдағы рецепторлар арқылы беріледі, егер жатыр рецепторлары тітіркендірілсе, ана организімінде қан қысымының көтерілуі, тыныс алуының жиілеуі сиақты өзгерістер пайда болады, ал бұл жатырдығы ніресте жағдайына қолайлы жағдай жасайды. Сонымен ана организміндегі реттелістер ОЖЖ және гормондар есебінен жүреді.

Slide 10

Қалыпты жағдайда жүктілік 38-41 апта, осы аралықта жүктіліктің алғашқы үш айы өте қауіпті мыс:кей дәрілік препараттың нұсқаулығында жүктіліктің 1ші триместірінде қолдануға болмайды деген жазуды көреміз. Бұл экзогендік зақымдаушы фактор. Сонымен қатар нашақорлық, алкаголизм, темкі тарту, экологиялық әсерлер және дұрыс тамақтанбау. Жатырдағы нәрестенің қоретенуі ана есебінен жүреді. Сондықтан ана рационында әдеттегіден көп мөлшерде тағам қабылдау қажет. Тағы бір айтып кетер жайт ана организміндегі кейбір жетіспеушіліктердің орнын толтыру үшін кей препараттарды қабылдау ұсынылады мыс: ана организіміндегі анемия(қан аздық) ол жатырдағы нәрестеге гипоксия тудыруы болады сол себепті жүктілік кезінде осы жетіспеушіліктің алдын алу үшін фолли қышқылы, темір препараттары тағайындалады. Бұл жоғарыда аталған зиянды факторлар түрлі ауытқушылықтарға, тіпті шетінеуге алып келуі мүмкін.

Қалыпты жағдайда жүктілік 38-41 апта, осы аралықта жүктіліктің алғашқы үш айы өте қауіпті мыс:кей дәрілік препараттың нұсқаулығында жүктіліктің 1ші триместірінде қолдануға болмайды деген жазуды көреміз. Бұл экзогендік зақымдаушы фактор. Сонымен қатар нашақорлық, алкаголизм, темкі тарту, экологиялық әсерлер және дұрыс тамақтанбау. Жатырдағы нәрестенің қоретенуі ана есебінен жүреді. Сондықтан ана рационында әдеттегіден көп мөлшерде тағам қабылдау қажет. Тағы бір айтып кетер жайт ана организміндегі кейбір жетіспеушіліктердің орнын толтыру үшін кей препараттарды қабылдау ұсынылады мыс: ана организіміндегі анемия(қан аздық) ол жатырдағы нәрестеге гипоксия тудыруы болады сол себепті жүктілік кезінде осы жетіспеушіліктің алдын алу үшін фолли қышқылы, темір препараттары тағайындалады. Бұл жоғарыда аталған зиянды факторлар түрлі ауытқушылықтарға, тіпті шетінеуге алып келуі мүмкін.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Дамудың қатерлі кезеңдері туралы түсінігі (П.Г.Светлов). Адам ұрығының дамуындағы негізгі қатерл кезеңдер
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері
Дамудың қауіпті кезеңдері
Бұршақ тұқымдастардың антракноз ауруы
Жыныс жүйесі. Эмбриональдық даму кезеңдері
Ұрықтың даму кезеңдері
Дамудың қатерлі кезеңдері
Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары
Аналық жыныс жасушасы
БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz