Тәрбие үдерісінің теориясы
Презентация қосу
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ – ТҰТАС
ТАҚЫРЫБЫ:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ
ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ
«ТӘРБИЕ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТҚӨА ИЕ БОЛҒАН
ЖАҒДАЙДА ҒАНА ӨЗ МАҚСАТЫНА ЖЕТЕДІ »
К.Д.УШИНСКИЙ
Жоспары:
1. Тәрбие үдерісінің теориясы
2. Тәрбие жұмысының
Әдістемесі
3.Қазіргі кездегі жалпы орта
білім беретін оқу
орындарындағы тәрбиенің
ерекшеліктері
Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде
білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда
тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу
қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені
шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие
сонымен бірге педагогикалық әрекетте:
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.
Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие беру
әдістемесі де өзіндік бет бейнесі, бағыт –бағдары бар
ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Соған
сәйкес соңғы жылдары педагогикалық жоғары және
арнаулы кәсіби педагогикалық оқу орындарында тәрбие
беру теориясы мен әдістемесі жөнінде арнаулы курстар мен
практикалық сабақтар кең етек жаюда. Ондағы көздеген
міндеттер кеңейту және біліктерін тереңдетуді көздейді.
Мұндай көзқараста осы бағыттағы педагогикалық
талаптарды ескере отыра, оларды басқару өнерімен
қаруландыру. Бұл, әрине өте күрделі өнер. Оны
педагогикалық тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар
тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөніндегі терең де
жан-жақты білімдер жүйесіне сүйене отырып меңгеруге
болады.
К.Д.Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты іргелі
еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік
таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс
болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның онымен
теориялық немесе практикалық тыныстағы неғұрлым
азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және
оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік
тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды,
кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және
іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ
төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа,
арнаулы білім де қажет екеніне көз жеткізеді».
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ
ПЕДАГОГИКА КУРСЫН ОҚЫП ҮЙРЕНУДЕН
БАСТАЛАДЫ. ОЛ КӨП САТЫЛЫ БОП КЕЛЕДІ.
СОНЫҢ ІШІНДЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ДЕ
АЙРЫҚША. СОҒАН ОРАЙ БҰЛ ОҚУ-
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ МАҚСАТЫ –
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ
СТУДЕНТТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ
ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫП –
ҮЙРЕНУГЕ, БАҒЫТ – БАҒДАР БЕРУГЕ КӨМЕК
КӨРСЕТУ.
МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА БҰЛ
ЖАУАПТЫ МӘСЕЛЕНІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ СЫНЫП
ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ
ЖҮКТЕЛЕДІ. ОНЫ НӘТИЖЕЛІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ, СЫНЫП
ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ
ДЕҢГЕЙІНІҢ САПАСЫ МЕН
ПЕДАГОГТІК ШЕБЕРЛІГІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ. ОҒАН
МЕКТЕПТІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫ
МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-
АНАЛАРЫН, ТІПТІ
ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ТАРТА БІЛУ
ҚАБІЛЕТІН ИГЕРУДІҢ ДЕ
МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ.
Тәрбие - педагогикалық процестің
жетекшi компонентi
Тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның
құрамды бөліктерінің байланыстарын
шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін оның
мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары,
формалары бірімен-бірі тығыз байланыста
қарастырылуы тиіс.
Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі –
педагогикалық процесс. Педагогикалық
процестің түпкі мақсаты адамның тұлға
ретінде қалыптасуы болса, онда
педагогикалық процестің элементарлық
бірлігі - бастапқы абстракция болып
қалыптасудың қас-қағым сәті
“педагогикалық ситуация” болады.
Педагогикалық ситуация педагогикалық
шындыққа тән көпқырлы болады, оның нақты
бір қырына көңіл бөлу қажет, мысалы, оның
орны, өтетін уақыты, себеп-салдары, пайда
болу жағдайы, тәрбиеленушілердің жас
ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психо-
физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің
мазмұны мен тәсілі айқындалып, қас-қағым
сәттегі педагогикалық процесс ішіндегі тұлға
қозғалысының дамуын көруге мүмкіндік туады
Педагогикалық процесте “ұстаз – оқушылар”,
“оқушы – оқушы”, “сынып оқушылары – сынып
ұстаздары” жүйесі қызмет етеді. Мектептің
педагогикалық процесі – “мектеп – оқушылар”
жүйесінің өмір сүру қызметінен тұрады.
Педагогикалық процестегі мұғалімнің
басқаруы - субьектілер арасындағы
қарым-қатынастар болады. Олар арқылы
субьектілердің іс-әрекетімен бірге
олардың дамуына тиімді жағдайлар
қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық процесс оқушылардың ұстаздармен
бірлескен, және олардың басшылығымен жүзеге асатын іс-
әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір
оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталып, дамуға және
өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын болуын
қамтамасыз етеді.
Қоғамдық мәдениеттi игеру - тәрбие мақсатының
әдiснамалық негiзi .
ТӘРБИЕНІҢ ОБЬЕКТІСІ - ТҰЛҒА БОЛСА, ҰСТАЗ
ОЛАРДЫ ДАМЫТУ ҮШІН ОЛАРҒА ТӘРБИЕ
СУБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ҚАРАП, ОЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ
ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРЫП, БАСШЫЛЫҚ
ЖАСАУЫ ҚАЖЕТ. ТӘРБИЕНІҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ
БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС ШЕҢБЕРІНДЕ
ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ (Н.Д.ХМЕЛЬ).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz