Қайта өрлеу дәуірі
Презентация қосу
Қайта өрлеу
дәуірі
Орта ғасырлар тарихы деп аталатын дәуірде
дүниежүзілік мәдениет пен өнер тарихында жаңа
кезең басталды. Бұл кезең — "Қайта өрлеу
мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. Қайта өрлеу
дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды.
Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда
саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып,
адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет
жасауға болатынына көздері жете бастады.
Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық
сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті.
Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол
ашты.
XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияның
мәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін
өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада
өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы
басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым
саласындағы бетбұрыс — бірте-бірте Англия,
Германия, Франдия, Испания, Голландия және
тағы басқа елдерге тарады. Қайта өрлеу
мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне
байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес
еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан
байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта
өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын
мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды.
Аңыз бойынша Саул патшаның еліне қырық күн
бойы қырғын салған, ешкім жеңбеген қанішер
Голиаф деген сұсты батыр болады. Соған қарсы
қарапайым бақташы бала — Давид шығады.
Донателло шығармасына негіз болған осы
аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында
мүсінделген. Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің тағы
бір мүсіншісі — Андреа дель Верроккио (1435—
1488). Ол Донателлоның шәкірті, жолын
жалғастырушы болды. Оның атақты
мүсінескерткіші — әскери қолбасшы, полковник
Коллеониге тұрғызылған шығармасы Венецияда
орын алған. Сол кездегі белгілі қылқалам шебері
Мазаччо болды. Бұл суретші өнердің терең
сырларын Джоттодан үйренді.
Флоренциядағы көне шіркеудегі екі фресканы Мазаччо
1427 жылы ешбір көмекшісіз жалғыз салады. Біріншісі
— "Жұмақтан аластату", екіншісі — "Динарий
ғаламаты" жұмыстары еді. Бұл — өзіндік бояуымен
танылған Бранкаччи капелласы. Кейіннен капелла
италия суретшілерінің көптеген ұрпақтары үшін
тәжірибе мектебі болды. Атақты өнер шеберлері, яғни
Боттичелли, Леонардо, Рафаэль, Микеланджело
осында жиі келіп, Мазаччо фрескаларымен танысты.
Бұл суретші 1428 жылы Римде қайтыс болған. Суретші
Мазаччодан кейін қылқалам шеберлерінің ішінен
көрінген (Сандро Боттичелли (1445—1510) болды. Ол
қылқалам шеберлерінің жоғары шыңына жетті. Әйгілі
картинасының бірі — "Венераың тууы" болды. Тағы бір
туындысы — "Көктем" картинасы. Мұнда ғаламат сұлу
қозғалыс, иірім, гармония бар. Дене бітімі, сәйкестік
заңдылығы керемет білгірлікпен берілген. Сандро
Боттичелли, әсіресе, сұлу да әдемі мадонналарды
жазумен әйгіленді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz