Қан кету



12. Қан кету. Қан тоқтату тәсілдері. Күйік. Күйік кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек
.
Қазақстан Республикасының Білім жәнеғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Жоспар:
Қан кету және оның түрлері
Қан кетудің клиникалық көрінісі
Алғашқы дәрігерлік көмек
Күйік және оның түрлері
Күйік ауданының анықталуы
Күйік дәрежелері
Күйік кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек

Пайдаланылған әдебиеттер
http://bes-asyl. kz
https://kazmedic. org/archives/4775
https://massaget. kz/layfstayl/Zdorove/37710/
Жедел жәрдем негіздері 2006ж
Дәрігерге дейінгі алғашқы жедел жәрдем . Кемелова М. М 2014.

Қан кету дегеніміз не?
Қан кету- деп қан тамырларының жарылуы, болмаса зақымдануы себебінен қан құйылуын айтады.

Қан кетудің салдарына байланысты 2 түрі бар:
Сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға ағады және оны анықтау қиынға түспейді.
Ішкі қан кету деп қанның ішкі қуыс ағзалардың ішіне немесе организмнің табиғи қуыстарына құйылуын айтамыз.

Қан кетудің анатомиялық түрлері:
Артериялық сыртқы қан кету кезінде, қанның түсі алқызыл болады және шыпшып атқылайды
Веноздық сыртқы қан кету кезінде жылы қан жай ғана ағады. Үлкен веналардың жарақаттануы кезінде тоқтамай атқылайды.

Капиллярлық қан кету кезінде бүкіл жарақат алған аумақтағы ұсақ капиллярлар мен тамырлардан қан кетеді. Қан кетудің қарапайым түрі.
Паренхиматоздық қан кету кезінде бауыр, бүйрек, талақ секілді мүшелер жарақаттанған кезде, ұсақ тамырлар бүкіл ұлпаға болғандықтан жылып аққан қанды тоқтату қиынға соғады, науқас анемияның ауыр түріне тап болады

Клиникалық көрінісі
Зардап шеккен адамның басы айналады, аузы құрғап, жүрегі айныйды, көзі қарауытып, денесі ауыр тарта бастайды. Сырт қарағанда өңі қуаң тартып, тершиді, беті суалып, дем алысы жиілейді, жүрек соғуы әлсіз, АҚ төмендейді.
Аққан қанның түсі мен басқада белгілерін айыра білудің маңызы зор. Мәселен, алқызыл қан өкпеден қан кетудің, ауыздан “қою кофе түсті” қан құсса, асқазан мен тоқ ішектен қан кетудің белгісі. Қара май түсті нәжіс, ішек-асқазан жолдарының жоғарғы тұсында жарақат болғандықтан көрінісі.

Алғашқы көмек. Қан ағуды тоқтату әдістері
Қанды уақытша тоқтату тәсілдері: қысып орау, аяқ-қолды жоғары көтеріп, сол жердегі ірі қан тамырларын қысу, тамырларды саусақпен басу, бұрау салу. бұл аталған тәсілдердің жарамды, ал кейбір жағдайда жарамсыз жақтары да бар. Сондықтан оларды жағдайға қарай қолданады.
Қысып тану әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материалдар қажет. Қысып таңу әдісі көктамырлар мен ұсақ қан тамырларынан, әсіресе аяқтың кеңейген көктамырларынан қан кеткенде таптырмайтын әдіс.

Аяқ-қолды бүгу әдісі сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буынын сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен балтырдан, иық буынын - қол басы мен білектен қан кеткенде мейлінше бүгу керек.
Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.
Артерияны саусақпен басу. Мейлінше қарапайым және қосымша құрал-сайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің артықшылығы - тез арада қолдануға болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұрау салуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс.

Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек. Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек. Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек. Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып екі-үш айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс. Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек. Жаралы адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет.

Күйік дегеніміз не?
Күйік - жоғары температурадағы сұйықтықтың, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиоактивті сәуленің зардабынан теріннің зақымдануы

Күйік түрлері
Күйіктің басты - басты төрт түрі бар. Олар: 1. Термиялық (жылулық) күйік. 2. Химиялық күйік. 3. Сәулелік күйік.

Термиялық күйік
Термиялық күйік - денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.

Химиялық күйік
Химиялық күйік - денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады. Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды. Ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.

Сәулелік күю
Сәулелік күю - ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.

Күйік ауданы тоғыз ережесі және алақан ережесі арқылы анықталады.
Алақан әдісі - ересек адам алақанының ауданы дене ауданының шамамен 1 % құрайды.
Тоғыз ережесі бойынша - дененің ірі бөліктері дене беті ауданының 9 немесе 18% құрайды. Егер зақымданған жердің жалпы ауданы 10%-дан жоғары болса, күйік ауыр болып саналады

Күйік жарасының клиникалық көрінісі
І дәрежелі күйіктерде терінің асептикалық қабынуы дамиды, қызару, ісіну, ауыру сезімі. 3- 4 күннен кейін эпидермистің жоғарғы қабаты кеуіп, қоюланып, қатпарланады да, түсе бастайды.

ІІ дәрежелі күйіктер айқын қабынулық көріністермен ерекшеленеді, көпіршіктер пайда болады, ондағы сұйықтықтың құрамы қан сарысуына ұқсас болады. ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 7 - 14 күнге созылады.

ІІІ а дәрежелі күйіктің бетінде құрғақ, ашық - қоңыр немесе ашық - сұр түсті қабыршақ пайда болады, ол демаркациялық жолақ түзіп, сау тіндерден ажырайды. Іріңді демаркациялық қабыну тері негізінің дәнекер тіні деңгейінде өтеді. Қабыршақтың ыдырауы 2 - 3 аптаға созылады.
ІІІ в дәрежелі күйіктің негізгі 3 клиникалық түрін ажыратады. Коагуляциялық (құрғақ өліеттену) Жылудың әсерінен терінің жабысуы Ылғал өліеттену Құрғақ қабыршаққа қарағанда, жара ылғал өліеттенуден 10- 12 күн бұрын тазарады. Жазылу кезінде зақымдалған жерде дөрекі ақ түсті келлойдты тыртық пайда болады.

ІҮ дәрежелі күйіктер тері асты шел майы аз дамыған аймақтарда, ұзақ уақыт ыстық заттың әсер етуінен дамиды. Көбінесе бұлшықеттер, сіңірлер, сүйектер зардап шегеді. 13% жағдайда аяқ қол бөлігінің өліеттенуі байқалады. Клиникалық ағымы 3 түрде өтеді. 1) қою- қоңыр немесе қара түсті қабыршақтың түзілуі. 2) Көмірленіп күйюі. 3) Қамыр тәріздес ақшыл қабыршақтың пайда болуы.
Мұндай күйіктер өздігімен жазылмайды, сондықтан тереңдетілген некрэктомия және аяқ қолдың ампутациясы орындалады.

Күйік кезіндегі алғашқы көмек
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz