Қан кетуді тоқтату


Slide 1

ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ “ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ” ТАҚЫРЫП №12: ҚАН КЕТУ. ҚАН ТОҚТАТУ ТӘСІЛДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Slide 2

ЖОСПАР:

Қан кетудің түрлері

Қан кету

Қан кету кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек

Түйіндеме

Бақылау сұрақтары

Тест сұрақтары

Slide 3

Қан кету

Қан кету (грекше - қан, - ағу) - қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан) .

Қан кетуде 3 түсінік бар: қан кету, қан құйылу және гематома.

Қан кету деп қанның тамырдан сыртқы ортаға, қуысты ағзаға, организм қуыстарына қарқынды ағуын айтады.

Қан тамыр ішінен шығып қоршаған тіндерге сіңсе, оны қан құйылу деп атайды.

Сыртқа шыққан қан тіндерді ажыратып, ағзаларды ығыстырған кезде ол жерде жасанды қуыс пайда болады және ол гематома деп аталады.

Slide 4

Қан кетудің түрлері:

Артериялық қан кету -Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Артериялық қан қою қызыл түсті, қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.

Артериялық қан кету белгілері:

Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді.

Жара үстінен аққан қанның белдікшесі көрінеді (валик)

1-2 минут ішінде қан қағының диаметрі 1 метрге жетеді

Slide 5

Веноздық қан кету- сыртқы қан кету кезінде жылы қан жәй ғана ағады. Үлкен веналардың жарақаттануы кезінде тоқтамай атқылайды.

Веноздық қан кету белгілері:

Қан баяу ағыммен ағады

Қан қою, кейде қара түсті

Slide 6

Капилярлық қан ағу.

Жараның барлық беті қанайды. Қан түрі бойынша артериялық және көк тамыры қандарының арасындағы орталық жағдайда болады. Қан ағуы қауіпті, мысалы, гемофилияда, сепсисте, өйткені бұнда қан ұюының бәсеңдеуі байқалады. Әдетте капилярлық қан ағулар өз-өзінен тоқтап қалады.

Slide 7

Мұрыннан қан кету

Мұрыннан қан кету -мұрын қуысынан қанның ағуымен көрінетін, жиі кездесетін жағдайды айтады.

Мұрыннан қан кету себептері:

Инфекция аурулары жатады. Сүзек көбінесе мұрыннан қан кетумен басталады. Мұрыннан қан кету көбінесе дифтерияда, қызамықта, қызылшада, тілмеде, грипте байқалады.

Қан қысымын көтеретін - жүгіру, секіру жаттығулар да тамыр жүйесінің тұрақсыздығынан қан кетуді тудырады.

ұрғаннан кейінгі қан кетуді айту керек. Мұрыннан қан кету алдыңғы бас сүйегі ойығының сыну белгісі болуы мүмкін.

Slide 8

Алғашқы көмек. Қан ағуды тоқтату әдістері.

Жәрдем көрсету шараларына және медицина қызметкерлерінің мамандығына байланысты, қан ағуды тоқтату уақытша және біржолата тоқтату болып бөлінеді. Әдетте қан ағуды уақытша тоқтатуды науқасты ауруханаға жіберердің алдында, жарақат алған жерде орта медицина қызметкері іске асырады. Қан ағуды біржолата тоқтатуды аурухана жағдайында және операция жасау жолымен істеледі.

Қан ағуды уақытша тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар:

қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.

Slide 9

Қыл бұрау салу

.

Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек. Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек. Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек. Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып екі-үш айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс. Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек. Жаралы адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет.

Slide 10

Артерияны саусақпен басу.

Мейлінше қарапайым және қосымша құрал-сайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің артықшылығы - тез арада қолдануға болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұрау салуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс.

Slide 11

Аяқ-қолды мейлінше бүгу.

Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буынын сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен балтырдан, иық буынын - қол басы мен білектен қан кеткенде мейлінше бүгу керек.

Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.

Slide 12

Қысып таңу

Бұл әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материалдар қажет. Қысып таңу әдісі көктамырлар мен ұсақ қан тамырларынан, әсіресе аяқтың кеңейген көктамырларынан қан кеткенде таптырмайтын әдіс.

Slide 13

Қан кетуді тоқтату


Ұқсас жұмыстар
Веналық қан кету белгілері
Қан кетуді анықтау
Қан кетудің түрлері
Артериялық қан кету белгілері
АКУШЕРЛІК ҚАН КЕТУ
Капиллярдан қан кету
Мұрыннан қан кету
Сынықты басқа жарақаттардан ажырата білу
Жарақаттану - белгілі бір жағдайдағы бірдей қалыпты топтағы адамдарда пайда болатын қайталама жарақат
Сінірлердің созылуы - буындарға, сінірлерге түсетін күштің тым көп болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz