Иммануил Кант философиясы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
“ФИЛОСОФИЯ”
Иммануил Кант
философиясы
Орындаған:
Тексерген :.
ЖОСПАР
▪ Кіріспе
▪ Қысқаша И. Кант өміріне шолу
▪ И. Канттың философиялық жүйесі
▪ Қорытынды
▪ Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория, метод және философиялық
көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны. Бұрын айтканымыздай, диалектикасыз философия шынайы, өткір,
сыншыл, пәрменді ғылым бола алмайды. Немістер диалектаканы теориялық тұрғыда негіздеп қоймай,
таным процесінде шебер қолдана білді, жүзеге асырды. Диалектиканы дамыта отырып, Кант, Фихте, Гегель
метафизикалық ойлау тәсілінін тайыздығын, сыңаржактылығын ашып, бұл көзкарасқа катты сокқы берді.
Неміс философтары философия меи ғылым үшін маңызы өте зор таным мен ойлаудың белсенділігі идеясын
ұсынып, іс жүзінде оны негіздеп берді.Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген ол классикалық
неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі
айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады.Одан кейін философияда таным туралы көзқарыс мүлде өзгерді.
Материалистер таным процесін сыртқы дүниенің заттардың адам санасандағы жай бинеленеді деп түсінді.
Кант материалистік таным теориясын сынай отырып, танымның, ойлаудың, субъиектің белсенділігін баса
көрсетеді.
ИММАНУИЛ КАНТ
(1724-1804)
Иммануил Кант (1724-1804) — неміс философиясының негізін қалаушы. Ой
еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград)
қаласында өткізген. Кенисберг университетінің факуль-тетіне оқуға түсіп,
діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен
лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755
ж.) дүниенің физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін
Лаплас қайталады. Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы,
жер сілкінісі туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан
диссертация қорғап, логика және метафизика профессоры атағын алды.
Негізгі философиялық еңбектері осыдан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе
бастады.
Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Дауысының
әлсіздігіне қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-
лософиядан басқа математика, физика, құқық, этика, физикалық география,
антропология, рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ
Інжілді бұрмалады деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға тиым
салынды.
И. Канттың шығармашылық
қызметі екі кезеңге бөлінеді.
«Сынға дейінгі «Сыншыл»
«Сынға дейінгі» кезеңде ол жаратылыстану ғылымдарымен айналысып, математика, физика, география,
астрономия ғылымдары салаларына айтарлықтай үлес қосты.
Кант өзінің шығармашылығының «сыншыл» кезеңінде ақыл ойдың іс-әрекеттігі туралы, таным, логика,
этика, әлеуметтік философия мәселелерін қарастырды. «Сыншыл» кезең өзінің атауын үш фундаменталды
еңбектермен байланыстырды: «Таза парасат сыны», «Практикалық парасат сыны», «Пайымдау қабілетінің
сыны».
И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ
И.Канттың басты идеясы — АГНОСТИЦИЗМ немесе адамның қоршаған ортаны тануының
мүмкін еместігі («Таза ақылға сын»); Адамның қоршаған ортаны тануының мүмкін еместігінің
себебі — адам санасының таным мүмкіндіктерінің шектеулілігі; Парасаттың адам, әлем және
құдай мәселелерін тануда шешілмейтін қайшылықтарға немесе «ПАРАСАТТЫҢ
АНТИНОМИЯЛАРЫНА» кездеседі.
Парасаттың бірнеше АНТИНОМИЯСЫ бар.
БІРІНШІ АНТИНОМИЯ – «Кеңістіктің шектеулілігі».
«Дүние уақыт пен кеңістік жағынан шексіз және шетсіз. Дүние уақыт пен кеңістік
жағынан шектеулі, шекті». Бұл антиномияның мәні – бүкіл әлемді білу және оны тану
мүмкін емес. Сондықтан парасат өзінің әлемді тануға ұмтылысында дәрменсіз.
ЕКІНШІ АНТИНОМИЯ – «Қарапайым мен күрделі элементтер».
Тек қана қарапайым элементтер және олардыан тұратын нәрселер ғана өмір сүреді.
Дүниеде ешқандай қарапайым элементтер жоқ, бәрі күрделі».
ҮШІНШІ АНТИНОМИЯ – бостандық пен себептілік.
«Табиғат заңына бағынатын себептілікпен қатар бостандық та бар. Бостандық жоқ”.
ТӨРТІНШІ АНТИНОМИЯ – «Құдайдың бар немесе жоқтығы».
«Құдай бар, өйткені ол барлық нәрсенің пайда болу себебі. Құдай жоқ».
И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. АПОСТЕРИОРЛЫҚ БІЛІМ;
И.Кант бойынша білімнің үш түрі бар («Таза
2. АПРИОРЛЫҚ БІЛІМ;
ақылға сын»):
3. «ӨЗІНДІК ЗАТ».
И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ
1.АПОСТЕРИОРЛЫҚ БІЛІМ (a’ posteriori (тәжірибеден кейін)— тәжірибенің нәтижесінде
пайда болған білім. Ол тек қана гипотеза ретінде өмір сүреді және практикада тексерілуі тиіс.
2. АПРИОРЛЫҚ БІЛІМ (a’ priori (тәжірибеге дейінгі) — тәжірибеден тыс пайда болатын
ұғым, ой, идея, ол адам ақылында туа пайда болады және ешқандай тәжірибелік дәлелдеуді
қажет етпейді.
3. «ӨЗІНДІК ЗАТ» — «дүниедегі заттарды толық тануға болмайды» деген агностиктік бағыт. Ол
танып-білуге болмайтын «өзіндік заттар» бар, олар объективті, біздің санамыздан тыс өмір
сүреді дейді.
Кант адам санасының (таза сана) жүйесін
қалыптастырды. И.Кант бойынша ол мыналардан тұрады: «Таза парасатқа сынның» негізгі бөлігі
1. СЕЗІМ ФОРМАЛАРЫ; «ТРАНСЦЕНДЕНТАЛЬДІ ЛОГИКА»
2. ПАЙЫМДАУ ФОРМАЛАРЫ; категорияларының пайда болуын
3. АҚЫЛ-ОЙ ФОРМАЛАРЫ. қарастырады(латынша трансцендентальді
– аттап өту деген сөз.
Бұл философияда білім, сана, ұғым, идея
1. СЕЗІМ ФОРМАЛАРЫ — сананың бірінші деңгейі. Сезімнің тәжірибе арқылы пайда болмайды, одан
формаларына кеңістік пен уақыт жатады. Сыртқы дүниенің сезім тыс қалыптасады, ал тәжірибенің
мүшелеріне өз әсерін тигізетініне байланысты оларда көптеген білімдер жиынтығынан пайда болатынын
түйсіктік деректер жинақталды. көрсететін ілім). Трансцендентальді
2. ПАЙЫМДАУ — сананың келесі деңгейі. Оның формаларына логика «Таза жаратылыстану қалай
категориялар жатады. Олар алғашқы түйсіктерді жүйелеп оларға пайда болады?» және «Метафизика қалай
мән береді. (Мысалы: сан, сапа, мүмкіндік, мүмкінсіздік, болуы мүмкін?» деген сұрақтарға жауап
қажеттілік және т. с.с.) береді
3. АҚЫЛ-ОЙ — сананың ең жоғарғы деңгейі. Оның формаларына
аяқталған жоғары идеялар жатады. Мысалы: Құдай идеясы; жан
идеясы; әлем мәнінің идеясы және т.б.
И.Кант КАТЕГОРИЯЛАР жүйесін (система) жасауға ұмтылды. Ол
категориялар арасындағы терең байланыстарды анықтап, бірінен
бірінің туындайтынын дәлелдейді.
И.Кант 12 категорияны қалыптастырып, оларды 4 класқа бөледі –
1. САН; 2. САПА; 3. ҚАТЫНАС; 4. МОДАЛЬДЫЛЫҚ Категориялардың көмегімен пайым өзінің
әр класс үш категориядан тұрады: іс-әрекетін жүзеге асырады: алдымен
алғашқы түйсіктерді жүйелейді, содан
1. САНДЫҚ — бірлік, бүтіндік, көптік; кейін ақыл-ой өз жұмысын атқарады.
2. САПАЛЫҚ — реалдылық, терістеу, шектеу;
3. ҚАТЫНАСТЫҚ — субстанционалдылық (бастамалық мәннің
болуы)
пен акциденция (дербестік); себеп пен салдар; әрекеттестік;
4. МОДАЛЬДЫЛЫҚ — мүмкіндік пен мүмкінсіздік, тіршілік
ету мен
тіршілік етпеу, қажеттілік пен кездейсоқтық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өмірінің соңғы кезінде Кант кейінгі адамзатқа аманат етіп, «Мәңгі бейбіт өмірге» деген кішігірім трактат
жазып қалдырды. Оны оқи отырып, тап осы кезде - XXI - ғасырдын басында жазылған ба деп қаласың.
Дүниедегі ең қымбат қазына Кант үшін - адам өмірі. Адам өмірін сақтау үшін халықтар арасында бейбітшілік
орнау керек. Өздерінің әлеуметтік құрылымының, нәсілінің, дінінің. тілінің, мәдениетінің айырмашылығына
қарамастан халықтар өзара келісіп, тату – тәтті өмір сүруі керек. Саясаттағы ең басты мәселе - жер бетіндегі
өмірді сақтау. Осы мақсатта Кант дүниежүзі халықтары әр халықтың, ұлттың, әр адамның құқықтарын
мойындайтын халықаралық келісімді қабылдауы керек деген идеяны ұсынды.
XX- ғасырдың басында Батыста философтар арасында «Кейін, Кантқа карай!» деген қозғалыс өріс алды.
«Жаңакантшылдық» деген беделді ағым пайда болды. Олардың түсінігінде Кант ілімі ескірген жоқ, керісінше,
ХХ-ғасыр Кант сияқты ойшылдарды керек етіп жатыр. Кантқа қайта оралу XXI - ғасырдың басында да орынды.
Өйткені Кант-болашақтың ғұламасы.Кант жөнінде көрнекті неміс филологы және философы З.Гумбольдтің
мына сөзімен аяқтағымыз келеді: «Канттың даңқы жөнінде әңгіме болғанда үш нәрсе күмән туғызбайды... Ол
қиратқан нәрсе қайтадан қалпына келмейді: ол құрған нәрсе ешқашанда қирамайды; ең бастысы, - дейді
Гумбольдт, - оның философияда жасаған төңкерісіне ойлау тарихында ешнәрсе тең келмейді».
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Философия тарихына шолу автор: Т. Х. Рысқалиев
2. Қысқаша философия тарихы автор: Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов
3. Тарихи философиялық таным автор: А. Қасабеков
4. Философия тарихы Ж. Алтай, А. Қасабеков, К. Мұхамбетәлі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz