ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІ ФИЛОСОФИЯСЫ


Slide 1

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ФИЛОСОФИЯ

Орындаған

Тексерген :

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Қысқаша Шәкәрім Құдайберді өміріне шолу

Шәкәрімнің философиялық көзқарасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Қазақ халқының философиялық - қоғамдық ой пікірлерін зерттеу ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақ халқында өзіне лайықты бай рухани мұрасы бар. Соның негізін философиялық ой тұжырымдар құрады.

Дүниеге шынайы көзқарас, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді өздері өмір сүрген қоғамдық ортаға лайықты қалыптастырды. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, билер мен серілер өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын әр түрлі деңгейде тұжырымдап көрсете білді. Осының барлығы қазақ халқының философиялық ойлау жүйесінің негізін қалайды. Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Slide 4

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІ

Қазақ халқының ұлы ақыны, философ, керемет білімдар, Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Шыңғыстауда дүниеге келеді. Ұлы ақын Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің ең үлкені еді. Құдайберді 1886 жылы 37 жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім қалады. Бұдан былай Шәкәрім ақын ағасы Абайдың тәрбиесінде болады. Туған әулет дәстүрі, өскен орта ыңғайы, ақын аға тағлымы Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуына да ерекше әсер етті. 1931 жылы 73 жасында Шәкәрім асыра сілтеудің құрбаны болды.

Slide 5

Шәкәрімнің философиялық көзқарасы

Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл - ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым - білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.

Slide 6

Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан - сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім - ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды.

Slide 7

Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет - сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып - білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ-қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.

Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі - ақыл-ой, ойлау қабілеттілігінің қуаттылығы, ой - тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы - таза ақыл мен ойлану. Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір - болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып - түсіну мағынасында алып қарайды.

Slide 8

Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Өмірдің мәні не? - деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді. Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл - ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні - ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім - үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді. Шәкәрім ар - ұждағы адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған. Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші - мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі - бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді. Үшіншісі - жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.

Slide 9

Шәкәрім философиясы өмірдің өзінен туған, көзі көріп, қолымен ұстаған нәрселерден ой түйгеннен туындаған өмір философиясы, дала философиясы. Ол:

Алланың адамды жаратқандағы қандай мақсұт қойды?

Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?

Адам өлген соң рахат-бейнет (сауап-азап) бар ма?

Ең жақсы адам не қылған кісі?


Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясы
Шәкәрім Құдайбедіұлы (1858-1931)
Шәкәрім сонда
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛ
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 - 1930
Шәкәрім - шығармашылық
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
ҚАЛҚАМАН-МАМЫР дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының “ҚАЛҚАМАН-МАМЫР” дастаны
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz