Жобалау әдісі




Презентация қосу
Жобалау
әдісі
Қолданылған
әдебиеттер
1. Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық
технология. –Алматы,2004
2. Өстеміров к. Қазіргі педагогикалық
технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы,
2007
3. http://tilalemi.kz/article/580
Жоспар
I. Жобалау әдісі
II. Шығу тарихы
III. Жобалау әдісінің мақсаты мен міндеті
IV. Жоба түрлері
V. Жоба құрылымы мен кезеңдері
VI. Оқушыларда қалыптасатын танымдық
біліктер
Жобалау әдісі
Жобалау әдісі дегеніміз белгілі бір
проблеманы оқушылардың өздігінен немесе
ұжыммен біріге отырып шешуге бағыттайтын,
міндетті түрде жұмыс нәтижесін ортаға жария
етуге мүмкіндік беретін оқу-танымдық тәсілдер
жүйесі.
Шығу тарихы.
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі.
Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты
мағынаны немесе жоспардың жүзеге
асырылуын білдіреді. Жобалау
технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші
жартысында АҚШ ауылшаруашылығы
мектептерінде пайда болған. Оның негізін
қалаған психолог, педагог, философ Джон
Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы
профессор Уильям Херд Килпатриктің
ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін
көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге
дайындау – бұл технологияның негізі.
20-ғасырдың басында С.Т.Шацкий
бастаған Ресей педагогтары жоба әдісін
тәжірибеге енгізу проблемасымен 1905-
жылдан бастап айналыса бастады.
Нәтижелі жұмыстың негізі ретінде
оқушының жеке қызығушылығы
қарастырылды.
Жобалау әдісінің
Мақсаты: Міндеттері:
тәжірибе жинақтау
оқып-үйрену
қалыптастыру зерделеу
дамыту меңгеру
қамсыздандыру. тарату
талдау
ұйымдастыру
көрсету
машықтану
өзара әрекеттесу
жүйеге келтіру
Бұл технологиядағы жоба
түрлері:
Қарым-қатынас
сипатына байланысты:
жеке; мектепішілік

жұптық аймақаралық

топтық халықаралық

сыныпаралық
Оқу жобасына қойылатын
негізгі талаптар:
жобаның проблемасы әлеуметтік маңызды болуы тиіс
зерттеушілік, ақпараттық, тәжірибелік.
жобаны жоспарлау –нәтиженің түрін және қорғау
формасын анықтау, жобаны кезең бойынша мерзімін
және жауаптыларын көрсете отырып әзірлеу.
ақпаратты іздестіру- оқушылардың зерттеу іс-әрекеті
жобаның негізгі шарты.
өнім жобаның нақты нәтижесі.
өнімді ұсыну және қорғау.
жоба портфолиосы – барлық жұмыс материалы
жинақталған папка (нұсқа жазған парақтар, есеп,
жоспар, зерттеу мен талдау нәтижелері т.б.)
Жоба құрылымы:
• проблеманы белгілеу
• жобаны атау
• мақсаты
• міндеттері
• жоба бойынша іс-әрекет (міндеттерді
кезеңге бөліп шешу)
• жобаны ортаға салу
Жобаның ең негізгі
кезеңдеріне мыналар
кезеңге, уақытқа сай кіреді:
• 1-кезең. Жобаның тақырыбын таңдау. Жобаның тақырыбы осы
өзекті, нақты әрі нысаналы болуы қажет.
Тақырып таңдаудағы талапты орындау арқылы оқушылардың іс-
әрекеттерінде танымдық белсенділік пен қызығушылықтың жоғары
деңгейіне жетуге болады.
• 2-кезең. Жоба мақсаты мен негізгі міндеттерін шешу талап етіледі.
• 3-кезең. Оқушылардың өз бетіндік жұмысы нәтижесінде, жоба
міндеттері біртіндеп орындалды. Оқушылар бақылау күнделігі мен
жұмыс дәптерін арнайды. Мұнда оқушылардың жұмысы түгелінен
көрінеді.
• 4-кезең. Алынған нәтижелер негізінде есеп беруге, алынған
нәтижелерді талдауға және қорытындылар жасауға үйренулері қажет.
• 5-кезең. Жобаны қорғау. Оқушылар жасалынған жұмыстар жөнінде,
алынған нәтижелерді түсіндіруге, шығарылған қорытындысының
себебін көрсетіп, дәлелдей білуге үйренуі тиіс.
Оқушылардың жобаны
орындау кезінде мынадай
танымдық біліктері
1. қалыптасады:
ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей отырып, өз
бетімен білім алу;
2. бақылау жүргізу және соның негізінде қорытынды
шығару;
3. өз бетімен эксперимент жасау және соның негізінде
жаңа білім игеру;
4. өз білімі арқылы құбылыстың және бақыланған
деректердің себебін түсіндіру, дәлелдеу;
5. сонымен бірге танымдық біліктерге қоса,
практикалық біліктерді игереді;
6. техниканы пайдаланады;
7. кесте құрастыру, талдау;
8. сандық, графикалық, логикалық, эксперименттік
есептеулерді шығару.
Мерзіміне байланысты:

шағын жоба- сабақтың бір бөлігін немесе
45 минутты алуы мүмкін;
шағын мерзімді жоба- 4-6 сабақты
қамтиды;
апталық - 30-40 сағат. Жұмыстың
сыныптық және сыныптан тыс формаларын
үйлестіруді қажет етеді.
ұзақ мерзімді және жеке топтық та болуы
мүмкін.
Қорытынды:

Жобаның тиімділігі- оқушыны ізденіске, іскерлік пен
танымдыққа , ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру
арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа,
ізденіске жетелейді. Жобалау технологиясының негізінде
оқушының жұппен, топпен бірігіп шығармашылық
жұмыстарды орындауында жатыр, ал бұл ерекшелік
оқушының қоғаммен жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Ұқсас жұмыстар
Технологиялық жобалаудың түрлері
Оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті критериялары
Жобалап оқыту технологиясының шығу тарихы
Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру
Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары
Оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларын қолдану
Контроллингті қолданудағы механизмдер мен процестер
БИОХИМИЯ ПӘНІНЕН ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Нәтижені талдау Ақпаратты талдау
Латона сорты Романо сорты
Пәндер