Күйік шогы
Презентация қосу
Күйік.
Күйік кезіндегі алғашқы
дәрігерлік көмек
Күйік дегеніміз не?
Күйік – жоғары температурадағы сұйықтықтың,
химиялық заттардың, электр тоғы мен радиоактивті
сәуленің зардабынан теріннің зақымдануы
Күйік түрлері
Күйіктің басты – басты төрт
түрі бар. Олар:
1. Термиялық (жылулық) күйік.
2. Химиялық күйік.
3. Сәулелік күйік.
Термиялық күйік
Термиялық күйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған
және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған
металдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың
ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер
етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына
байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда
тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол , көз, дененің
басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік
Химиялық күйік – денеге жинақталған
қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол)
және сілтілердің (күйдіргіш калий мен
күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті,
сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр
металдардың кейбір тұздарының (хлорлы
мырыш) әсерінен пайда болады.
Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі
химиялық заттың түрі мен жинақталуына,
әсер ету созымдылығына, қай жер
екендігіне байланысты. Химиялық
заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері
жамылғысы мен мойын төтеп бере
алмайды. Ал табан мен алақан мейлінше
төзімдірек.
Сәулелік күю
Сәулелік күю – ядролық
жарылыстың жарық
сәулесінен рентген мен күн
сәулесінен пайда болады,
сәулелік күйіктің сырттай
алғашқы белгілері зақымдау
дәрежесіне сәйкес келмейді.
Зақымдау дәрежесі біршама
кейінірек анықталады.
Күйік ауданы тоғыз ережесі және
алақан ережесі арқылы
анықталады.
Алақан әдісі - ересек адам
алақанының
ауданы дене ауданының шамамен 1 %
құрайды.
Тоғыз ережесі бойынша - дененің ірі
бөліктері дене беті ауданының 9
немесе 18% құрайды. Егер
зақымданған жердің жалпы ауданы
10%-дан жоғары болса, күйік ауыр
болып саналады
Клиникасы
Күйік ағымы бойынша 4 кезеңнен өтеді.
Күйік шогы
Жедел токсемия
Септикопиемия
Реконвалесценция
Күйік шогы кезеңі
Күйік шогы кезеңі 24 – 48 сағатқа дейін созылады. Дене
қызуы алғашқы 6 сағатта 37°С дейін жоғарылайды. Науқаста
қызу, ауырсыну, мазасыздану болады. Тыныс алу беткей, жиі,
пульс әлсіз жиі 140- 160рет минутына, АҚ төмендейді,терісі
бозарып, аяқ қолы суып,денесіне суық тер шығып,
олигурия,анурия болады.
Жедел токсемия кезеңі
Жедел токсемия кезеңі күйік шогінен шыққаннан
кейін 4 – 12 күнге созылады. Интоксикация көрінісі
болады. Плазма жоғалту және белок ткані
ыдырауынан белок алмасуы бұзылады. Бактериемия,
анемия, белок жетіспеушілігі және төменде
көрсетілген асқынулар пневмония, диарея, стоматит,
отитке әкеледі. ЭТЖ, плазмадағы қандық азот
жоғарылап қанның ұюына қарсы жүйе жұмысы
нашарлауы байқалады.
Септикопиемия кезеңі
Септикопиемия кезеңі 30- 40 күнге созылады. Ауру біртіндеп
күйіктен азады. Көлемі үлкен жара бетінен токсикалық заттар ,
микробтар қанға сіңіріліп тамыр ішіне түседі. 70% науқаста
альбуминурия, цилиндрурия, нефрит артынан
гломерулонефрит, геморрагиялық васкулит дамуы мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі
Реконвалесценция кезеңінде науқастың жалпы
жағдайы жақсарып , жара жазыла бастайды.
Терең күйіктер кезінде жара ұзақ жазылмауынан
тыртықты контрактуралар дамиды
Күйік жарасының клиникалық
көрінісі
І дәрежелі күйіктерде терінің асептикалық қабынуы
дамиды, қызару, ісіну, ауыру сезімі. 3- 4 күннен кейін
эпидермистің жоғарғы қабаты кеуіп, қоюланып,
қатпарланады да, түсе бастайды.
ІІ дәрежелі күйіктер айқын қабынулық көріністермен
ерекшеленеді, көпіршіктер пайда болады, ондағы
сұйықтықтың құрамы қан сарысуына ұқсас болады. ІІ
дәрежелі күйіктердің жазылуы 7 - 14 күнге созылады.
І дәрежелі күйік ІІ дәрежелі күйік
ІІІ а дәрежелі күйіктің бетінде құрғақ,
ашық - қоңыр немесе ашық - сұр түсті
қабыршақ пайда болады,ол
демаркациялық жолақ түзіп, сау тіндерден
ажырайды. Іріңді демаркациялық қабыну
тері негізінің дәнекер тіні деңгейінде
өтеді. Қабыршақтың ыдырауы 2 - 3 аптаға
созылады.
ІІІ в дәрежелі күйіктің негізгі 3
клиникалық түрін
ажыратады.Коагуляциялық (құрғақ
өліеттену) Жылудың әсерінен терінің
жабысуы Ылғал өліеттену Құрғақ
қабыршаққа қарағанда, жара ылғал
өліеттенуден 10- 12 күн бұрын тазарады.
Жазылу кезінде зақымдалған жерде дөрекі
ақ түсті келлойдты тыртық пайда болады.
ІҮ дәрежелі күйіктер тері асты шел
майы аз дамыған аймақтарда , ұзақ
уақыт ыстық заттың әсер етуінен
дамиды. Көбінесе бұлшықеттер,
сіңірлер, сүйектер зардап шегеді. 13%
жағдайда аяқ қол бөлігінің өліеттенуі
байқалады. Клиникалық ағымы 3 түрде
өтеді.
1) қою- қоңыр немесе қара түсті
қабыршақтың түзілуі.
2) Көмірленіп күйюі.
3) Қамыр тәріздес ақшыл қабыршақтың
пайда болуы.
Мұндай күйіктер өздігімен
жазылмайды, сондықтан тереңдетілген
некрэктомия және аяқ қолдың
ампутациясы орындалады.
Күйік кезіндегі алғашқы көмек
Сіздің бірінші қадамыңыз термиялық агенттің зақымдау әрекетін
тоқтатуға бағытталған болуы тиіс. Жанып жатқан киімді не жұлып
тастау немесе үстіне көрпе жабу қажет. Кейін киімді кесіп
(шешпеу)алып, тастау керек. Термиялық күйіктер кезінде теріні тез
салқындату үшін салқын су құйған дұрыс. Химиялық күйіктер кезінде
зақымданған теріні алдымен 10-30 минут бойы судың көп мөлшерімен
жуу керек, кейін – нейтралдайтын
ертіндімен жуады: қышқылмен күйген кезде – сода ертіндісімен,
сілтілермен күйген кезде – сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен
шайады.
Науқасқа 1-2 г ацетил қышқылын және 0,05 г димедрол беру керек.
Егер күйік ауданы 15 %-дан асып түссе, онда науқасқа кем дегенде ас
содысымен және ас тұзымен 0,5 л су беріңіз (1/2 шай қасық сода және 1
шай қасық тұз 1 л суға). Күйік жараларына құрғақ стерильденген
таңбаларды қойып, пациентті тезірек ауруханаға жеткізу керек.
Емі
•Күйік
•Шогын алдын алу және емдеу
•Организмнің иммунитетін жоғарылату
•Індетпен күресу
•Күйік жарасын жергілікті емдеу
Пайдаланылған әдебиеттер
1. http://bes-asyl.kz
2. https://kazmedic.org/archives/4775
3. https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/37710/
4. Жедел
жәрдем негіздері 2006ж
5. Дәрігерге дейінгі алғашқы жедел
жәрдем . Кемелова М.М 2014.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz