ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫ



ПЕдагогтың өзін-өзі тәрбиелеу мен кәсіби дамуы

Жоспар:
1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері;
2. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.
3. Өзін-өзі білімдендіру
4. Қорытынды

1 Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Өзінің кәсіби потенциалын ауқаттандыруда және әрдайым жаңаруда қоғамның талабына сай жас ұрпақты жаңа деңгейде оқыту қажет. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», -деп есептейді А. Дистервег.
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу - мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.

2. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы
Мұғалімдік жоғары деңгейге сәйкес болу үшін өзін педагогтық мамандығына арнаған әрбір адам өмірге және кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қажетті жаңа мінез бітістерін қалыптастырып, мінез-құлығындағы кемшіліктерден арылып өзін-өзі жетілдіруге тырысу керек.
Өзін-өзі тәрбиелеудің дербес мақсатының да маңызы бар. Өйткені деннің саулығы, ақылды, сезім мен ерікті жетілдіру, ақырында, педагогикалық мамандық қызметіндегі жетістік көп жағдайда адамның өзіне байланысты. Адам өзімен жұмыс істеу нәтижесінде өзін оптимистік үлгіге икемдейді, өз қызметіндегі практикалық жетістікке талпынады, өзінің ақыл-ойы мен эстетикалық қабілетін жан-жақты дамытады.

Ғалым Е. Н. Волкова педагог субъектілігінің құрылымының негізгі компоненттерін атап көрсетеді. Олар:
1) Белсенділік;
2) Рефлексияға кабілеттілік;
3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған жауапкершілік;
4) Субъектінің бірегейлігі (уникаль-ность) ;
5) Басқаны түсініп қабылдау;
6) Өздік даму.

Өзін-өзі білімдендіру
Өзін-өзі білімдендіру кәсіби өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеудің жетекші компоненті болып табылады. Өзін-өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педагогикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпыадамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін-өзі білімдендіру - оқытушының маман ретінде өсуінің негізі.

Өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс пен тәжірибе өзін-өзі тәрбиелеуге қажетті өзінің тұлғалық кәсіби маңызды сапаларын үш бағытта дамытуда саналы жұмыс жасау алғышартын құрайды. Олар:
өзінің жекелік қайталанбас ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына бейімдеу;
- кәсіби құзыреттілігін әрдайым жоғарылатып отыру;
- әлеуметтік-адамгершілік және тұлғалық басқа да қасиеттерін үздіксіз дамыту.

Осы орайда Р. П. Скульскийдің «мұғалімді мұғалім болуға үйрету керек» деген ой-пікірі тілге оралады. Яғни:
1. Жүйелі түрде әдістемелік біліммен қарулану, философия классиктерінің еңбектерін, өсіп келе жатқан ұрпақты білім-дендіру мен тәрбиелеу туралы мемлекеттік құжаттарды оқу.
2. Өз іс-әрекетінде психологияның және педагогиканың жетістіктерін, озық тәжірибені қолданып және өзінің ғылыми-педагогикалық зерттеуін жасай отырып, күш-жігерін мұғалімнің кәсіби педаго-гикалық функциялары жетік жүзеге асатын оқыту үрдісін жетілдіруге бағыттау.
3. Жүзеге асырылып отырған білім беру үрдісінің жағдайын, оның оқыту үрді-сінің жалпы даму тенденциясымен сәйкес-тендіре отырып, әрдайым талдау, бағалау критерийі ретінде өзінің мұғалімдік еңбе-гінің педагогикалық тиімділігінің аралық және соңғы көрсеткіштерін алу.
4. Өзінің педагогикалық әрекетін сол жүйеде оқу-тәрбие міндеттерінің мазмұнына қарай шығармашылықпен әртүрлі шешу үрдісі ретінде терең ұғыну.
5. Өзін-өзі білімдендіру арқылы өзінің кәсіби педагогикалық квалифика-циясын үздік жетілдіру, ғылымның жетіс-тіктерін оқу және оны тәжірибеде қолдану, сонымен қатар өзінің педагогикалық ізде-ністерінің нәтижелерін енгізу.
6. Барлық дидактикалық қағидаларды жетекшілікке ала отырып, өзін-өзі тәр-биелеу және өзін-өзі дамыту арқылы шы-ғармашылық әрекетке жетелейтін өзінде кәсіби-педагогикалық сапаларды қалып-тастыру, біртіндеп педагогикалық міндеттерді шығармашылық сипатта шешудің зерттеу біліктері мен тәсілдерін меңгеру.

Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің сыртқы факторлары:
педагогикалық ұжым
- мектепті басқару стилі
- бос уақыт
Педагогикалық ұжымға алған келген педагог оның талаптарын,
принциптерін, сындарын көріп, кәсіби идеал талаптарына үйренеді.
Мектеп басшылары педагогтарға жағдай тудыру керек.
Уақыт не үшін қажет. Уақыт педагогқа көркем әдебиет оқуға, музей, театр, көрмеге баруға, фильмдер көруге, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиет оқуына қажет.

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесінде бір-бірімен тығыз байланысты 3 кезеңді көрсетуге болады:
Өзін-өзі тану
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тануына психология көмектеседі. Ол үшін
әр түрлі әдістемелер бар. Кәсіби өзін-өзі тануы ерік, эмоционалды, темперамент, мінез, танымдық процестерінің ерекшеліктерін, қабылдау, ес, қиял, ойлау, сөйлнеу, зейін ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі бағдарламалау
Оқу және оқудан тыс әрекетін дұрыс жоспарлау, демалысқа, өзіндік білім алуға уақыт қалдыру қажет.
Өз-өзіне әсер беру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz