КОМПЛЕМЕНТАРЛЫ ЭПИСТАЗ


Slide 1

КОМПЛЕМЕНТАРЛЫ ЭПИСТАЗ ПОЛИМЕРИЯСЫНА ТҮСІНІК

Slide 2

Мазмұны

Аллельді емес гендердің әрекеттесу түрлері

Комплементарлық

Эпистаз. Оның түрлері.

Полимерия . Кумулятивті және кумулятивті емес полимерия.

Плейостропия.

Slide 3

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрлері

Комплементарлық

Эпистаз

Полимерия

Плейстропия

Slide 4

Комплементарлық

Комплементарлық- екі не бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, бір белгіні жарыққа шығару.

Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (Ғ1-дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта - Ғ2-де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. Ғ2 ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені - қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.

Slide 5

Эпистаз

Эпистаз - бір геннің әсерін екінші геннің толық басып тежеуін, оның көрінуіне мүмкіндік бермеуін атайды

Басқа гендердің әсерін басып тастайтын гендерді супрессор, немесе ингибитор деп атайды. Ондай гендер тірі организмдердің бәрінде де кездеседі.

Белгінің көрінуіне мүмкіндік бермейтін гендер - эпистаздық гендер деп, ал әсері басталып тасталынатын гендер гипостаздық гендер деп атайды.

Slide 6

Эпистаз 2-ге бөлінеді

Рецессивті

Доминантты

Slide 7

Рецессивті эпистаз

Рецессивті эпистаз деп егер бір геннің рецессивті аллельлі гомозиготалы күйінде екінші генннің доминантты геннің немесе рецессивті аллельінің көрінуіне мүмкіндік бермеген гендердің әрекеттесуі.

Гендердің өзара комплементарлы әрекеттеуінің мысалы ретінде келтірілген 9:3:4 ажырауын рецессивті эпистаз ретінде де қарастыруға болады. Ол мысалда тышқандардың сұр, қара және ақ түстерінің қалайша тұқым қуалайтындығы айтылған. Мұнда бір геннің рецессивті аллельі гомозиготалы күйінде екінші доминантты генннің көрінуіне және осы геннің рецессивті гомозиготасының көрінуіңне мүмкіндік бермейді, яғни эпистаздық жасайды. Бұл мысалда, генотиптері ссАА және ссаа тышқандардың ақ түсті болатын себебі с гені гомозиготалы күйінде пигмент түзілуін тежейді. Сөйтіп А генінің көрінуіне мүмкіндік бермейді

Slide 8 Slide 9

Доминантты эпистаз

Доминантты эпистаз деп доминантты бір геннің қызметін оған аллельді емес басқа бір доминатты геннің басып тежеуін айтады.

Тауық қауырсындарының түсінің кейбір тұқым қуалаулары доминанттық эпистазға жақсы мысал бола алады. Тауықтардың әр түрлі тұқымдарында қауырсындарының ақ болуын біренеше ген анықтайды. Мысалы, доминантты ақ түсті ССУУ гендері ал рецессивті ақ түсті ссуу гендері анықтайды. Сонда С гені пигменттің болуын яғни қауырсынның боялуын, ол оның с аллельі пигменттің болмайтын, соған сәйкес қауырсынның боялуын анықтайды. У гені С генінің әсерін тежегіш болып есептеледі де, у аллелі оны тежей алмайды. Құстардың генотипінде У генінің тіпті бір ғана дозасы болғанның өзінде де бояуды анықтайтын гендердің әсері байқалмайды

Slide 10

Полимерия

Егер гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір белгінің көрінуіне екі, үш немесе одан да көп гендердің әсері болса, ондай құбылысты полимерия деп атайды. Мұндай гендерді полимерлік гендер дейді. Оларды бірдей әріптермен белгілейді, бірақ индексі өзгеше болады. Мысалы, А1 А1 А2 А2 немесе a1 a1 а2 а2, A1 А1 А2 А2 А3 А3 немесе a1 a1 а2 а2 а3 а3.

Полимерлі гендер өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сапалы белгілері мен қасиеттерін бақылайды. Мысалы, өсімдік бойының биіктігі, пісу мерзімі, дәнінің орташа салмағы, майлылығы, қанттылығы, нәруыз мөлшері, т. б.

Slide 11

Полимерия құбылысын алғаш рет 1908 жылы швед ғалымы Нельсон-Эле бидай дәні түсінің тұқым қуалауын зерттегенде ашқан.

Slide 12

Полимерлік гендер қызметіне қарай 2-ге бөлінеді

Кумулятивті

Кумулятивті емес

Кумулятивті полимерия кезінде белгінің даму дәрежесі генотиптегі полимериялық гендердің доминанттық аллельдерінің санына тікелей тәуелді болады. Кумулятивті полимерияда екінші ұрпақта белгілердің өзгеру қатары үзіліссіз жүреді. .

Кумулятивті емес полимерия кезінде белгінің дамуы генотиптегі полимериялық гендердің доминантты аллеліне байланысты. Бұл жағдайда белгілердің фенотиптік көрінуіне полимерлік гендердің бір ғана доминантты аллелі жеткілікті болады.

Slide 13

Белгілердаң полимерлік тұқым қуалау жағдайында, екінші ұрпақта пайда болған организмдер, белгілері жағынан ата-аналық түрлерімен салыстырғанда не басым, не әлсіз болуы мүмкін. Мұндай құбылысты трансгрессия деп атайды

Slide 14

Назрларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
ГЕНЕТИКАЛЫҚ КАРТАЛАР ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА
ФЕНОТИП ГЕНОТИП
Эпистаз
Аллельді гендер - хромосоманың бір жұбында орналасатын гендер
Гендердің өзара әрекеттесуі
Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары. Аллельді гендердің өзара әсері
Аллельді ген емес ген
Генетикалық ақпараттың берілуінің молекулалық негіздері. ДНК – репликациясы
ДНҚ репарацияның түрлері
Максам Гилберт тізбектеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz