Мемлекеттік сорт сынау және будандарды аудандастыру: тұқым шаруашылығының негіздері


Slide 1

Қазақстан Ғылым және Білім министірлігі

Семей қаласы

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мемлекеттік сорт сынау мен будандарды аудандастыру. Тұқым шаруашылығы

Орындаған: Садуақасова Алтынай

Тексерген: Бағдатова А. Б

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Мемлекеттік сорт сынаудың міндеттері

Сорт туралы ұғым және қойылатын талаптар

Тұқым шаруашылығы

Қорытынды

Slide 3

Мемлекеттік сорт сынаудың міндеті - ауыл шаруашылығындағы дақылдардың барлық сыналатын сорттары мен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу. Сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ - клиамат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды. Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әр түрлі алғы дақылдарының себу мен қоректендіруі, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.

Мемлекттік сорт сынаудың міндеттері

Slide 4 Slide 5

Бір облыстағы (аймақтағы) аудандастырылған сорттардың саны туралы мәселе өте маңызды. Әр жылдары, сондай-ақ әр түрлі облыстардың, аудандар мен шаруашылықтардың ішінде қашанда әркелкі жағдайлар қалыптасады. Сондықтан, бір облыста немесе аймақта биологиялык даму кезеңі әр түрлі, бір-бірін қайткенде де толықтыратын сорттарды (мысалы, ерте пісетіндер мен кеш пісетіндерді, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суару жағдайларында анағұрлым өнімді немесе таза пар мен парсыз алғы дакылдармен бірге және т. б. ) аудандастыру пайдалы ғана емес, қажетті де. Сөйтіп, бір шаруашылықта жаздық бидайдың екі сортын егіп-өсірудің мәні бар (орташа ерте пісетін және орташа кеш пісетін немесе кеш пісетін) .

Сорттар мен будандарды аудандастыру, орналастыру тәсілдері

Slide 6

Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.

Slide 7

Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сорттарына қойылатын жоғары талаптар

1. Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беру.

2. Кеткен шығынды ақтауы керек

3. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болу.

4. Аурулар мен зиянкестерге төзімді болу керек.

5. Механикалық баптауға икемділігі.

6. Өнімнің жоғары сапасы

Slide 8

Тұқым шаруашылығы - ауыл шаруашылық ғылымының және өндірісінің бір саласы. Оның басты міндеті шаруашылықтарды дақылдардың жоғары спалы тұқымдармен қамтамасыз ету .

Slide 9

Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері:

барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету;

жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу;

сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту;

шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану;

сорт алмастыру

сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану;

агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау

Slide 10

Қорытынды

Сорт сынау мен жаңа сорттарды көбейту үшін, шаруашылықта тұрақты жер телімін бөледі, оған өзінің ауыс­палы егісін енгізеді. Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады. Сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша былай бағаланады: өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.


Ұқсас жұмыстар
Орман тұқым ісі: тұқым биологиясы, сапасын бағалау және тұқымдық аудандастыру
Қазақстан Республикасындағы селекциялық жетістіктерді қорғаудың, тұқым шаруашылығының және ветеринариялық бақылаудың құқықтық негіздері
Географиялық аудандастыру әдістері: теориясы, түрлері және қолдану салалары
Қой малын азықтандыру және қой шаруашылығының негіздері
Сынау объектілері, құралдары және нәтижелердің дәлдігі мен ұдайы қайталанушылығын қамтамасыз етудің нормативтік-әдістемелік негіздері
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру тарауын қайталау
Белгілердің тұқым қуалауы: генетика негіздері, тұқым қуалау типтері мен шежірелік әдісі
Генетика негіздері: терминдер, тұқым қуалау заңдары және әдістер
Полиуретан үлгілерін созуға сынау әдістемесі және созылу нәтижелерін талдау
Күнбағыс будандарын өндіру және тұқым сапасын анықтау: сорттар, технология және құжаттандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz