Табиғи - техногендік жүйелер қызметінің геоэкологиялық аспектілері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Факультеті: “География және табиғатты пайдалану”

Кафедрасы: “Метеорология және гидрология”

Тақырыбы: «Экосфераның табиғи факторы. Геоэкологиялық қызмет пен табиғи
ресурстарды пайдалану.

Тексерген: Шайбек А.Д.
Орындағандар: Изатбек Диана, Сұлтан Гүлмира, Диханбай
Нерина,Зайнуддинова Ширина

Алматы 2020 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Табиғи- техногендік жүйелер қызметінің
геоэкологиялық аспектілері
2. Энергетика, ауыл шаруашылық қызметі.
3. Өндірістік кәсіпорындар, транспорт,
урбанизация.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Табиғи- техногендік жүйелер қызметінің геоэкологиялық аспектілері

1 Энергетика

2 Ауыл шаруашылық қызметі

3 Өндірістік кәсіпорындар

4 Пайдалы қазбаларды өңдеу

5 Транспорт

6 Урбанизация
Техногендік жүйелер қызметі

Қазіргі ғылыми-техникалық революция қоғам, өндіріс және табиғат арасындағы
өзара қарым-қатынасты едәуір қиындатады. Әр 15 жыл сайын көлемі екі есе өсіп
отырған өндірістік қызметтің қазіргі масштабы табиғи орта және табиғи ресурстар
сапасының өзгеруіне себепші болып отыр. Өндірістік қызметтің көптеген әсерлері
табиғи ортаға кері әсерін тигізеді: ауа, су бассейндері, топырақтың ластануы, шудың
жоғары деңгейі, иондық сәуле шығару және т.б. Бұл мәселелерді шешу жолы
биосфераның тұрақтылық шегін, табиғи жүйенің тепе-теңдігін анықтау, адамдардың
шаруашылық қызметінің биосферадағы табиғи үдерістерге әсер ететін негізгі
аспектілерін анықтап, олардың теріс әсерінің алдын алу болып табылады.
Ауыл шаруашылық қызметі

Адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде ерекше
нообиогеоценоздар қалыптасады. Оларға өндірістік кәсіпорындар
қызметінің нәтижесінде қалыптасатын — технобиогеоценоздар, ауыл
шаруашылығы қызметінің нәтижесінде қалыптасатын —
агроценоздар, қала, ауыл құрылысы, көлік коммуникациясы
нәтижесінде қалыптасатын — урбабиогеоценоздар жатады.

Ауыл шаруашылыққа байланысты көктем мезгілдерінде өнімдерін
басқа да жәндіктер жеп кетпеу үшін адамдар оларды дәрілейді. Яғни,
түрлі пестицидтерді қолданады. Сонымен қатар суғару кезінде осы
пестицидтер бірге ағып шығып олар өзен, көлдерге құйылады.
Осылайша өзендердің фауна мен флорасына өз әсерлерін қатты
тигізеді.
Өндірістік кәсіпорындар
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі
жүйесіндегі оқшауланған дербес
өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды
тұлға құқығы берілген шаруашылық
жүргізуші субъект өндірістік-
шаруашылық қызметті ұйымдастырудың
негізгі нысаны. Ол әлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру және
пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын
пайдалана отырып, өнім
өндіреді, жұмыстарды
орындайды, қызметтер көрсетеді
және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа
да мүлікке меншік нысандарына
қарамастан заңды тұлға ретінде
және шаруашылық есеп принципіне
сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын
заңнамада тыйым салынбаған және
кәсіпорынның жарғысында көзделген
мақсаттарға сай келетін кез келген
шаруашылық қызметпен айналыса
алады.
Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар
қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп
тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология
жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның
қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ
тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан
өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады.
Қалдықсыз технологияларды құрудағы негізгі қағидалар да
шикізатты кешенді пайдалану түбегейлі және жұмыс жасап тұрған
технологияларды жаңарту, тұйықталған су және газ айналым
циклондарын құру, кәсіпорындарды кооперациялау және аумақтық
өнірісті құру жатады.
Шикізатты кешенді пайдалану. Өндіріс қалдықтарына белгілі бір
себептерге байланысты қолданбаған немесе қолданып бітпеген
шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді
пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да
маңызды мәселе болып табылады. Табиғи ресурстарды кешенді
пайдалану қажеттілігі, біріншіден, қоршаған ортаны ластап жатқан
өндірістік кәсіпорындардың көлемінің өсуіне, екіншіден,оны тиімді
жұмсауына тығыз байланысты болады. Өйткені минералды
шикізаттар қоры шектелген. Қазіргі кезде шикізаттар бағасы
тоқтаусыз өсуде. өз кезегінде бағалардың өсуі қалдықсыз
технологияның тез дамуына әкеледі.
Транспорт
Автокөліктердің пайдаланған газдары атмосфераның төменгі
қабатына түсіп, адамның тыныс жолдарына әсер етеді. Мысалы,
қалада 500мыңға жуық автокөлік бар. Оның әрқайсысы 1кг бензин
жағу үшін 200л оттегін қолданады. Бұл дегеніміз– адамның бір
тәулікте жұтатын оттегінің көлемінен де жоғары. Орта есепке
шаққанда автокөлік жылына 15мың шақырым жүргенде 1,5-2т жанар–
жағармай және 20-30т оттегін жағады. Автокөліктердің шығарымды
газдары 200заттық тектердің қоспасы. Шығарымдылардың құрамына
азот, оттегі, диоксид көміртегі және судан басқа оксид көміртегі,
көмірсутегі, азотпен күкірт диоксидтерінің зиянды қосындылары,
сонымен қатар бетінде тұйықты көмірсутектер адсорбцияланатын
қатты бөлшектер, ал олардың бірқатары канцерогенді қасиеттерге
ие. Автокөліктердің қозғалтқышындағы жанармайдың толық жанып
кетпегендігінен көмірсутегінің бөлшектері шайыр тектес зат тектері
бар күйге айналады. Автокөліктердің пайдаланған газдарында зиянды
заттардың көп болу себебі – автокөліктердің төмен техникалық
дейгейі, ескілігі, қозғалтқыштардағы ақауларды анықтау
құралдарының жоқтығына байланысты. Қоршаған ортада
автокөліктерді пайдаланған газдарының шығарымдыларын реттеу
керек.
Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың
толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана
автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға
ұшып шығады.
Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану
камерасы – бұл улы заттарды синтездеп және оны
атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор.
Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы
азот қышқылына айналып шығады.ж
Шыққан газ автомобильдің механикалық бөліктерінен
шыққан өнім, ал жол бетін антропогендік түзілістегі
атмосфера шығындыларының жартысы құрайды.
Автомобиль двигателі мен картер шығындылары
көбірек зерттелген. Бұл шығындының құрамына азот,
оттегі, көмірқышқыл газы және судан басқа көміртек
оксиді, көмірсутегі, азот және күкірт қышқылдары,
қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттер кіреді.
Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған
жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс
режиміне, оның техникалық күйіне және т.б
байланысты.
Карбюрательдік двигательден бөлініп шыққан газдың
уытттылығы көміртек оксидімен азот қышқылынан, ал
дизельдік двигательден азот қышқылы мен
қаракүйеден тұратынымен негізделеді.
Зиянды компоненттердің құрамына беттік қабатында
циклдік көмірсутегі адсорбцияланатын (олардың
бірқатары концерогендік қасиетке ие) қорғасын мен
қаракүйеден тұратын қатты шығарындылар жатады.
Қорытынды
XXI ғасырдың басынан бері қарай автомобиль
санының артуына бай- ланысты қоршаған ортаның
ластануы автомобильдің еншісіне 15%, ал ірі
қалаларда одан да көп тиетіні анықталған.
Атмосфера тек козғалтқыштан шыққан газдан ғана
емес, пайдалану материалдарымен де, мысалы: май;
Автомобильден
бітегіштер; сыр;жанып шыққан
еріткіш; газдың
электролит; кұрамындағы
тот басуға
улы
қарсызаттар (көмір т.б.
ерітінділер қышқыл тотығы, азот тотығы,
ластанады.
көмірсутегі т.б.) атмосфераға тарап, адам организмін
уландырып, кей жағдайларда қатерлі ісік ауруларына
шалдықтырады.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету — күрделі жэне каржыны көп талап ететін шара.
Оны аймак, кала немесе автопарк деңгейінде шешу
үшін кешенді экологиялық максатты жоспар
жасалуға тиіс. Ол жоспар автопарктің көздеген
мақсатының орындалуын қамтамасыз етуі кажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.В.Чигаркин “Геоэкология и охрана природы Казахстана”- Алматы “Қазақ
университеті” 2003 жыл; стр 191-194.
2. Қ.Қ.Үсен, Р.А.Мирзадинов, Н.Б.Байшанов “Геоэкология”- Алматы 2012 жыл; 8-
14 бет.
3. Н.И.Короновский, Г.В.Брянцева, Н.А.Ясаманов “ Геоэкология”- Москва
“Академия” 2013г; стр 110-111.
4. Т.А.Базарбаева “Геоэкология” – Алматы “Қазақ университеті” 2017ж; 99-100,
112-114 беттер.
5. В.В.Братков, Н.И.Овдиенко “ Геэкология”- Алматы, 2014г; стр5-14.
6. И.А.Карлович “Геоэкололгия” – Москва, 2005г; стр 268-270.
7. А.В.Чигаркин “Геоэкология Казахстана” – Алматы “Қазақ университеті”,
2006г ; стр 35-41.
8. Интернет жүйесі

Ұқсас жұмыстар
Геоэкологияның негізгі санаттары
Төтенше жағдайдан туындаған шығынды азайтуды ұйымдастыру шаралары
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Қалалық тіршілік ортаның ластануы
Бақылау және қадағалау органдарын басқару қызметтері мен міндеттері
БҮЛІНГЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
ЖОСПАРЫ ЛАНДШАФТТАНУ
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НОРМАЛАРЫ
Ресурстардың жіктелуі туралы
Пәндер