Философияның міндеттері
Презентация қосу
Философияның пәні,
қызметі мен міндеттері
«Философия тамаша дәрі және
надандық пен жаңылыстыруға
қарсы әрекет береді».
Ф. Бэкон
Жоспар :
Дүниетанымныңың формалары
Философияның пәні
Философияның негіздері
Философияның қызметтері
Философияның міндеттері
Дүниені философиялық түсіну
Дүниетаным
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың
немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген
қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың
мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.
Дүниетанымныңың 3 формасы:
Мифология
Діни көз-қарас
Философия
Мифология (грекше мифос, аңыз, шежіре; логос – сөз, ілім) – алғашқы
қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық қоғами сана
формасы.
Әдетте миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
- әлем, жер және адамның пайда болуы;
- табиғи құбылыстарды ұғыну;
- өмірдің, тағдырдың, адам өлімінің себеп-салдары;
- ұждан, парыз, әдеп пен әдет мәселелер”;
Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс, құдіретті күшке сенуге негізделген
дәстүрлі қоғами сана формасы.
Діни көзқарасқа қоршаған ортаны сезімдік, бейне – эмоциялық, тылсымдық формада қабылдау тән.
Діннің қызметтері:
1. біріктіруші (бір идея төңірегінде қоғамды
ынтымақтандыру);
2. мәдени-танымдық (белгілі бір мәдениетке ықпал ету);
3. әдептілік-тәрбиелік (қоғамда адамға деген сүйіспеншілік,
махаббат, кешірірімділік, аадалдық, ізеттілік, төзімділік,
борыштық).
Философия
Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың
ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас
мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы -
нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып
логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия
даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм,
теоцентризм, антропоцентризм.
Философия даму барысында үш кезеңнен өтті:
Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз
сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау
(философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі
Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары
жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық
Еуропа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып
табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу
дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық
мектептерінде қарастырылады).
Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді
елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл
бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек
демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім
ретінде қалыптасты.
Будд Сократ Демокрит Аристотель
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір
дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық
көзқарастары - философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық
ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып,
рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет
ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек
философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).
Философия Φιλοσοφία
"философия" термині ежелгі гректерден шыққан
Сөзбе-сөз аударғанда ол "даналыққа деген махаббат"
дегенді білдіреді
("филео" - сүйемін, "софия" - даналық).
Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше
құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің
өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен
өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам
болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы
таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философияның миф пен діннен айырмашылығы:
- білімге (ғылымға) негізделген (қиялға, сенімге емес);
- рефлексиялық (ойлаудың өзіне-өзі бағытталуы);
-логикалық (бірізділікті, жүйелі);
- нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді).
Философия дегеніміз – табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым
қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның
рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ
ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың
шешу жолдары анықталды.
Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):
1. Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) – болмыс туралы ілім.
2. Гносеология (гр. gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім.
Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.
3. Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.
Философияның пәндері:
1. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы
(математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б.
философиялық мәселелері).
2. Антропология философиясы - адам болмысы.
3. Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі.
4. Тарих философиясы.
5. Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі.
6. Дін философиясы.
Философияның қызметтері:
Дүниетанымдық;
Методологиялық;
Теориялық;
Гносеологиялық;
Сыншылдық,
Аксиологиялық,
Әлеуметтік,
Тәрбиелік-гуманитарлық,
Эвристикалық,
Өзге де көптеген қфзметтер.
Философия екі негізгі қызметтері олар: дүниетанымдық және әдістемелік. Өзінің дүниетанымдық
функциясында философия дүниетанымдық мәселелердің шешімін негіздейтін теория ретінде,
дүниетанымның саналы қалыптасуының негізі ретінде көрінеді. Философияның дүниетанымдық
функциясын жүзеге асыру барысында адамда болмыс, адам, қоғам тұжырымдамасы қалыптасады.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ)
•Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік,
болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.
•1. Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген
көзқарасын қалыптастырады.
•2. Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді..
Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.
•3. Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының,
қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.
•4. Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен
санасының дамуын болжайды.
•5. Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін
қалыптастырады.
•6. Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық
жүйеге келтіреді.
•7. Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік,
эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.
•8. Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді.
Философияның міндеттері :
Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік
пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай?
Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің
мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай
пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам
мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай?
Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік»
сұрақтарға жауап іздеу – философияның міндеті.
Дүниені философиялық түсіну
Дүниені философиялық түсіну: болмыс, материя – алғашқы
категориялық ретінде.
1 Болмыс мәселесі және оның негізгі формалары
2 Материя түсінігі, материя қозғалысы
Болмыс мәселесі және оның негізгі формалары
Философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық
түсіну, ондағы адамның орны мен рөлін пысықтау жатады. Онтология – болмыс
туралы ілім. Болмыс – барлық бар нәрсені белг.фил.категория. Біз заттардың
болмысы туралы, бізді қоршаған ортаны, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз
сүріп отырған қоғамның болмысы, т.б. жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша
айтқанда, болмыс түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше
сөзбен айтқанда, болмыс – дүниеде не бар, соның бәрі – ол материалдық та
құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам санасында болып жататын шығармашылық
та актылар. Болмыстың негізгі түрлері: 1) заттардың болмысы мен табиғаттың
жағдайы; 2) қоғамның болмысы; 3) адамның болмысы; 4) осыларға байланысты
индивидуалды және индивидуалдықтан тыс болып бөлінетін рухани болмыс.
Материя түсінігі, материя қозғалысы
Материя түсінігі философияның ең орнықты түсініктерінің бірі және өз
тарихы бар. Материя категориясы адам санасынан тәуелсіз тұратын
дүниенің шынайы да нақты құбылыстарын сипаттау үшін қызмет етеді.
Материя
категориясы объективтік реалдықты анықтайды.
Материя – табиғи құбылыстар мен процестердің көпқырлығын белг. фил.
абстракция не түсінік.
Материя категориясы диалектикалық материализмде субстанция
деңгейіне дейін көтеріледі.
Мифология
Мифология (грек. мyтһос – аңыз және логос – ілім) – 1) адамдардың
жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; 2)
мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін
дүниетанымныңың формасы:
Діни көз-қарас
Дін — адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-
мәдени сана. Діннің басты мақсаты — адамның рухани жетілуі және
оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz