Эмбриогенез кезеңдері



Эмбриология
«Astana Medical University»
СРС
Факультет: ОМ
Группа: 111
Тексерген: Исаева З. К
Орындаған: Шадманов С. А

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Адам эмбриогенезі
2. Жыныс жасушаларының құрылысы
3. Эмбриогенез кезеңдері
4. Тератогенез фактор
5. Дамудың қатерлі кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Эмбриологияға кіріспе
Эмбриология (embryologia, грек, embryon - ұрық, logos - ілім) - ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы.

Адам эмбриогенезі
Пайда болуынан бастап, өмірінің ақырына дейін әрбір организмде өтетін бірізділі морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің жинағы онтогенез немесе индивидуальді, яғни жеке даму деп аталады.
Дәрігерлік қызметтің негізгі нысаны - адам онтогенезінң қалыпты жағдайы және патологиялық ауытқулары. Жыныс жол арқылы көбейетін организмдерде онтогенездің 2 кезеңін ажыратады: эмбриондық және постэмбриондық.

Жыныс жасушаларының дамуы. Оның екі түрі болады:
Сперматогенез;
1
2
Овогенез;
ПРОГЕНЕЗ:

Аталық жыныс жасушасы сперматозоид
Ұзындығы 70 мкм, пішіні жіп тәрізді жасуша.
Басы мен құйрық бөлімдері ажыратылады.
Бас бөлімінде ядросы мен акросомасы бар.
Құйрық бөлімі төрт бөлікке бөлінеді: байланыстырушы, аралық, негізгі, соңғы.
Қозғалу v=30-50 мкм/с;

Аналық жыныс жасушасы
Овоциттің d-130мкм. Цитоплазмасы мөлдір(жылтыр) және фолликулярлы қабықтармен қоршалған. Ядросында гаплоидты хромосомасы бар, ядрошығы жақсы көрінетін жасуша.
Ерекшелігі-жасуша орталығы болмайды, сары уыз синтезі белсенді, пісіп-жетілу кезеңінде овоциттің цитоплазмасының шетінде кортикальді гранулалары:саны 4000-дай, мөлшері 1мкм пайда болады. Мұндай гранулалардың құрамында гликозамингликандар мен ферменттер болады.

Эмбриогенез кезеңдері:
Адам эмбриогенезі 280 тәулікке созылады.
Оның үш кезеңі бар:
Бастапқы - алғашқы апта;
Ұрықтық - 2-8 апта;
Нәрестелік - 9 аптадан туғанға дейін

Эмбриогенез сатылары:
1. Ұрықтану.
2. Бөлшектену.
3. Гаструляция.
4. Ұрық жапырақшаларының дифференциялануы.
5. Гистогенез, органогенез.

Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы қосылуы нәтижесінде, жаңа организмге дамуға қабілетті диплоидты зигота, яғни бір жасушалы ұрықтың пайда болуы.
Ұрықтану бір мезеттік емес-ол үш кезең бойы өтетін процесс:
1) гаметалардың дистанттық (лат. distantia-алыстан) әрекеттесуі және жақындасуы;
2) Олардың контакттық (лат. contactus-жанасу) әрекеттесуі және овоциттің активтендірілуі (белсенділігінің қоздырылуы) ;
3) Сперматозоидтың аналық жыныс жасушаға енуі және кейін-онымен бірігуі, яғни сингамия.
Ұрықтану

Зигота
Аталық және аналық гаметалардың қосылуы нәтижесінде пайда болған, хромосомдардың диплоидтық жиынтығына ие жасуша; жаңа буынның әзірше бір жасушалы организмі, жаңа организм дамуының бастапқы сатысы. Әрбір гамета хромосомдарының гаплоидты жиынтығының құрамындағы генетикалық материал геном деп аталады.

Эмбриогенез
Эмбриондық даму-зиготаның бірінші бөлінуінен бастап, нәресте дүниеге келуіне дейінгі процестерді қамтитын онтогенездің бастапқы кезеңі. Ананың құрсағында эмбриондық даму орта есеппен 280тәулік өтеді. Акушерлік бөлімде осы мезгілді үш кезеңге бөледі:бастапқы(ұрықтанудан кейінгі бір апта), ұрықтық(2-8 апталар), нәрестелік(9-аптадан бастап, туылғанға дейін) . Өзіндік эмбриондық немесе ерте кездік эмбриогенез деп аталатын алғашқы екі кезеңде, тіндер мен мүшелер құрылысының негізін қалау процестері басым болады.
Өзіндік эмбриогенездің (1-8 апталар) үш негізгі сатыларын ажыратады:бөлшектену, гаструляция, гисто- және органогенез.

Бөлшектену
Көп жасушалы бір қабатты қалыптасуымен аяқталатын, зиготаның және одан пайда болған бластомерлердің, бір ізді митоздық бөлінулер қатары.
Бөлшектену кезінде бластоциста қалыптасады. Бластоциста-ішкі жасушалық масса мен бластоцельден және оларды қоршаған трофобласттан құрылған.
Трофобласт(гр. tropheo-қоректену) -тығыз контакттармен байланысқан ұсақ ақшыл жасушалардан тұратын ұрық кешенінің жамылғысы. Ішкі жасушалық масса-саңылаулы контакттар арқылы байланысқан, ұрық түйіншегі түрде бластоцельге қарай шығып тұратын ірі қоңыр түсті жасушалардың жиынтығы. Болашақта ішкі жасушалық массадан өзіндік эмбрион дамиды. Сондықтан, оны эмбриобласт деп те атайды.

Гаметалардың байланысуы
1-II ооциттің қабығымен байланысқан сперматозоидтар (С3) .

Сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына енуі
2-II ооцитке енген С3 біреуінің ядросы
С3 ядросымен бірге II ооцитке:
3-екі центриоль енеді.
4- ооцит ядросы. Центриольдердің пайда болуына байланысты, бұл ядро мейоздық екінші бөлінуден жылдам өтеді. Нәтижесінде:
а) аналық пронуклеус және
б) хромосомалар жиынтығы осындай тағы бір редукциялық денешік (5) түзіледі.
6-қыртысты түйіршіктер
7-периветилленді кеңістік
2
3
6
7

Зиготаның бөлшектенуге дайындығы
2А-синкарион жақындасқан (бірақ бірікпеген) аналық және аталық пронуклеустары.
3-центриольдер:бұлар да екі еселенеді.
2А

Бірінші митоздық бөлінудің басталу
8 -бірегей аналық жұлдыз:пронуклеустардың қабықшаларының ыдырап, хромосомаларының бірігуінен пайда болады.

Гаструляция
Көп жасушалы организмдердің ұрықтық дамуының ерте кезеңдерінде жасушаларының күрделі орын ауыстыруы-иммиграциясы және т. б. әдістер арқылы өтетін процесс. Нәтижесінде, бір қабатты ұрық-бластула, орталық білік және билатеральді-екі бүйірлі симметрияға иеленген, үш қабатты ұрық-гаструлаға айналады.

Гаструляцияның фазалары
Деламинация.
Алғашқыда біртұтас болған ішкі жасушалық масса немесе эмбриобласт екі қабатқа-эпибласт және гипобластқа ажырайды. Бұл құбылысты деламинация деп атайды.
Иммиграция.
Дамудың 9-шы тәулігінде басталып, әсіресе, 3-аптасында ұрықтық дискіде белсенді өтеді. Олардың ең маңызды нәтижесі-біріншілік жолақ, үш ұрықтық жапырақшалар, хорда және нерв түтікшесі қалыптасуы.

Имплантацияның басталуы. Имплантация-жатырдың кілегейлі қабығына-эндометрийге ұрықтың енуі. Ол екі сатылы процесс:
1) адгезия-жатырдың ішкі бетіне ұрықтың көбінесе эмбриобласт орналасқан полюсінің трофобласттарымен жабысуы, бекітілуі;
2) инвазия-ұрықтың жатыр қабырғасының тіндеріне, әдетте, денесінің болашақ дорсальді бетімен енуі;
Имплантацияның жалғасуы. Дамудың 2-ші аптасы бойы имплантация процесі жалғасып, аяқталады; трофобласт екі қабатқа ажырайды; гаструляция процесі басталып, ішкі жасушалық масса екі қабатқа-эпибласт және гипобластқа бөлінеді. Сонымен бірге, ұрықтан тыс құрылымдар-амнион қуысы, сары уыз қапшасы, хорион және дәнекертінді аяқша қалыптасады.

Гаструляцияның бірінші фазасы
1-гипобласт
2-амниондық эктодерма
2А-ұрықтан тыс эктодерма
3-ұрықтық эпибласт
4-трофобласт
5-эндометрий жасушалары

Гаструляцияның екінші фазасы
I-ҰРЫҚТЫҚ ЭПИБЛАСТ
1-біріншілік жолақ
2-біріншілік жүлге
3-біріншілік төмпешік
4-біріншілік ойық
5-хорда алды пластинка
II-ГИПОБЛАСТ
III-АМНИОНДЫҚ ЭКТОДЕРМА

Эмбриогенезде ұрық денесінен тысқары қалыптасып, оның өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек қана пренатальді кезеңінде болатын құрылымдарды атайды. Провизорлық мүшелерге амнион, сары уыз қабы, аллантоис, хорион, плацента жатады
Ұрықтан тыс мүшелер

Дамудың 4 аптасындағы ұрық
ҰРЫҚТАН ТЫС АҒЗАЛАР
1-амнион қабырғасы
2-сарыуыз қапшығы
3-аллантоис
ҰРЫҚ АҒЗАЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
4-хорда
5-жүрек
6-нерв түтігі
7А-7В-ішек
8-қалқанша безінің бастамасы
9-тыныс алу жүйесінің бастамасы
10-бауыр бастамасы
11-терілік эктодерма

Дамудың 5 аптасындағы ұрық
НЕРВ ЖҮЙЕСІ
Нерв түтігінің бастық бөлігінде қуысты бес ми көпіршігіне бөлетін-1А-1Д иірімдер түзіледі.
2-жұлын
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ
3-жүрек
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
Алдыңғы ішек:
4А-жұтқыншақ
4Б-өңеш
4В-асқазан
4Г-ортаңғы ішек
Артқы ішек:
4Д-тік ішек пен несеп-жыныс қойнауы
5-бауыр
6-ұйқы безі
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
7-кеңірдек
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЫНЫС ЖҮЙЕЛЕРІ
8-мезонефрос
БАСҚА ДА ҚҰРЫЛЫМДАР
9-қалқанша безі
10-көк бауыр
11-түзіліп жатқан омыртқалары бар хорда
12-аллантоис

Дамудың 7-8 апталарындағы ұрық
ІШКІ АҒЗАЛАР
1-бас миы
2-жұлын
3-жүрек
4А-жұтқыншақ
4Б-өңеш
4В-асқазан
4Г-ортаңғы ішек
5-бауыр
4Б

Тератогенез факторлары
Жасушалардың пролиферациясы және дифференциациясы кезінде ұрық зиянды әсерлерге өте сезімтал болады. Ұрықтың дамуына зиянды әсер ететін факторлар тератогендік факторлар деп аталады. Оларға:
Рентген сәулесі
Алкоголь
Никотин
Дәрі-дәрмектер
Вирустар, бактериялар және қарапайымдылар жатады.

Тератогендік факторлардың салдарынан туа біткен ақаулары пайда болады. Туа біткен даму ақауларын зерттейтін ғылым - тератология деп аталады.
Тератология туа біткен ақауларының себебін, патогенезін және сыртқы белгілерін зерттейді. Дамудың туа біткен ақаулықтарына мынандай өзгерістерді жатқызамыз:
Ангенезия - мүшенің дамымауы
Аплазия- мүшенің нашар дамуы
сурет

Тератогендік фактор

Тератогендік факторлардың әсер ету уақытына қарай ақауларды:
Гаметопатия - гаметалардың зақымдануы. Бұл кездері кіріккен егіздер, циклопия т. б. ақаулар пайда болады.
Эмбриопатия - ұрықтың 16 күнінен- 8 апта аралығында зақымдануы.
Фетопатия - ұрықтың 9 аптасынан нәресте дүниеге келгенге дейінгі аралықта зақымдалуы.

Дамудың қатерлі кезеңдері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz