Қазақ киносы


Slide 1

Қазақстан мәдениеті

Slide 2

Мазмұны:

1 Кіріспе

2 Кеңес кезеңіндегі Қазақстан мәде­ни­етінің дамуы

2. 1 Қазақ халқының музыкалық мәдениеті

3 Қазақ кеңестік өнерінің дамуы

3. 1 Қазақ киносы

3. 2 Қазақ әдебиеті

Slide 3

20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, З. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.

Slide 4

Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Қазақ көркемсурет өнерінің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан көркемсурет мектебінің өзіндік даму жолы оның есімімен байланысты. Оның шығармашылығы 20-жылдардың соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Суретші туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең үңілуге, тарихқа, халықтың салт-дәстүріне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. Оларда сомдалатын бейне шынайылығы суретші шығармашылығының езіндік ерекшелігі

Slide 5

Кеңес кезеңіндегі Қазақстан мәде­ни­етінің дамуы

XIX ғ. 60-жыл­да­ры Қазақстан­да бас­та­уыш мек­тептердің ашы­луы Ы. Ал­тынса­риннің есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. 1867-1868 жыл­дардағы ре­фор­ма­лар­дан кейін мұндай мек­тептер Қазақ өлкесінің көпте­ген ай­мақта­рын­да жұмыс істей бас­та­ды. 1868-1869 жыл­дарды Орал об­лы­сын­да 24 орыс-қазақ мек­тебі, 2 екі сы­нып­тық, 6 се­лолық 1 сы­нып­тық, 14 жоғары сы­нып­тық мек­теп және 2 же­кеше учи­лище бол­ды.

Slide 6

Қазақ халқының музыкалық мәдениеті

Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазакстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды.

Slide 7

1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты. Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, К. Қармысов, X. Бекеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т. б. актерлік өнер жолын бастады

Slide 8

Қазақ кеңестік өнерінің дамуы

XIX ғасыр Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ағар­ту­шылық ғасыр деп ата­лады. Білім мен мәде­ни­еттің да­му­ына ал­дыңғы қатар­лы орыс зи­ялы­лары үлкен ықпал жа­сады. 1847-1857 жыл­дарда ук­ра­ин ақыны Т. Г. Шев­ченко Қазақстан­да ай­да­уда бол­ды. Қазақстан Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы бөлімше­лерінің зерт­теу обьектісіне ай­нал­ды, мұнда мәде­ни-ағар­ту ме­кеме­лері мен ста­тис­ти­калық ко­митет­тер жұмыс істеді; өлке­тану мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ер­те­дегі ес­керткіштер, ха­лықтың ауыз­ша шығар­ма­шылығы және құқықтық заңдар, со­ның ішінде қазақтар­дың дағды­лы құқығы зер­де­ленді; орыс-қазақ мек­тептері мен кітап­ха­налар ашыл­ды. Қазақтар өз ба­лала­рына білім бе­руге ұмты­лыс жа­сап, ба­лала­рын ка­дет кор­пуста­ры бар Ом­бы мен Орын­борға жібе­ру үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты.

Slide 9

Қазақ киносы


Ұқсас жұмыстар
Музыка мәдениеті
Театр сахнасы
Сүйікті әншісі
Қазақ әдебиетіне үлес қосушылар
Қазақ театры
Қазақ өнерінің дамуы
Қазақ музыка мәдениеті
ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы
Қазақстан кинематографы - Қазақстанның кино өнері мен кино индустриясы
Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz