Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы




Презентация қосу
Астана Медицина Университеті

Қазақстандағы парламентаризмнің
дамуы

МАМАНДЫҒЫ: ЖАЛПЫ
МЕДИЦИНА
КУРС: І
ТОБЫ: 111

.

.
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Ә) Конституцияның қабылдануы
Б) Қазақстан Республикасының Парламенті
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның
ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және
халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз
мемлекет ретінде мойындалды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Президентінің бірінші тікелей бүкіл халықтық сайлауы
болды, онда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
сайланды. Сайлауда ол сайлаушылардың 98,7 %
дауысын алып, сенімді жеңіске жетті.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол
қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және
республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне
айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да
мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және
сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды.
Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен
ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі
жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы
Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен
Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау
жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Қазақстан Республикасының
Конституциясы —Қазақстан
Республикасының Ата Заңы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы —Қазақстан
Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30
тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды
және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98
баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін
қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік
тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі
боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың
конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың
негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған
екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28
қаңтарда қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасының Парламенті
құрылымы тұрақты негiзде жұмыс
iстейтiн екi палатадан тұрады

Сенат – Қазақстан Республикасының қос палатадан құралған
Парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады. Сенат 47
депутаттан құралады. Сенат депутаттары тиісті облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының
барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр
облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екi адамнан сайланатын депутаттардан
құралады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде
жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Сайланған Сенат
депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланады.
Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң
бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес
депутатын Республика Президентi тағайындайды.
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжiлiсі
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан
Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі
палатасы.Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын
жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі
Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік
мерзімі — бес жыл .Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға
бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы
жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы
ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы
Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі
аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі .Парламент немесе Парламент
Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент
немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған
күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі .Қазақстан Республикасының
азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты
тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады.
Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан
жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр
алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс
iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-
бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке
жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы
мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер
бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi.
«Парламентаризм - егемендіктің және
Тәуелсіз Қазақстанның қарышты
дамуының кепілі»
Парламент және парламентаризм екі түрлі ұғым. Бірі ең үлкен заң
шығарушы және сайланбалы саяси институт болатын болса, Парламентаризм
одан да ауқымы кең ұғым. Бұл тек парламент институтының мағынасын ашып
қоймай, парламенттің басқа билік тармақтарымен байланысын анықтайтын
және оның басқа билік тармақтарынан басымдығын білдіретін ұғым болып
саналады. Парламентаризм тек Парламенттік Республикаға ғана тән деген пікір
жоқ. Ол президенттік, тіпті монархиялық басқару жүйесінде де өзінің
функцияларын тиімді атқарған болса болды. Ол қандай функциялар дейтін
болсақ, Парламентаризмге тән ең маңызды 4 функция бар. Олар заң шығарушы,
өкілеттілік, бақылау және есептік функциялары. Қазақстанның
саясаттанушыларының көбі осыған қатысты ұстанымы бір. Қазақстанда
«парламентаризм» болды. Бірақ ол тек Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан
кейінгі Жоғарғы Кеңес өмір сүрген сындарлы жылдарда ғана. Одан кейінгі
Парламент саяси ғылымдағы дәстүрлі парламентаризм түсінігіне сай қызмет
ете алмады.
Қорытынды:
Тәуелсіздікке жаңа ғана қолы жеткен мемлекеттің
жеткен жетістігінің бірі парламентаризмді құруда
болды. Бүгінгі күні парламентаризмнің жүйесінің жасап
жатырған жұмысы нәтижелі болуда. Еліміз дамушы
елдер арасында үлкен жетістіктерге жетіп, әлем
елдерімен терезесі теңдей болды.
Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы
да өз қолымызда.

Ұқсас жұмыстар
МӘЖІЛІСТІҢ ҚҰҚЫҚ
Демократиялық мемлекет
Конституциялық құқық негіздері
ҚР-ның Парламенті
Қазақстан Республикасының құрылымы
Сенат басшылары
Сайлау алдындағы үгіт
Сот билігінің органдары
Қазақстан Республикасының Парламенті қандай орган
Сайлау жүйелері және сайлау
Пәндер