Денесінің сыртқы бөлшектенуі




Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Молекулалық биология , гистология ,цитология жіне генетика кафедрасы

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Арахноэнтомологияның өзекті мәселелері

Орындаған: Бакиржан М.А
Тексерген:Абдрахманова Б.М
Арахноэнтомология
Медициналық арахноэнтомология – буынаяқтылар типіөкілдерінің
қоздырғыштарды тасымалдаушыларын зерттейтін ілім.
Медициналық паразитологияның негізгі мақсаты – паразиттер қоздыратын
ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.
Буынаяқтылар типі (Arthropoda). Буынаяқтылар — омыртқасыз жануарлардың жоғарғы
типі. Оның құрамына 650 000-ға жуық түр енеді, олардың негізгі бөлігін насекомдар құрайды.
Түр саны бойынша ол жануарлар элеміндегі ең гүлденуші тип болып табылады

Жалпы Құрылысы:
• Денесінің сыртқы бөлшектенуі: Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім
құрайды – бас, көкірек және құрсақ, бірақ денесінің жіктелуі түрліше болуы мүмкін:
• Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа
қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып бекиді.
• Сезім органдары — иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен
көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады.
• Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі көп камералы
• Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік
ететіндерде), өкпе мен кеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады.
• Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы,
ортаңғы және артқы (без қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді)
ішектері болады.
• Зәр шығару жүйесі суда тіршілік ететіндерінде көкірек аяқтарының түп жағында, ал
құрлықтағыларында мальпиги түтігінде
Буынаяқтылардың классификациясы өте күрделі, өйткені олардың арасында көптеген
филогенетикалық бағыттар бар. Деседе, қолданылып жүрген бір классификация шегінде
оларды үш типтармағына: Желбезектыныстылар (Branchiata) Шаянтәрізділер класымен
(Crustacea), Хелицералылар (Chelicerata) Меристомалар және Өрмекшітәрізділер
кластарымен (Arachnoidea) және Кеңірдектыныстылар (Tracheata) Көпаяқтылар (Myriapoda)
және Насекомдар (Insecta) кластарымен, жіктейді.

Буынаяктылар

Өрмекшітәріздест
Шаянтәріздестілер Бунақденелілер
ілер
Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың — бактериялар,
спирохеттер, вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда
болады.
Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар
(протозооноздар), гельминттер (гельминтоздар), насекомдар
әсерінен пайда болады.
Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік
аурулар деп атайды.Оларға инфекциялық және инвазиялық
аурулар жатады.
Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай
төмендегідей трансмиссивтік ауруларды ажыратады:
зооноздар — тек қана жануарларға тән аурулар (құстар безгегі);
антропоноздар — тек қана адамдарға тән аурулар (трихомонадоз,
амебиаз),
антропозооноздар — адамдарда да, жануарларда да кездесетін
аурулар (тайга энцефалиті, лейшманиоз, оба т.б.).
Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық,
эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық
аурулар деген ұғымды қалыптастырды.
Табиғи ошақтық аурулардың бірнеше ерекше белгілері болады:
1. олардың паразиттері адамның катынасынсыз табиғатта өз
бетінше ұзақ уақыт айналып жүреді;
2. олардың таратушылары болып жабайы жануарлар саналады;
3. олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде —
Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған
қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3
жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар.
Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген
ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы
т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер).
Кенелер сонымен қатар дәнді дақылдармен өнімдерінің зиянкестері. Адам үшін
қышыма кене — өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден
аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады.
Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген
кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Қышыма кене мал
денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-
кетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып,
арып-талып, әлсірейді.
Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе-тауыққа) ауруын
туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар
түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды, Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай,
ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып
емдеуге болады. «Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян
келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы
аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың
ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—
42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының
бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы —
жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас
кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде
«қансигек» ауруына жиі ұшырайды.
Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан
мидың қабынуыауру асқынғанда адам есінен айрылып, сандырақтайды, галлюцинация
пайда болып, денесі тартылып, жиі-жиі ұстама болады. Энцефалиттің түріне қарай науқас
адам жазылып кетеді немесе ұзақ жылдар бойы қол-аяғы әлсіз болып, жүріс-тұрысы
бұзылады, әр түрлі икемсіз қимыл қозғалыстар пайда болып, денесінде салдану, тырысып
қалу байқалады. Энцефалитпен ауырып жазылған адамдар тез шаршағыш келеді, басының
жиі ауырып, дұрыс ұйықтамауы, еске сақтау қабілетінің нашарлауы бірнеше жылға
созылады. Аурудың диагнозы вирусол., бактериол. және серол. зерттеулердің
қорытындысымен қойылады. Кейде электрфиз., рентгенол. және радиоизотоптық әдістер –
ЭЭГ, вентрикулография, реоэнцефалография, гамма-томография, т.б. қолданылады.
Бүргелер (лат. Aphaniptera) — жылықандылардың — құстар мен
сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ паразит
насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі
екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—
12, дернәсіл түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220
күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың,
адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық.
Оба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи
ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-
бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs,
бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру;
адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады,
сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады
карантиндік инфекцияға жатады.
Тері бубондық оба
Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың
жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан
басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады.
Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей,
ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон
обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей
қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға
айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол.
және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы
үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және
дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға
обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.
Шыбын, қысқамұрттылар (Brachycera) – қосқанаттылардың бір отряд тармағы.
Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері
жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған
піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып
немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа
шығады. Негізгі тұқымдастары:
Шыбын — көптеген жұқпалы ауруларды — дизентерия, асқазан сүзегін,
полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай-ақ
олар ішек-қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады.
Безгек
Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды
қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан
безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар
арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек
инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.
ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) – ауру
қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал
фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында,
қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық
шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып,
тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне
жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық
, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде
ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары
тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану
арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану
кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан
тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою
үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин,
анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті
қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық,
микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы
мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай
жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен
қатар орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы
мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша
анықталады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Өт қапшығы мен өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы
Аналық жыныс жасушалары
Жыныс жүйесі. Эмбриональдық даму кезеңдері
Гангрена(грек.gangraina – желінген язва,өрт )
Төменгі жақ - бассүйек сүйектерінің ішіндегі жалғыз қозғалмалы, жұпсыз сүйек
Кеуде торының пішінін анықтау
Метапәннің негізгі тапсырмалары
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы
Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
Қазақ хандығының құрылуымен нығаюы
Пәндер