Сиыр цепенінің өмірлік циклі




Презентация қосу
Астана Медицина
Университеті” КеАҚ
Медициналық биология,цитология,гистология және генетика кафедрасы

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЦЕСТОДАЛАР

Орындаған: Ходарова Динара
Тобы: 111ОМ
Текскерген:Абдрахманова Б.M

Нұр-сұлтан 2019
ЖОСПАР:

I Кіріспе:
Гелминтология ұғымы .
II Негізгі бөлім
Гельминттер және медициналық гельминтология туралы түсініктер
Гельминттердің биологиялық классификациясы
Цестодалар Құрылысы мен физиологиясы
Цестода түрлері (цепендер және лента тәрізділер )
Таспа құрттардың жалпы сипаттамасы (өмірлік циклі , құрылымы , көбеюі )
Сиыр цепенінің өмірлік циклі
Шошқа цепенінің өмірлік циклі
Кішкентай цепен
Эхинакокктың өмірлік циклі
III Қорытынды
IV пайдаланылған әдебиеттер
ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯ

Паразиттік құрттардың әлемін және
олардан туындайтын адамдардың,
жануарлардың және өсімдіктердің
ауруларын зерттейді. Гельминтология
бір жағынан зоологияның бір бөлігі
болса, ал екінші жағынан құртты
инвазиялардың әсерінен иесінің
ағзасында жүретін аурудың
үрдістерін зерттейді. Гельминтология
медицина, ветеринария, агрономия,
салыстырмалы паьтология сияқты
пәндердің бөлімдері болып табылады.
• Гельминттер-паразиттік құрттардың бірнеше
әртүрлі түрлері.
• Медициналық гельминтология-адамның
гельминттерін (паразиттік құрттар) және олар
тудырған ауруларды (адам гельминтоздарын)
зерттейтін медициналық паразитологияның бөлімі.
Цестодалар-олар жалпақ жіпше пішіндес болады.
Ұзындығы мен мүшелерінің айырмашылығы бір-бірінен
өте көп. Оларда асқорыту жүйесі, демалу жүйесі жоқ.
Олардың көбі биогельменттерге жатады. Адамның
ағзасын бірнеше ондаған цестод түрі мекендеп
зақымдайды.Цестодадан пайда болатын ауру-цестодоз
деп аталады
Цестодалар (лента тәрізділер)
Ересек таспа құрттардың құрылысы мен физиологиясы.
Денесі ұзынынан созылған таспа тәрізді және көптеген буындарға немесе
проглоттидаларға бөлінген. Алдыңғы бөлімінде кішкене басы немесе
сколексі,
онан кейін бунақталмаған мойыны мен проглоттидалары болады.
Басында сорғыштар немесе ілмешектер типтес бекіну мүшелері
орналасқан.
Сорғыштар тұрақты түрде, ал ілмешектері кейбір түрлерінде ғана
кездеседі.
Басында төрт сорғыштары, кейбіреулерінде сорғыштың орнына ұзынынан
созылып жатқан саңылау тәрізді екі тері қатпарлары немесе ботриялары
бар.
Ілмешектері бірден баста не болмаса бастағы ерекше тұмсықта бір немесе
бірнеше шашақ жасап орналасады. Тұмсығы ішке тартыла алады. .
Мойыны – жас проглоттидалар жасайтын орын, көлденең бөліну арқылы
жаңа
проглоттидалар шығып отырады. Осындай көлденең бүршіктену процесін
стробилалану деп атайды (сцифоидты медузаның сцифистомасының
Стробилалануы сияқты).
Проглоттидалар төрт бұрышты және саны 3-тен бірнеше мыңға дейін
болады. Алдыңғы буындары кішкентай, және артқа қарай мөлшері үлкейе
береді.
Сонымен таспа құрттардың денесін тізбек немесе стробила деп атайды.
Ересек таспа құрттардың мөлшері 1 мм-ден 10 метрге дейін. Түсі немесе
реңі бірыңғай ақ немесе сарғыш, ол ішкі паразиттерге тән қасиет.
Цестодтарда нағыз тері-бұлшықет қапшығы болады. Жабыны трематодтар
мен
моногенеяларға ұқсас және турбелляриялардың ішке қарай батқан эпителиі
типтес құрылған. Тегумент ядросыз цитоплазмалық қабаттан құралады да,
жіңішке жіпшелер арқылы ядросы бар терең жатқан цитоплазмамен
байланысады.
Цестодтардың жабынының айырмашылық ерекшеліктері – сыртқы цитоплазмалық
қабатының үстінде өте көп қыл тәрізді өсінділері (микротрихиялар)
орналасқан, олар қоректену кезінде қолданылады.
Базаль жарғағының астында сыртқы сақиналы және ішкі ұзын салалы
бұлшықет талшықтарының қабаты орналасқан.

Олардың шығу тегі мен қызметі толық анықталмаған, дегенмен олар
таспа құрттарды, яғни дернәсілдерін иесінің қарынынан өте берген кезде
қышқыл ортаның әсерінен буфер ретінде сақтап қалады.
Таспа құрттар паренхимасында жиналған бірталай гликогеннің анаэробты
ыдырауының нәтижесінде тіршілікке қажетті энергия алынады.
Тacпa құрттарға тән белгі – ас қорыту жүйесінің мүлде болмауы. Басқа
жануарлардың ішегінде тіршілік ететін цестодтарға өз бетінше жеке қорек
ұстап, қорытудың қажеттігі жоқ, өйткені иесінің ішегіндегі тамақ еріген
және сіңіруге дайын. Сондықтан паразиттер қорытылған дайын асты бүкіл
денесімен қабылдап алады, оған тегументтің микротрихиялары да көмектесетін
болу керек. Иесінің диетасы, әсіресе көмірсудың мөлшері таспа құрттардың
жағдайына, өсу және даму шапшаңдығына әсер етеді.
ЦЕСТОДА ТҮРЛЕРІ
ЦЕПЕНДЕР

Шошқа цепені
Taenia solium Эхинакок
Сиыр цепені
Кішкентай цепен Echinococcus granulosus
Taeniarhynchus saginatus Hynmenolepis nana

Лента тәрізділер

Енді тапспа құрты
• Таспа құрттар класының өкілі-Сиыр цепені –Tacmarhynchus
saginatus.
• Сиыр цепені ақ түсті болады. Ол өте зор ұзындығы 10-12метрге жетеді. Басының н/е сколекстің жалпақтығы 2мм-ге
жетеді де, бұлшықеттері бартөрт күшті сорғышпен, қаурланған. Скоестің артында бірнеше буындар тіркесіп,
созылып жатады, олардың саны 2000-ға жетеді. Буындардың пішіні бастап қашықтаған сайын өзгере береді.
Сколекстің жақын буындарықысқа келеді. Бастан қашық арт жағындағы буындары ұзынырақ, жалпақтығы 4-8мм
ұзындығы 12-20 мм-ге жетеді. Ороталық нерв системасы. Екі бүйірлік нерв саласынан түзілген.Сезім органдары
жетілмеген.Ас қорыту сис
• Ас қорыту системасы: Болмайды. Денесінің сырты арқылы қоректенеді.
• Қан айналу ж/е тыныс алу системасы:Болмайды.
• Зәр шығару системасы:Көптеген кірпікше жалынды клеткалар нәзік түтіктерден түзілген. Бұлар бүйірлік ұзына
бойы созылған зәр шығару каналдарына құйады. Бұл каналдар әрбір буында артқы көлденең каналымен қосылған.
Зәр шығару тесігі артқы буында, оның бос шетінің орталығында орналасқан. Бұл буыны бөлінген кезде зәр
шығаратын түтік өзінің тесігімен сыртқа қарай ашылады да, жаңадан жалпы тесік құрылмайды. Бұл
айтылғандардан солитердің зәр шығару системасы протонефридий сипаты екені көрініп тұр.
• Жыныс системасы: Сиыр цепенінің жыныс системасы өте күшті дамыған.
• Аталық жыныс органдары: Тұқым бездері көпіршік пішінді болады. Буынның ішіндегіпарензималардың арасында
бытырап жатады. Олардың саны орасан көп, тіпті мыңнан да асып кетеді.
• Аналық жыныс органдары: Сиыр цепенінің жұмыртқа безі оң ж/е сол жақ бөлімнен түзілген. Қосарлы болып
келеді. Бұл екі бөлшектің арасы белдікпен байланысты, одан жұмыртқа жолының түтігі басталады.
• Дамуы: Сиыр цепеннің дамуы басқа түрге айналу ж/е иесін ауыстыру жолдарымен жүреді. Жұмыртқа сыртқа
бөлініп шығу мерзімге дейін алты ілмешікті ұрыққа н/е онкосфераға айналады. Онкосфераның сыртында
радиальды бағытта созылған қоршау қабығы болады. Оның сыртында тағыда жұмыртқа қабығыменқоршалған
бастама күйдегі эмбриональқабығы болады. Жұмыртқа қабығының үстіндегі ерекше жіп тәрізді филаменттер деп
аталатын өсінділер болады. Паразиттер үшін қолайлы жағдайда, мысаплыф адам өзінің экскременттерін ірі
қарамал қорасының ішіне шашқан кезде, ішінде онкосферабар жұмыртқа цепенінің ішек қарнына оңай түседі.
• Сиыр цепенінің өсуі:Ішекке қадалғанфинканың алғашқыда қармақсыз басы мен мойны ғана болады. Одан сиыр
цепені мейлінше өзгеше өседі, жаңа буындар пайда болады. Буындар әрқашанда бастан өседі. Ол буыннан өспейді.
Сондықтан да стробильдің ең жас буындары басқа жақын болып, нағыз кәрісі дененің арт жақ шетінде болатыны
табиғы нәрсе.Демек бастан бүршіктене бөлінген әрбір буын артқа қарай ығыса береді. Себебі бастантағыда жаңа
буындар бөлініп шығады. Бірте бірте артқа қарай ығысқан буын пісіп жетіледі де буын гермофродитке айналады.
Ақырында пісіп жетіледі, яғни жұмыртқа қабының ішінде отырған онкосфераға толған жатын пайда болады. Пісіп
жетілген буын үзіліп бөлінеді. Оның орнына келесі соған тете буындар жетіледі. Олай болса сторобила дегеніміз –
өзгермейтін тұрақты мүше емес, ол үнемі жаңадан құрылып тұрады. Бұл бірте бірте артқа қарай ығыса беретін ,
бастан қашықтаған сайын үлкендігі де, пішіні де , буындардың ішкі құрылысы да өзгере беретін мүше , өзгеруі
конвейр системасы тәрізді.
Таспа құрттар класының өкілі-
Шошқа цепені
• Шошқа немесе қаруланған цепень (лат. Taenia solium)-
тениоз ауруын қоздырушы паразит. Оның ересек
формасы аш ішекте, ал финналары негізінен,
бұлшықеттерде кездеседі. Сол сияқты, ол көзде, мида
да кездеседі.
• Морфофизиологиялық ерекшелік2-3мм. Басы (сколекс)
өте кішкентай (2-3мм), онда көптеген қармақшалар
және 4 сорғыштары орналасқан. Жатыр буылтықтың
ортасына орналасып 2 үлкен және бір кішкентай
бөлімдерге бөлінген.
Тіршілік циклы
• Түпкілікті қожайыны адам, ал аралық қожайындары
адам және шошқа. Ауру адам фекалиясымен бірге
жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа
шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол
шошқа ішегіне өтуі керек. Әдетте, шошқалар лас,
қоқыс, жерлерде жайылып фекалиялармен бірге
паразит жұмыртқаларын жа жұтады. Қарында олардан
6 қармақшалы онкосфера түзіледі. Онкосфера
қармақшалары арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп қан
тамырларға енеді де, қанмен бүкіл денеге таралады,
Шошқа цепенінің
құрылысы
а)қармалауыш
б)сорғыштары
в)мойны

6- сурет
Таспа құрттар класының өкілі-
Кішкентай цепен Hynmenolepis nana
• Ергежейлі цепень (лат. hymenolepis nana)- гименолепидоз ауруын қоздырушы
паразит. Ол адамдардың аш ішегінде кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері
• Ергежейлі цепеньнің ұзындығы 1-5 см, стробиласында 200-ге жуық буылтықтар
болады. Алмұрт пішінді сколексінде 4 сорғышы және қармақшалары болады.
Тіршілік циклы
• Ергежейлі цепеннің түпкілікті және аралық қожайыны болып адамдар саналады.
Адам ішегінен жетілген жұмыртқалар сыртқа шығарылады. Егер оны жұтатын
болсақ, асқорыту сөлінің әсерімен одан онкосфера шығып ішек бүрлеріне
бекітіледі. Бұл жерде одан цистицеркоид типтес финналар жамиды. Бірнеше
күннен кейін зақымдалған ішек бүрлері жойылып цистицеркоидтар ішек қуысына
өтеді. Ішекте асқорыту сөлінің әсерінен цепеннің басы кері қайырылып ішек
қабырғасына бекінеді, 14-15 күннен кейін олар көбейе бастайды.
Патогендік әсері
• Ергежейі цепень негізінен дас бөбектерде жиі кездеседі, 7-14 жастағы балалар
сиректеу ауырады, ал ересек адамдарда мүлдем кездеспейді. Патогендік әсері
ішектің бүрлі қабығын зақымдау және улы өнімдері арқылы ағзаны улау болып
табылады. Гименолепидозда бас ауруы, асқазан ауруы, ішек, нерв қызметтерінің
бұзылуы байқалады, балалар тез шаршайды, жалпы әлсіздік байқалады. Балалар
мазасызданып бейжай болады.
Алдын алу шаралары
• Жеке гигиена нормаларын қатал сақтау, балаларды жеке тазалықты сақтауға
машықтыру, санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу, бала бақшаларда тазалық
сақтау, ойыншықтарды стерилдеу т.с.с. Бұл паразит тек лас қол арқылы жұғады.
• . Таспа құрттың жұмыртқалары – сопақша, сарғыш – сары түсті, қақпақшасы бар. Бір
енді таспа құрт тәулігіне бірнеше миллион жұмыртқа шығарады. Адамның, иттердің,
мысықтардың және басқа хайуандардың (ақырғы иелері) ішінде паразиттік тіршілік
ететін енді таспа құртының жетілмеген жұмыртқалары нәжіспен қоршаған ортаға
шығады. Зақымданған адамның нәжісінің бір бөлшегінде 2 миллионнан артық
жетілмеген жұмыртқалар болады. Әрі қарай дамуы шаян-циклоптар (аралық ие) және
балықтар (қосымша ие) бар тұщы сулы су қоймаларына өтеді. Суда жұмыртқада
кірпікшелрі бар личинкалар (корацидийлер) шығады, оларды ескекаяқты шаян-
циклоптар жұтады. Шаян организмінде корацидийлер кірпікшелерін жоғалтады, ішек
қабырғасынан өтіп шаянның денесіне енеді, онда 2-3 жүмадан кейін ұзындығы 0,5-0,7 мм
личинкаларға – ересек процеркондтарға айналады. Шаян – циклоптарды қосымша ие
рөлін атқаратын тұщы сулы жыртқыш балықтар (алабұға, шортан, көксерке, лақа және
т.б.) жұтады. Балықтың ішегінде шаяндардан құтылған процеркондтар әртүрлі
ағзалардың тіндеріне (бұлшық ет, бауыржәне т.б.) өтеді, онда енді таспа құрт дамуының
үшінші личинкалық сатысы болатын плероцеркондтарға айналады. Олар ұзындығы 1-25
мм құрт шабақтарға ұқсайды, денесі сегменттелмеген, ақ түсті. Басында ботриялары бар.
Плероцеркоидтармен залалданған кішкентай балықтарды ірі жыртқыш балықтар жегенде,
плероцеркоидтарды жаңа иенің бұлшықеттеріне енеді. Балық денесінде екі жарым үш
айдан кейін плероцеркоидтар ақырғы иеге инвазиялық әсер ету дәрежесіне жетеді.
Тамаққа шала пісірілген балықты, аз тұздалған уылдырықты, тоңастқан балық
бөлшектерін пайдаланғанда адамға жұғады. Енді таспа құрттың личинкалары адамның
ішегінде екі ай ішінде ересек паразитке айналады. Адам денесінде енді таспа құрт
тіршілігінің ұзақтығы 10-25 жылға дейін, итте 1,5-2 жылға дейін, мысықта 3-4 жұмаға
созылады.
Таралуы.Дифиллоботриоз - кең тараған инвазия және ертеден белгілі. 1883 жылы М. Браун балықты
тамаққа пайдаланғанда адамға жұғатынын дәлелдеді. Аса пәрменді және тұрақты ошақтар Балтық
жағалауында, Корелияда, әсіресе Фин шығанағында, Сібірде, Қиыр Шығыста, Еділ алқабында кездеседі.
Қазақстанда бұл инвазия жыртқыш балықтары бар тұщы сулы суқоймалары бар өңірлерде кездеседі.
Инвазия қоздырғышының көзі ретінде басты рөлді енді таспа құртпен залалданған адам атқарады.
Залалданған соң оның жұқтырушылық қабілеті 1,5-2 айдан кейін басталады және организмде орын
алғанкезеңіннің барлық мерзімінде (10-20жыл) сақталады. Науқастың басқа адамдарға тікелей қауіптілігі
жоқ, ол сыртқы органы жетілмеген, адамдарда инвазиялаушы бола алмайтын, жұмыртқалармен ластау
көзі болып табылады . Шағалалар, аюлар және басқа балық қоректі тағы хайуандар мен құстар енді таспа
құртпен, мысалы, D. strictum-мен залалданса, олар табиғи ортадағы резервуарларға айналады. Бұл
тұрғыдан дифиллоботриозды табиғи – ошақтық ауруларға жатқызуға болады.

Жұғу жолдары.Дифиллоботриоздың берілу механизмі – ауыз-нәжістік, берілу жолы- алиментарлық,
залалдану факторы – инвазияланған, тазаланбаған балықтар ( шортан, лақа, таутан, алабұға, және басқа
жыртқыш балықтар). Клиникалықбелгілері:айқын емес науқастардаанемияға байланысты тез
шаршаушылық, лоқсу, бас айналу байқалады. Ауру ұзаққа созылса, кейбір адамдарда аш ішектегі
гельминттердің тым көбейіп кетуіне байланысты, ішектің бітеліп қалуы және сол себепті іш ауруы,кебуі
және басқа симптомдар болуы мүмкін.

Диагноз қою эпидемиологиялық анемнезге (эпидемиялық аймақта болуы, шикі балықты, аз тұздалған
уылдырықты пайдалану) негізделген. Көбінесе аурулар нәжіспен гельминт мүшелрінің шығатынын
байқайды. Като мен калантарян әдістерімен нәжісте жұмыртқалар және D.latum бөлшектерін табу
диагноз қоюдың сенімді дәлелі бола алады. Като әдісі бойынша өңделген, ылғал целофанмен
жабылғанәйнекке резеңке тығынменбекітілген нәжістің “қалың ” жағындысын микроскоппен
тексереді.Екі әдісте де зерттеу материалын шоғырландырудың керегі жоқ, себебі гельминт күн сайын
Таспа құрттар класының өкілі-
Эхинакок- Echinococcus granulosus

Эхинококк (Echіnococcus granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 –
4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген
Эхинококк – іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі
сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде
дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі
– қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны,
тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек,
талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит
организміне түскеннен кейін 45 – 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке
бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады
да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың
ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік
қабілетін жоймайды. Аралық иесі организмінде жұмыртқадан онкосфера
(кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді,
алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан
не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына
дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп
атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі,
түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын
қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен
эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды,
өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда
әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң
жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі,
түкірігінде қан пайда болады. Ауруды ауруханада емдейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Паразитарлық және трансмиссивтік аурулардың биологиялық негіздері
(Э.П.Мироедова, Б.С.мамбетпаева)
2.Медициналық биология (П. Қазымбет, Л.Аманжолова,Қ.Нұртаева)
3.Интернет желісі:Wikipedia

Ұқсас жұмыстар
Жоба түсінігі мен өмірлік циклі
Жыныстық циклдің өтуіне экологиялық және климттық жағдайдың, азықтандырудың, күтіп- бағудың, аталық малдың тигізетін әсері
Технологиялық кезең
Жылқы нутталиозы
Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі
Инновациялық жобаның өмірлік циклы
Сорғыштар - адам паразиттері
жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ БАЛАМАЛЫ (АЛЬТЕРНАТИВТІ) ТЕОРИЯЛАРЫ
Субстанциялардың өндірісін сипаттау технологиялары
Пәндер