Қазақтың ағартушылық философиясы
Презентация қосу
Қазақтың
ағартушылық
философиясы
Дайындаған:
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫР
АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ОЙЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНЫҢ ІРГЕТАСЫН
ҚАЛАҒАН ТҰЛҒАЛАР
Абай Шәкәрім Шоқан
Құнанбаев Құдайбердіұ Уәлиханов
лы
Ыбырай
Алтынсарин
• Қазақ Ағартушылығы –
ағартушылықтың тарихи
дамуы барысында
туындаған ұлттық
сипатқа ие тың құбылыс.
Ресей мен Батыс Еуропа
тарихындағы
ағартушылық
қозғалыстармен тұспатұс
келген Қазақстандағы
ағартушылық кезеңі
қазақ халқының тарихи
және ұлттық дамуына,
рухани мәдениетінің
қайта түлеуіне ықпал етті
• Қазақстандағы
ағартушылықтың
ерекшелігі Қазақстанның
Ресейге қосылуына
байланысты туындаған
ұлттық мәселелердің
ушығуына байланысты
болды. Осы кезеңдегі
әлеуметтік-саяси
құрылымды буржуазиялық
жаңғыртуға деген
қажеттілік жалпы
ағартушылыққа тән
құбылыс еді. Қазақ
ағартушылары еуропалық,
әсіресе, орыс өркениетінің
қазақы ортаға енуінің
негізін қалады, ал олардың
сауатсыздықпен,
әділетсіздікпен күресуі
жаңа сипат алды
бірі – қазақ
ойшылдарының
көзқарасындағы
әлеуметтік бағыттың,
сонымен қатар, адами
экзистенция мәселесі мен
адам болмысының өмірлік
маңызды негізіне деген
рухани ізденістің басым
болуы. Қазақ
ойшылдарының
шығармашылығы
астарында халықтың көзін
ашып сауатсыздықты
жою, ағартушылыққа
қарай бет бұру идеясы
жатыр. Қазақ
ағартушылары әлемнің
бірегей бейнесін ашып
көрсетуге тырысты. Олар
адам рухани
• Қазақтың ағартушылық
философиясы жалпы
ұлттық құндылықтар
мен адамгершілік
жауапкершілік туралы
терең ойларға толы.
Қазақ ағартушылары
үшін руханият түсінігі –
болмыстың терең мәні,
адам бойындағы
шынайы адамгершілікті
анықтау, адамның өмір
сүруінің мақсатын
пайымдау
• Қазақтың ағартушылық ойларының ырғағы
халықтың өмір бастауы, халық тағдыры және
олардың жалпыадамзат құндылықтары мен
даму үдерісіне қосылуы сияқты негізгі
мәселемен анықталады. Қазақ ағартушылары
ғұмыр бойы бар күш-жігерін сарып етіп, ақыл-
ой мұратының жеңісі мен гуманизмнің алға
шығуы үшін күресті. Қазақ ағартушыларының
шығармашылық мұрасында гуманистік
тұжырымдамалар, адам болмысының мәні мен
адамның толыққанды өмір сүру құқығын
бекітуге қатысты берілген рационалистік
бағалаулар кездеседі
әлеуметтік және рухани үдерістермен байланысты,
сонымен қатар мұнда дәуірдің терең идеялық тамыры
мен бастауы жатыр. Адамның жаңару жолындағы
ізденісі, ізгілік бастаулары, адами кемелденуі, оның
жасампаздық мүмкіндігі мен күші ағартушылық
дәуірдегі қазақ философиясының гуманистік ұраны
мен жоғары құндылығына айналды. Қазақ
ағартушыларының адамгершілік даму жолындағы
талаптары әр адамға бағытталған және әлі күнге дейін
өзектілігін сақтап қалды. Қазақ ағартушыларының
шығармашылық мұрасын талдау нәтижесі
көрсеткендей, ойшылдардың көтерген мәселесі терең,
ал айтылған ойлары бүгінгі күні де жоғары бағаланып
отыр. Олардың көп жылдар бұрын күрескен мәселесі
өз уақыттарынан озып, қазіргі таңда да шешілу
жолында. Қазақ ағартушылығының өкілдері өздерінің
үшін білім – белгілі бір
материялдық жетістікке қол
жеткізетін құрал ғана емес, ол
адамның рухани дамуының түпкі
мақсаты және негізгі іргетасы.
Қазақ ойшылдарының ойынша,
білім адамның жанын
нұрландырып, рухани мәдениетін
көтереді. «Білім – күш», «Білім –
билік», мұндағы билік сөзінің
астарында адамның адамгершілік
жолымен өзін өзгертіп, өзін-өзі
билеуі жатыр, қазақ ағартушылық
философиясының өкілдері міне
осыған талпынған болатын. Қазақ
ағартушыларының түсінігінше,
адамгершілік, білім, таза еңбек
қашанда байлық пен биліктен
жоғары тұрады, билік пен
байлықтың ауқымы тар, уақытша,
еңбек, махаббат, қайырымдылық
• Қазақтың ағартушылық философиясы – бұл этикалық
философия, ал Абайдың «Адам бол!»
тұжырымдамасын антропологиялық үндеу емес,
адамгершілік мәнімізді қалыптастырудағы әрекет
етуші қағида ретінде қарастыруымыз қажет . Абай да,
Шәкәрім де әр адамның бойындағы тұлғалық рухани
бастауын қалыптастыру үшін білім қажет екендігін
алға тартады. Тек осылайша ғана рухани кемелдену
мәселесін шешуге болады. Аталғандардың бәріне
қазақ халқының рухани-этикалық бастауынсыз,
дәстүрінсіз қол жеткізе алмаймыз. Бүгінгі таңда
қазақстандық философия – феномен, оны мәдени
философиялық дәстүрдегі қатаң логикалық-
рационалистік конструктіде қабылдау қиын, оны
шығыстық дәстүрдегі көркем бейнелі философиялық
тілді қалыптастырған ұлттық ой толғаудан тыс түсіну
• Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30
жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан
және Орталық Азия тарихы мен мәдениеті
саласында еңбектер қалдырған көрнекті ғалым,
ағартушы, мәдениеттанушы. Ш. Уәлиханов арнайы
философиялық мәселелер жөнінде еңбектер
жазбағанмен, оның шығармалары философиялық
ойлар мен тұжырымдарға толы. Ол «Қазақтардағы
шамандықтың іздері», «Сахарадағы мұсылмандық
жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде
философияның басты мәселелеріне қатысты
пікірлер айтады. Ең алдымен оның табиғат пен
адамның үйлесімді өзара қатынаста
болатындығына шек келтірмейтіндігін айту керек.
Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін
түсіндіргенде «сыртқы дүние – күн, ай, жұлдыздар
және жер – алғашқы құдірет болып табылады»
деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу
тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да
еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын
құптайтындығы, себепсіз құбылыс
болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады.
Шоқан Уәлиханов
Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында
қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдарының
себебін халықтың күн көрісі малға байланысты
екендігімен түсіндіреді.
• Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің
маңыздысы ретінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-
қатынасы аталады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды
екенін сонау ХІХ ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен.
«Қазақтардағы шамандықтың іздері» деген еңбегінде
табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға
толы ғажайып таңданудың пәні болды деп көрсетеді.
Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның
табиғатқа қатынасын танып білу қажеттілігін
шамандықтан туды деп тұжырымдайды. Бұдан Ш.
Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі
орнына, өлім мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі
көрініп тұр. Шамандықтың шығуының бір себебі табиғатқа
құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе адам, адамның
терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп
көрсетеді. Адамның ішкі рухани дүниесі, оның қоршаған
дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе есебінде
қаралды
• Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар
және Бұхара молдаларының таратып жүрген діни
қағидаларының халыққа тигізетін зиянды жағын
баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың
айтып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің дамуын
тежейтін өлі схоластикадан басқа ештеңе
әкелмейді» деп көрсетеді. Кейбір ислам дінін
жақтаушылардың Мұхаммед ілімін тазартуға
болмайды деген пікіріне ол қарсы шығып, онда
ешқандай реформа болуы мүмкін емес дегенді
бекерге шығарады
• Шоқанның прогрессивті дамуды халықтың материалдық тұрмыс
жағдайының жақсаруымен тікелей байланыстыруы қоғамды
философиялық тұрғыдан дұрыс түсінудің бірден-бір белгісі
деуімізге болады. Ерекше назар аударарлық мәселе – Шоқанның
демократиялық көзқарастары. Мысалы, «Сот реформасы
жөніндегі жазбалар» атты еңбегінде патша үкіметі тағайындаған
соттан қазақ даласында әзірше табиғи түрде сұрыпталатын
билер соты артық деген қорытындыға келді. Себебі би болу үшін
ол адам әділдігімен, шешендігімен көзге түсуі керек. Егер би әділ
болмаса оған ешкім билік айтқызуға келмей қояды, ал патша
үкіметі сайлаған сот билігі сот міндетін атқарғанмен, оның іс-
әрекетін немкеттілік пен мансапқорлық жайлап, әділетсіз,
парақор болатынын дәлелдейді. Қоғам дұрыс даму үшін,
алдымен оған қажет нәрселер – өзіндік даму, өзін-өзі қорғау,
өзінөзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы өзгерістер енгізіліп
және сақталып қалу үшін реформалар халықтың материалдық
мұқтаждығына сәйкес және ұлттық сипатына бейім болуы да
керек деген пікір айтады. Уәлихановтың ойынша, дерексіз
теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған
реформалар күшпен енгізілсе халыққа орасан зиянын тигізеді
• Ыбырай Алтынсарин (1841–1889 жж.) қазақ
қоғамының құрылымында да, әлеуметтік-
экономикалық өмірінде де аса бір күрделі тарихи
кезеңінде дүниеге келді. Бұл қазақтардың Кіші
және Орта жүздерінің Ресейге қосылуы аяқталып,
олардың Патша Империясының отарына айналған
тұсы еді. Ұлы жүз әлі Қоқан хандығының қол
астында болатын. Әлеуметтік өмірге алғаш
араласа бастаған күнінен бастап Ыбырай қоғамдық
маңызы зор көптеген мәселелерде өзінің айқын
және дұрыс позицияда болғанын көрсетті. 1860–
1862 жылдардағы хаттарында ол қазақ халқының
ұлттық ерекшелігі мен мәдениетке талпынуы
туралы былай деп жазады: «Қазақ халқы
қарапайым, қулықсұмдықсыз халық, бірақ біз сол
қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық
табамыз». Қазақ халқының ұлттық өзгешелігі мен
прогреске ұмтылушылығын бұлайша дұрыс байқап
білу – біз үшін ағартушының бастапқы жылдарда-
ақ аталған мәселелер жайында озық көзқараста
болғанын тануға көмектессе, оның өзі үшін
ағартушылық істі әр кезде де зор сеніммен Ыбырай Алтынсари
жүргізуіне жағдай жасап рухтандырып отырды.
Оның бұл майданда кейін зор жетістіктерге
жетуінің де бір себебі халқы жөнінде осындай
озық көзқараста болуымен байланысты еді
• Ыбырай өзінің бүкіл өмірі мен күш-жігерін халық
игілігі жолындағы күреске арнап, қайткен күнде де
қоғамдық өмір үшін «пайдалы білім болуын» арман
етті. Сондықтан да ол өзі көрген, кейбір істерінің
терістігіне көзі жеткен Ұлы Дала өміріндегі
әділетсіздіктерге қай жерде де батыл араласып,
көпшілік бұқараның мүддесін сақтап қалуға бар
мүмкіншілігін пайдаланып отырды. Әрине,
әділетсіздік пен теңсіздік үстемдік етіп тұрған дәуірде
Ыбырайдың демократиялық бағыттағы көптеген
әрекеттері мен ұсыныстары сәтсіздікпен аяқталды,
көздегенмақсатына жете алмады. Барлық мәселе
оларды Ыбырайдың сол дәуірде көтере, қоғамдық
өмірдің күн тәртібіне қоя білуінде еді. Бұл, сөз жоқ,
Ыбырайдың қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарының
анық сипатын, дүниетанымының тереңдігін танытады
• Жалпы дүниетанушылық көзқарастары жағынан алып
қарайтын болсақ, Ыбырай қоғамдық прогресті қолдап,
қазақ қоғамының келешегін дұрыс тани білді,
қоғамдық өмірдің талаптілегін, мұқтаждығын дұрыс
түсіне білді. Ол «қазақтарға – осы дарынды, ақыл иесі
мол халыққа – кешікпей тұрып рухани және қоғамдық
даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру – қалай
дегенмен аса қажет болып отыр» – деп жазды өз
жазбаларында. Оның қазақ халқының қоғамдық
дамуға қабілеттілігі туралы да лайықты қорытынды
жасай алуы ұлттық ерекшелігімізді терең тани білуінің
нәтижесі. Ыбырайдың хаттарымен, мақалаларымен,
көркем шығармаларымен тұтас танысқанда, оның сол
тұстағы қазақ қоғамының экономикалық және рухани
мәселелеріне байланысты көптеген жағдайларды
дұрыс танып түсіне білгеніне көз жеткіземіз
• Абай қоғам қайғы мен азаптан көз ашпаса да,
дәстүрлі қазақ қоғамының ішінде түсінбеушіліктер
мен алауыздықтар орын алса да ағартушылық
жұмыс қоғамның рухани әлемін жетілдіріп,
кемелдене түсетініне сенім артты. Қазақ халқы мен
оның бай рухани және мәдени мұрасы – жаңа
адамзат қауымдастығы мен оның гуманистік
құндылықтары мен мұраттарының
жасампаздығының бастауы. Адамды
рухтандыратын және даналыққа толы Абайдың
«Қара сөздерінің» көкейкестілігі мынада:
• - ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының өмірін объективті
түрде көрсете білуінде;
• - қазақ халқы өмірінің энциклопедиясын жасауында;
• - қысымға ұшыраған әлсіздердің мүдделері үшін
күресінде;
• - кемеңгер ақынның Ұлы Дала кеңістігіндегі
гуманизм мұраты мен ағартушылықты дәріптеуінде;
• - өз заманындағы негізгі мәселелерді ашып көрсете Абай Құнанбаев
білуінде жатыр. Бұл мемлекеттік басқару мен оның
орнығуы, ағарту мен білім, дін мен өскелең
ұрпақтың тәрбиесі төңірегіндегі мәселелер.
Абай бойынша ғылым мен
таным мақсаты
Ақиқатты
тану
Пайдалы
мен Адамды
зиянды адам ету
ажырату
Шаманы Әділетті
білу тану
• Абай «онтологиялық жоба» жайлы ойлап, әлеуметтік
дағдарысқа тап болған қазақ қоғамындағы күрделі әрі
қарама-қайшы жағдайды ой елегінен өткізді. Ол бұрынғы
әлеуметтік онтологияны қабылдай алмады, себебі дәстүрлі
қазақ қоғамы болмысының негіздері әлсіреп, бұрынғы
бағытта дамуының келешегі жоқ еді. Бірақ қоғам да,
Абайдың өзі сияқты берік тіректі, тұрақты болмыс
негіздерін қажет етті. Осы жол барысындағы ізденіс Абай
үшін қиынға соқты, оның жаны мінсіздікті қалап, терең
ойға батты, дегенмен бар күш-жігерін адамның жоғары
рухани деңгейге көтеріліп, бақытқа қол жеткізетін мұратты
бекітуге бағытталды. Данышпанның пікірінше, дәл
осындай негіз абсолютті бастау болып табылады, ал
адамның өміріндегі ең басты және жалғыз тірек ол – Құдай.
Ол өзінің алтыншы Қара сөзінде адамның өміріндегі ең
бастысы рухани қасиеттер екендігін, кеудедегі жаны мен
жылы жүрек адамды алға жетелейтінін, сол кезде ғана
оның еңбегінің мәні болатындығын айтады
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz