Ақыл-ой тәрбиесі: міндеттері, құралдары және негізгі ойлау түрлері


Slide 1

Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

Slide 2

Жоспар:

Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

1

2

3

5

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары

Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу

Slide 3

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз-оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын іс-қызметі.

Slide 4

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".

Slide 5

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері

зиялылық біліктерді қалыптастыру;

негізгі ойлау операцияларын меңгерту;

ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;

дүниетанымды қалыптастыру;

Slide 6

Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным - бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Slide 7

Ақыл-ой тәрбиесінің түрлері

Диалектикалық

Логикалық

Абстрактілік

Категориялық

Теориялық

Индуктивтік

Дедуктивтік

Алгоритмдік

Техникалық

Өнімдік және Репродуктивтік

Жүйелілік

Slide 8

Диалектикалық ойлау-құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.

Slide 9

Логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.

Slide 10

Абстрактілі ойлау

Адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, астрактілі ұғым қалыптастыруға көмектесу.

Slide 11

Категориялық ойлау

Айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Slide 12

Теориялық ойлау

Білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Slide 13

Индуктивтік ойлау

Ойдың жекеден-жалпыға, фактілерден қорытындыға қарай қозғалысы.

Дедуктивтік ойлау

Ойдың жалпыдан-жекеге, қорытындыдан фактіге қарай қозғалысы.

Slide 14

Алгоритмдік ойлау

Нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Slide 15

Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.

Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.

Синтез - заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.

Slide 16

Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

Slide 17

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ақыл-ой тәрбиесі: ойлау түрлері мен негізгі ойлау операцияларын дамыту
Ақыл-ой кемістігі: бұзылыстардың сипаттамасы және арнайы түзету-оқыту әдістемелері
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: пәні, мақсаты, міндеттері және мазмұны
Танымдық психикалық үрдістердің бұзылыстары: психопатиялық типтер, қабылдау бұзылыстары және ақыл-ой кемістігі
Әл-Фараби философиясы: еңбектері, философияны меңгеру шарттары және ақыл-ой ілімі
Ақыл-ойы кем балалардың танымдық сфералары: қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау және сөйлеу ерекшеліктері
Критикалық ойлау: түрлері, формалары және ойлау операциялары
Сыни ойлау: түрлері, формалары және ойлау операциялары
Ерекше оқу қажеттілігі бар балалардың дамуы: ақыл-ой кемістігінің клиникалық ерекшеліктері, себептері және жіктелуі
Тәрбиенің түрлері, әдістері және құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz