Рекреациялық туризм


Slide 1

Орындағандар: Бименді Асау

Сайлау Өркен

Slide 2

Рекреациялық туризм

Рекреациялық туризм - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәулектік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени -көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.

Slide 3

Рекреациялық туризмнің бөліну түрлері:

Ұзақтығы бойынша:

Типіне сәйкес:

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Туристік-емдік

Танымдық-туристік

Slide 4

Рекреациялық ресурстар:

Рекреациялық туризмнің типтеріне сәйкес, рекреациялық ресурсатрға тоқталып өтетін болсақ:

Slide 5

Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу.

Мысал ретінде, «Изумрудный» шипажайын алып қарасақ,

Таулы Үлбі табиғат мүйісінде орналасқан Изумурдный кешені шынымын де ғажайып демалыс орыны. Бұл орын ең алдымен өзінің сауықтыру, емдеу тәсілдерімен елге танымал. Атап айтсақ:-Толыққанды денсаулыққа пайдалы тамақтандыру

-Парафино-озокеритотерапия

-Су процедуралары

-Фито және аромотерапия

-Массаж жасаудың әр түрі Фитнес-кешендер

Slide 6

Әлемдегі ең атақты жәрмеңкелер:

Стамбұлдағы Grand Bazaar - әлемдегі ең ірі жәрмеңке орталығы болып табылады. Ол 20 гектар аумаққа таралған, онда сауда 65 көшеде шамамен 4000 дүкенде өтеді. Күн сайын базарға (жәрмеңкеге) жарты миллионға жуық сатып алушылар және жай ғана қызығушылар келеді. Базарда ондаған мейрамханалар, банктер, сауда автоматтары, шай үйлері, тағамдар, пошта бөлімшесі және полиция бөлімшесі бар

Slide 7

Нижегородская ярмарка

Нижний Новгород жәрмеңкесі заманауи көрме кешені және Нижний Новгородтың танымал брендтерінің бірі болып табылады.

Нижний Новгород жәрмеңкесі бүкіл Волга облысының танымал сауда-мәдени орталығы болып табылады. Бұл Ресейлік саудагерлер мен қолөнершілердің дамуына, сондай-ақ қалада қызмет көрсету секторының пайда болуына - қонақ үйлер желісіне, мейрамханалар мен моншалардың пайда болып дамуына септігін тигізді.

Slide 8

Іскерлік туризм

Slide 9

Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ «iскерлiк туризм» түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл - шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру, яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу; ал үшiншi бiреулер - «iскерлiк туризм» деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.

Slide 10

Busines Travel (Iскерлiк туризм) - тiптi халықаралық өлшеммен қарағанда жаңа түсiнiк. Iскерлiк туризмнiң ең қанат жайып дамуы өткен ғасырдың 80 жылдарынан басталды. Iскерлiк қатынастардың жылдам қарқынмен өсуi бiрнеше себептерге байланысты. Олар iскерлiк, ғылыми, мәдени аусымдар интенсификациясымен байланысты әлемдiк экономиканың өзектiленуi, орта класс үлесiнiң көбеюi есебiнен, халықтың әлеуметтiк құрамының өзгеруi. Батыста iскерлiк сапарларды ұйымдастыру мәдениетi 10 жылдық бойында қалыптасты. Осы уақыт iшiнде iскерлiк туризм сферасында әлемде ассоциациялар пайда болып, қалыптаса бастады.

Slide 11

Iскерлiк туризм, кездесу индустриясы (Meeting Industry) - ұқсас түсiнiктер. Негiзiнен ол ағылшын тiлiнде MICE аббревиатурасынан құрылған. Бұл сөздер iскерлiк туризм индустриясында кең қолданысқа ие. Өкiнiшке орай, бiзде әлi iскерлiк туризм нарығында қалыптасатын маманданған тұлғалар, негiзгi ұйымдар туралы ұсыныстар мен түсiнiктер шатасқан, олардың мақсаттары, функциялары, өкiлеттiлiктерi шектелмеген, анық жiктелуi жоқ. Әлi күнге дейiн қабылданған стандарттар мен халықаралық тәжiрибе көзiмен аталмыш саланың негiзгi параметрлерiн сипаттайтын анық, түсiнiктi тiркелген сөздiк жоқ.

M - meeting- кездесулер

I - incentives- интенсивтi iс-шаралар

C - conventions- конференциялар

E - exhibitions- көрмелер

Slide 12

Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өсіп келеді.

Көптеген ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi.

Slide 13

2013 және 2016 жылдардағы сапар мақсаттары бойынша қызмет көрсетілген келушілер құрылымы

2016 жылы ҚР-ға келген шетелдік резиденттердің үлес салмағы.

Қазақстандықтар туристік, бизнес және өзге де сапарларды қоса алғанда, халықаралық сапарларға 1, 6 млрд. АҚШ долл. жұмсайды, дәл осы құжат бойынша резидент еместерге 1, 5 млрд. АҚШ долларына қызмет көрсетілген.

Slide 14

Зерттеу әлемнiң 200 қаласында жүргiзiлген. Қымбаттылығы үш күндiк бизнес-класс мейрамханада тамақтану және бiр орынды бизнес-класс қонақ үйiнде орналасу құны қосындысымен анықталды. Мұнда әлемдегi ең қымбат қалалардың жиырмасы келтiрiлген, және бiз көрiп отырғандай тiзiмде - қалалар әлемнiң әр бұрышынан алынған. Бiрақ көшбасшы Үштiкке Еуропа қалалары, соның қатарына - Мәскеуде кiредi. Ең арзан қалалар тiзiм бойынша Йоханнесбург, Аделаида және Окланд болып келедi.

Қала атауы

Құны, АҚШ доллар

Лондон

Женева

Мәскеу


Ұқсас жұмыстар
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮРІ
Туристік - өлкетану жұмысы мақсатында аймақты рекреациялық бағалау
Қазақстанның туризм географиясы
АЛАКӨЛ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЗОНАСЫН ЖАҒДАЙЫ
Туризмнің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Қызылорда облысының тарихи қалалары
Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі даму жағдайы
Туризм индустриясы
Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы басқару психологиясы
Батыс Қазақстан туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz