Жүгіру және жүру




Презентация қосу
Жүгіру
және жүру
• Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс
жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен),
кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық
Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер
бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің
заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында
жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге
тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен
стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта
кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды.
• Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз
әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже
бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми
жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші
болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100
метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік
қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен
қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов,
Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі
табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней
Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды; қ. Жеңіл атлетика.
• Жүгіру түрлері.
• Қарапайым Аяқтың ұшымен Тізені көтеріп Аяқты
артқа жүгіру жүгіру жүгіру көтеріп жүгіру
• Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке
бөлінеді.
• Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі
қашықтық жатады.
• Орташа қашықтыққа - 800,1000, 1500,2000, 3000 м жүгіру және
3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады.
• Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м
марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала
жарысы)жатады.
100 метрге жүгіру
100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады:
1. Төменгі сөреде тұру.
2. Төменгі сөреден шығу.
3. Ара қашықтық бойы жүгіру.
4. Мәреден өту.
• «Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру.
• «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу.
• «Жүгір» деген бұйрықта аяқ -қолды тез-
тез
қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-
жиі
басып, қарқын алғанша жүгіріп,
қалғанын
барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре
сызығын
Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері
• Қысқа қашықтықтарды тек өз жолымен жүгіру
керек;
• Басқа жүгірушінің жолына өтіп кетуге
болмайды;
• Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды;
• Қатарласа жүгіріп келе жатқан
сыныптастарымен әңгімелесуге, оларға тым
жақындауға болмайды.
Шеңбер бойымен жүрудің түрлері:
— Аяқтың ұшымен жүру;
— Өкшемен жүру;
— Аяқтың сыртқы жағымен жүру;
— Аяқтың ішкі жағымен жүру;
— Сәл отырып жүру;
— Отырып жүру ;
— Жай жүру жүру;
— Екі-екіден жүру;
— Артпен жүру;
— Оң жақ жанмен жүру;
— Сол жақ жанмен жүру;
— Құмырсқа ізімен жүру;
— Аю ізімен жүру;
— Түлкі ізімен жүру;
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Жүріспен орындалатын жаттығулар
Дене шынықтыру
Допты ұстап жүру
Кедергілермен жүгіру
Төменгі сөреден жүгіру техникасы
ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАР
АТУ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Жеңіл атлетика жаттығулары
Жеңіл атлетика түрлерінің жіктелуі
Лақтыру техникасы
Пәндер