Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар




Презентация қосу
Оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың
негізгі түрі-сабақ
• Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының негізгі түрі – сабақ саналады деп
жалпы орта білім беретін мектептердің ережесінде айтылған. Бұл көрсеткіш
толығымен мектептегі дене тәрбиесі жұмысын қарастырады. Дене
шынықтыру сабағына мектептің барлық оқушылары міндетті түрде
қатысуы қажет. Сабақ, сабақ кестесі бойынша белгілі бір сыныпта тұрақты
уақытта өткізіледі. Бұл сабақты ұтымды ұйымдастыруға ықпалын тигізеді.
Мұнда тек оқушылардың дене даярлығын ескеру қажет.
Дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ үлкен залда, алаңда, дәлізде
өтеді. Ал бұл өз кезегінде дене шынықтыру сабағының
ұйымдастырылуының негізін құрайды. Сабақта оқушылар арнаулы
спорт киімдерін киеді және басқа температурадағы кеңістікте болады..
• Сабақ кезінде оқушылар тұрақты бір орында емес, жаттығу
жұмыстарына байланысты орындарын ауыстырып отырады және
бір - бірімен жан - жақты қарым - қатынасқа түседі. Сонымен қатар
мұғалімнің басшылығымен сабақ түрленіп өткізіліп отырылуы
қажет. Сабақ барысындағы үйрету процесінде барлық оқушылар
қимыл дағдыларын орындай білу шеберліктерін, білімнің белгілі бір
көлемін меңгереді, дененің сапалық қасиеттеріне ие болады.
Сабақтың ерекшелігі оқушылар ағзасының үнемі қимыл –
қозғалыста болуында. Басқа сабақтарға қарағанда бұл сабақта әр
оқушыларға көңіл бөлу талап етіледі. Осы ерекшеліктер мұғалімге
зор жауапкершілік жүктейді.
Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар:
а) белгілі міндеттің болуы, сабақ мақсатының орындалу барысында барлық
оқушының қамтылуы;
ә) сабақтың әдістемелік талапқа сай құрылуы;
б) өткен сабақты қайталай отырып жаңа сабақты толық қамту және келесі
сабақтың мазмұны мен мақсатынан хабардар болуы;
в) өтілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жынысына, дене
дамуы мен даярлығына сай келуі;
г) сабақтың оқушыны қызықтыратындай және белсенділігін арттыратындай
болуы;
д) дененің жан – жақты дамуына, денсаулықты жақсартуға және жұлынның
(арқанның) дұрыс қалыптасуына арналған жаттығулар мен ойындардың болуы;
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқада сабақтармен ыңғайласып,
тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.
• Дене шынықтыру сабағында орындалатын жаттығулардың маңызы
зор. Олар күнделікті өмірде және тұрмыста қолданылады.
Мектептің мақсаты оқушылардың дене шынықтыру сабағында
алған білім, іскерліктерін күнделікті өмірде, оқуда, еңбекте,
демалыста тиімді пайдалануын көздейді. Осының бәрін оқушы ең
алдымен дене тәрбиесі сабағында үйренеді.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші карады. Олардың істейтін
жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:
1. Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету,
оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай
туғызып, қамқорлық жасау.
2. Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын
санитарлық-гагиеналық талаптарды орындау жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
3. Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтыш әрекетке үйрету және
қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді
өткізуді қажет етеді.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындары спорттық
базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды міндеттерді еске алған
жөн:
1. Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік саналарын тәрбиелеу.
2. Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
3. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығун және
қабілетін дамыту.
4. Негізгі қозғалтқыш саналарын дамыту.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттерібойынша топтастыру
Сынып тақтасы
Кенжебеков Бораш Жоғары білімді маманның кәсіби құзыреттілігі - маман тұлғасының ішкі психологиялық қасиеттері мен күйлерінің, кәсіби
Дене тазалығы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕ ДӘРІГЕРЛІК
Тәрбие принциптері
Президенттік сынамалар
Ерте және мектеп жасына дейінгі, балалар дене тәрбиесінің негіздері
Қарт адамдардың тамақтануы
Пәндер