Экологиялық факторлар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ Ағза және орта Экология және тұрақты даму

Орындаған: Мырзақұлқызы Ақбота

Курсы :Бо-19к

Жетекші:Доскенова Б. Б

Петропавл 2020

Slide 2

Ағза

Ағза - француздың - organisme, латынша - organiso - құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.

Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар), отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.

Қысқаша алғанда, ағза-дара, индивидиум, «тірі дене».

Slide 3

Тіршілік ортасы

Тіршілік ортасы - ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі. Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді, тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады. Ағзалардың ортаға бейімделушілігі - адаптация деп аталады.

Slide 4

Экологиялық факторлар

Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы - экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.

Slide 5

Орта факторлары және олардың ағзаға әсері.

Негізгі абиотикалық факторды және ағзаның оған адаптациялануын қарастырайық.

Жарық. Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді.

Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет. Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.

Slide 6

Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:

Slide 7

Температура

Тіршілік үшін қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С-қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың нормадағы құрылысы және қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден тыс температура мөлшерінде де тіршілік ете алады:

1. Криофилдер - суықты қажет ететін түрлер.

2. Термофилдер - керісінше, жоғары температураны қажет етуші түрлер.

Slide 8

Температураға адаптациялану

Төменгі температураға:

1. Суыққа төзімсіздер. 2. Аязға төзімсіздер. 3. Мұзға төзімділер (аязға төзімділер) .

Жоғарғы температураға :

1. Салқынға төзімділер. 2. Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3. Ыстыққа төзімдіпрокариоттар.

Жануарлардың температураға адаптациялануы :

1. Химиялық терморегуляция. 2. Физикалық терморегуляция. 3. Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.

Slide 9

Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары:

Ылғалдылық. Су - барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.

Гидатофиттер - суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер.

Гидрофиты - құрлық -су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.

Гигрофиттер - құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.

Мезофиттер - аздаған және өте шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер.

Ксерофиттер - ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.

Суккуленттер - бойына шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды паренхималары мен түрлі органдарында жинау қабілеттері бар.

Slide 10

Қорытынды

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға қабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Slide 11

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлардың топтары
Биотикалық факторлар
БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОР
Ағзалар мен орта қарым-қатнасы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Жеке түр экологиясы - аутоэкология
Юстус фон Либихтің агрохимия ғылымына қосқан үлесі
ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ ФИТОЦЕНОЗДАРҒА ӘСЕРІ
Антропогендік əсер тигізетін көздерді бақылау
Қазақстан Республикасының ішкі экологиясының маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz